Қазақ ертегілері — халықтың ғасырлар бойы жинақталған даналығын, дүниетанымын, асыл құндылықтарын жеткізетін тәрбие құралы. Олар балаларды мейірімділікке, әділдікке, тапқырлыққа баулып, адамгершілік қасиеттерді дәріптейді, тіл байлығын арттырады және ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрді санаға сіңіреді.
Қазақ ертегілері жай ғана әңгіме емес, ол — ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан рухани мұра.
Әуезов институтының Алтын қорында әр жылдары жинақталған қазақ ертегілерінің үлкен топтамасы сақталған. Солардың бірнешеуін оқырман назарына ұсынып отырмыз.