Алтын қор цифрлық ресурстары

Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты

Алтын қор
цифрлық ресурстары

E-кітап
10
АБАЙ: Қара сөз
10
сағат
10
«Абай жолы» аудиокітабы
сағат
10
«Путь Абая» аудиокітабы

«Қолжазба жəне фольклортану» ғылыми-инновациялық орталығы

koljazba

Орталықтың міндеті — қазақ қолжазбаларын заман талабына, қазіргі заманғы белгіленген мəртебесі мен маңызына сəйкес реставрациялау, консервациялау жəне олардың қолжазба мұра күйінде сақталуына, болашақ ұрпақтың пайдалануына жағдай жасау.

Қолжазба мұраларды ғылыми айналымға түсіру жəне оларды жүйелі жариялау арқылы жас ұрпақтың игілігіне жарату.

Институттың Қолжазбалар қорында және Орталық ғылыми кітапхана қорларында сақталған фольклорлық және музыкалық мұраларды электрондық нұсқаларға көшіру жұмысы атқарылуда. XX ғасырдың екінші жартысында жиналған музыкалық мұралар түгелімен СD-дискілерге көшірілді.

ЗЕРТТЕУЛЕР

Институт ғалымдары мен мамандары жүйелі зерттеулер жүргізіп, нәтижелері бойынша ғылыми еңбектерін жариялап отырады.

ҚОЛЖАЗБАЛАР

Қорда 1000-нан а​са қолжазбалар сақталуда және олар ғылыми айналымға түсіп, зерттеушілер үшін қол жетімді болып табылады.

БЕЙНЕ және АУДИО

Әдеби және мәдени экспедициялардың, ұйымдастырылған шаралардың бейне және аудиожазбасы да молынан сақталған.

Әуезов институтында әзірленген қазақ мәдениетінің ірі тұлғалары шығармаларының академиялық жинақтарының онлайн нұсқасы
altynqor

Көне жазбалармен жұмыс

Орталық қызметкерлері көне қолжазбаларды сақтау, қалпына келтіру және зерттеуші мен оқырманға қолайлы форматтарға көшірумен айналысады.

auez

Әуезов мұрасына иелік

Әдебиетіміздің классигі Мұхтар Омарханұлының бай мұрасын жүйелеу, талдау және насихаттауда қыруар шаралар жүзеге асуда.

Тарихи мұраны қалпына келтіру

«Алтын қорда» ескіше араб, төте жазу, латын және кирил әліпбиімен жазылған құнды материалдар сақталған.

«Бабалар сөзі» - 100 томдық

2014 жылы Франкфуртта өткен әлемдік кітап жәрмеңкесінде қазақ фольклорының 100-томдық «Бабалар сөзі» топтамасы әлем жұртшылығына таныстырылды. Оның 20 томы батырлар жырына, 13 томы тарихи жырларға арналған. Жетеуі діни, 13-і хикаялық дастандар. 8-і ғашықтық дастандар, 5-томы ертегілерден тұрады. Жинақта қазақ халқының ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасы, тарихы, мәдениеті, салт-санасы, философиясы, педагогикасы, өнері түгел қамтылған.

baba100
babasozmazmun

Әуезов институты Қолжазба және текстология бөлімінен, ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі К. Матыжановтың басшылығымен «Бабалар сөзі» жүзтомдығы: мазмұндалған анықтамалық» атты жинақ «Дарын» баспасынан шықты. 

Кітапты құрастырып, «Бабалар сөзі» жүзтомдығына енген фольклорлық шығармалардың мазмұнын жазғандар Т. Әлбеков, Қ. Алпысбаева, Ж. Рақыш. Жауапты шығарушы Н. Мүрсәлімова қосымшаларды дайындады.

2004-2013 жылдары «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында академик С. Қасқабасовтың басшылығымен «Бабалар сөзі» атты қазақ фольклорының жүзтомдық ғылыми басылымы жарияланған болатын. Анықтамалықта «Бабалар сөзі» жүзтомдығына енген фольклорлық мұралардың қысқаша мазмұны, жиналу, жариялану тарихы баяндалып, жинаушылар, жыршы-жеткізушілер мен жер-су атауларына қатысты мәліметтер берілген.

«Бабалар сөзі» жүзтомдығының мазмұндалған анықтамалығы фольклортанушы, әдебиеттанушы, мәдениеттанушы, дінтанушы ғалымдарға, жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, магистрлер мен PhD докторанттарға, сондай-ақ рухани құндылықтарға қызығушылық танытатын қалың оқырманға арналған.

«Алтын қор» материалдарының тізімі

kolj

Қолжазбалар

audio

Аудиоқор

video

Бейнеқор

Академиялық жинақтар

Соңғы жылдары институт ұжымы Қазақ руханияты көшбасшыларының еңбектерін жаңа көзқараспен зерттеп, зерделеп, ғылыми негізде қайта сүзіп, шығармаларының академиялық толық жинағын жүйелеуді және жариялауды қолға алды.

abai
Абай Құнанбайұлы
3 томдық шығармаларының академиялық толық жинағы

Алматы - 2020
ahmet
Ахмет Байтұрсынұлы
5 томдық шығармаларының академиялық толық жинағы

Алматы - 2022
jambyl
Жамбыл Жабаев
3 томдық шығармаларының академиялық толық жинағы

Алматы - 2021
Мағжан Жұмабаев
3 томдық шығармаларының академиялық толық жинағы
Алматы - 2023

М.О.ӘУЕЗОВТІҢ БЕС ТОМДЫҚ ТАҢДАМАЛЫ ШЫҒАРМАЛАР ЖИНАҒЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

М.О. Әуезовтің таңдамалы классикалық туындыларын жариялаудағы басты мақсат – қазіргі заманғы ұлттық құндылықтардың жоғарғы жетістігі ретінде жас ұрпақты көркем әдебиетке қызықтыру. Адамзат ақыл-ойының биік жетістігі болып табылатын М. Әуезовтің көркем мәтіндері бүгінгі әдеби айналымға еніп, жас ғалымдарға, ізденушілерге, тарихшы, қоғамтанушы, әдебиетші мамандарға да қолжетімді болмақ.

М. Әуезовтің бүкіл дүниеге танымал «Абай жолы» роман-эпопеясы мен повестері («Қараш-қараш оқиғасы», «Қилы заман», «Көксерек», т.б.), классикалық әңгімелері («Қаралы сұлу», «Қорғансыздың күні», т.б.), драматургиялық шығармалары («Еңлік-Кебек», «Хан Кене», «Дос – бедел дос», т.б.) бес томдық таңдамалы шығармалар жинағына эстетикалық талғам тұрғысынан іріктеліп алынды, жазушы шығармаларының елу томдық толық жинағының негізінде әзірленді. Шығармалардың ең озық нұсқалары таңдалып, бұрынғы басылымдармен салыстырылып, редакциялық сарадан өткізілді.

Редакциялық алқа: Матыжанов К.І. (жауапты редакциясын басқарушы), Әуезов М., Қасқабасов С., Қонаев Д., Пірәлі Г., Қалиева А.Қ., Қыдыр Т.Е., Ахетов М.Қ. (жауапты шығарушы), Ханкей Е.

Пікір жазғандар: Ақыш Н.Б. – филология ғылымдарының докторы, әдебиеттанушы; Мұқан А.О. – өнертану кандидаты, театртанушы.

auezov5t

Әуезов М.О. Таңдамалы шығармалары. Бес томдық. … – Алматы: Brend book, 2022.

Қорды толықтырған бабалар мұрасы

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба қоры араб, парсы һәм түркі әдеби (шағатай) тілдеріндегі құнды қолжазбалар және тасбаспалармен толықты. Бабалар мұрасын қорға өткізген Тұрсынхан ағамызға алғыс айтамыз. Көнеден жеткен жәдігерлер бұйыртса, зерттеу нысанына алынатын болады. Он беске тарта бұл көне кітаптар Айқожа ишанның ең кіші баласы Іскендірдің ұлы Әбдіғаппарға тиесілі болған.

Соңғы жарық көрген кітаптар