Алтын қор цифрлық ресурстары

auezovinstitute.kz
Тел.: 8 (727) 272 74 11 e-mail: info@litart.kz
logo

Мұхтар Әуезовтің
мәдени мұрасы

ЭЛЕКТРОНДЫҚ КІТАПХАНА

Мұхтар Омарханұлы ӘУЕЗОВ
(1897–1961)

Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, публицист, академик, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері.

Әуезов шығармашылығын зерделеу және насихаттау

«Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасымен бірлесіп 2009 жылы шығарған «М.О.Әуезов шығармашылығы бойынша библиографиялық көрсеткіш» кітабында Қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті қайраткер, публицист және ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 1 роман-эпопеясы, 4 романы, 5 повесті, 25 әңгімесі, 16 очеркі,   32 пьеса, либретто мен сценарийлері, 11 аудармасы және 154 зерттеу еңбектері мен мақалалары көрсетілген. Сонымен қатар М.О.Әуезов жариялаған әдеби нұсқалар және оның қатысуымен шыққан 13 еңбекке, 6 сөйлеген сөздері мен баяндамаларына және 9 хаты мен өмірбаяндық материалына сілтеме беріледі.

2022 жылы қоғам және өнер қайраткері Мұхтар Омарханұлының 125 жылдық мерейтойы қарсаңында Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен 55 томдық академиялық жинағын жарыққа шығару қолға алынды.
Таңдамалы еңбекторы 5 том кітап болып жарық көрді.
Жазушы шығармаларының 20 томдық жинағы 1979-1985 жылдары «Жазушы» баспасынан жарық көрген еді. 
Мұхтар Әуезовтің 50 томдық шығармаларының толық жинағы 2014 жылы Әдебиет және өнер институтының әзірлеуімен кітап болып басылған.

55

Мұхтар Әуезов шығармаларының академиялық толық жинағы
55 томдық
Алматы, 2022

5

Мұхтар Әуезов
таңдамалы шығармалары
Бес томдық
Алматы, 2022

Мұхтар Әуезов
шығармаларының толық жинағы
50 томдық
Алматы, 2014

20

Мұхтар Әуезов
шығармалары
20 томдық
Алматы, 1979-1985

«Абай жолы» эпопеясы

«Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. 

«Абай жолы» роман-эпопеясы − өткен ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамы өмірінің алуан түрлі жақтарын терең ашқан, сол заманның бейне тұлғасын жан-жақты суреттеп берген, кең эпикалық пландағы шын мәніндегі энциклопедиялық туынды».
Профессор Зәки Ахметов

Аудио нұсқасы

qr
Бірінші кітап
qr
Екінші кітап
qr
Үшінші кітап
qr
Төртінші кітап

«Абай жолы» эпопеясы туралы 20 дерек

  • «Абай жолы» роман-эпопеясының алғашқы кітабы 1942 жылы жарық көрді.
  • Жазушы Абайды өмірінде бір-ақ рет, бес жасында көрген.
  • Мұхтар жазушы Абай бейнесін суреттегенде Достоевский мен Тургенев романдарын ескерген.
  • Шығармада Құнанбай Базаралыны итжеккенге айдатса, шын өмірде Базаралыны Абай айдатқан.
  • Әуезов романды үш кітап етіп жазып, «Телғара» деп атамақ болған.
  • Жазушы Абайдың өлеңдерінің сырларын, толғаныстарын романда ашып көрсеткен.
  • Жазушы кейбір оқиғаларды екі түрлі сарынмен жоспарлаған.
  • Эпопеяда Дәркембай, Иса, Сейіт секілді ойдан шығарылған кейіпкерлер бар.
  • Бұл кітаптар орыс тіліне аударылу барысында Мұхтар Әуезов тәржіма жұмысына өзі тікелей араласқан.
  • «Абай жолы» эпопеясында 17 мыңнан астам сөз бар.
  • Соңғы кітабын хатшыға айтып отырып тергізген.
  • Абай туралы көптеген деректерді Кәкітай Ысқақұлы берген.
  • Қодар мен Қамқа оқиғасы орын алғанда Абай өмірде болмаған немесе шақалақ сәби болған.
  • «Абай жолы» дүние жүзі әдебиетінің ең таңдаулы 200 томдығына енген.
  • Қырғыздың ұлы жазушысы Шыңғыс Айтматов «Абай жолын» жанынан тастамай алып жүрген.
  • «Абай жолы» кітабы 20 жыл жазылған.
  • Эпопеяның мәтінін Мұхтар Омарханұлы түгелдей қолмен жазып, машинкаға бірнеше рет бастырған.
  • КСРО кезіндегі қатаң цензура Абайды жақсы, Құнанбайды жаман етіп суреттеуді талап еткен. Артынан жазушы «Абай жолы» мүлдем жарыққа шықпай қалар деп, «Түсінетін халық аман болсын» деп келісім берген.

Әуезовтану

Мұхтартану — Әуезовтің өмірі мен шығармашылығын зерттейтін қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы. М.Әуезовтің шығармашылығы жайлы тұңғыш пікір «Сарыарқада» (1917ж. №2) «Талап азаматының», «Еңлік-Кебек» пьесасын алғаш рет қойылуы жайлы жазылған «Игілікті іс» хабары. Жазушының шығармалары 1921 жылдан бастап жариялана бастады да, көркемдік кесек болмысы көзі қарақты әдебиетшілердің назарын бірден өзіне аударады. «Еңлік-Кебек» пьесасы туралы «Еңбекші қазақ» газетінің (5.01.1927ж.), С.Мұқановтың «Тілші» (2.10.1925ж.), Мұстафаның «Еңбекші қазақ» (18.03.1928ж.), «Бәйбіше-тоқал» хақында, Даниалдың «Ақжол» (23.12.1923ж.), Смағұлдың «Еңбекші қазақ» (31.10.1926ж.) газеттерінде мақала, рецензиялары жарияланды.

jzlm

Анастасьев Н.А.
Мухтар Ауезов
из серии «ЖЗЛ»
Москва, 2006

bojeev

М.Бөжеев
Мұхтар Әуезов библиографиялық көрсеткіш
Алматы, 1966

2009

М.О.Әуезов шығармашылығы бойынша библиографиялық көрсеткіш
Алматы, 2009

mura

Мұхтар мұрасы
Ғылыми мақалалар мен зерттеулер
Алматы, 1997

bala

Ахмет Әуезов
Бала Мұхтар
Алматы, Жазушы.
1967.

Мұхтар Әуезов бейнесі бейнелеу, кино- және сурет өнерінде

book

Әуезов бейнесі көркем әдебиетте

Жазушының дара тұлғасын, бекзат болмысын, бүтін бітімін өздеріне тән суреткерлікпен бірнеше ақындарымыз жырлаған, небір суреткерлер прозасына арқау еткен.

muz

Әуезов және музыка

Мұхтар Әуезовтің бүкіл өмірі музыкамен тығыз байланыста болды, ол жайында жазды, өмір бойы сүйіп өтті. Жазушы бала кезінен музыкалық-поэтикалық ортада өсті.

teatr

Әуезов және театр

Әуезовтің драматург ретінде өнімді еңбек еткені белгілі. Оның туындылары театр сахналарынан жиі көрінеді.

video

Фильмография

Әуезов туындылары желісімен 7 көркем фильм түсірілген және оның өмірі туралы "Трагедия триумфатора" (2009) фильмі экранға шығарылды.

«Абай жолы» роман-эпопеясы: аудионұсқа

amanjan
audiobook