Алтын қор цифрлық ресурстары

auezovinstitute.kz
Тел.: 8 (727) 272 74 11 e-mail: info@litart.kz
logo
epub100

Электрондық ресурстардың каталогы

Мұхтар Омарханұлы Әуезов
5 томдық шығармалары (2022)

М.О. ӘУЕЗОВТІҢ БЕС ТОМДЫҚ ТАҢДАМАЛЫ ШЫҒАРМАЛАР ЖИНАҒЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

М.О. Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына орай оқырмандарға ұсынылып отырған бес томдық таңдамалы шығармалары қазіргі уақыттың рухани қажеттілігіне сай көркемдік эстетикалық талғам тұрғысынан таңдалып алынды. Ұрпақ ауысқан сайын өмірмен өзектес сананың да өзгеріп отыратынын ескерсек, көрнекті суреткер Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің шығармаларына деген жаңа толқынның да өз көзқарасы, көркемдік сұранысы бар. Бүгінгі тәуелсіз елдің ұрпақтарын кешегі кеңестік кезеңдегі саяси қоғамдық талапқа сай жазылған социалистік реализм бағытындағы арнайы тапсырыстармен жазылған, рухани тосқауыл, бақылау, шектеу қойылып отырған тақырыптағы шығармалары қызықтыра қоймасы анық. Жалпы адамзатқа ортақ өмір мен өлім арасындағы мәңгілік сауалдар, қай ғасыр, қай кезеңнің де адамдарын өзінше толғандырып отырған мазмұн-мәнін жоғалтпайтын мәңгілік мұра болып табылатын М. Әуезовтің классикалық көркем мәтіндері әр кезеңге лайықталып жарияланып отырылуы міндет екені де күмәнсіз.

ХХІ ғасыр – инновация заманы, заман көшінен қалмау үшін жаңа технологияларды жан-жақты меңгере отырып, М. Әуезовтің көркемдік құндылығы жоғары, әлемдік әдеби үрдіске енетін, туындыға қойылар шарт пен талапқа толығымен жауап беретін ең таңдаулы классикалық көркем шығармаларын жаңа заман талабына сай әлемдік әдеби кеңестікте кеңінен таратып, насихаттау, таныстыру да өзекті мәселе. Қазақ прозасы мен драматургиясын әлемдік биікке көтерген ұлы суреткердің мол мұрасы жиі жарияланып, оқырманға қолжетімді болғанда ғана ұлттық рухани құндылықтарды жаңаша танытудың бірден-бір жолы, көрсеткіші, негізгі бағыты болары сөзсіз. 

М.О. Әуезовтің таңдамалы классикалық туындыларын жариялаудағы басты мақсат – қазіргі заманғы ұлттық құндылықтардың жоғарғы жетістігі ретінде жас ұрпақты көркем әдебиетке қызықтыру. Адамзат ақыл-ойының биік жетістігі болып табылатын М. Әуезовтің көркем мәтіндері бүгінгі әдеби айналымға еніп, жас ғалымдарға, ізденушілерге, тарихшы, қоғамтанушы, әдебиетші мамандарға да қолжетімді болмақ.

М. Әуезовтің бүкіл дүниеге танымал «Абай жолы» роман-эпопеясы мен повестері («Қараш-қараш оқиғасы», «Қилы заман», «Көксерек», т.б.), классикалық әңгімелері («Қаралы сұлу», «Қорғансыздың күні», т.б.), драматургиялық шығармалары («Еңлік-Кебек», «Хан Кене», «Дос – бедел дос», т.б.) бес томдық таңдамалы шығармалар жинағына эстетикалық талғам тұрғысынан іріктеліп алынды, жазушы шығармаларының елу томдық толық жинағының негізінде әзірленді. Шығармалардың ең озық нұсқалары таңдалып, бұрынғы басылымдармен салыстырылып, редакциялық сарадан өткізілді.

Редакциялық алқа: Матыжанов К.І. (жауапты редакциясын басқарушы), Әуезов М., Қасқабасов С., Қонаев Д., Пірәлі Г., Қалиева А.Қ., Қыдыр Т.Е., Ахетов М.Қ. (жауапты шығарушы), Ханкей Е.

Пікір жазғандар: Ақыш Н.Б. – филология ғылымдарының докторы, әдебиеттанушы; Мұқан А.О. – өнертану кандидаты, театртанушы.

Әуезов М.О. Таңдамалы шығармалары. Бес томдық. … – Алматы: Brend book, 2022.

55

Бірінші том

«Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын жоғары деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетикалық талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқының, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан жан-жақты ашып көрсеткен. Қазақтың дана ұлы Абай образын, шығармалық және қайраткерлік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше даралықпен сомдаған.

Алматы, 2022

55

Екінші том

Үшінші том

Төртінші том

Бесінші том