Алтын қор цифрлық ресурстары

auezovinstitute.kz
Тел.: 8 (727) 272 74 11 e-mail: info@litart.kz
logo

Ахмет Байтұрсынұлының
мәдени мұрасы

ЭЛЕКТРОНДЫҚ КІТАПХАНА

Ахмет Байтұрсынұлы
(1872–1937)

Мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі, ақын, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы.

Baitursynuly

Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ
шығармаларының академиялық
толық жинағы

Әуезов институты басшылығының ұйымдастыруымен 2022 жылы «Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларының академиялық толық жинағы» 5 том кітап болып жарық көрді.

ahmet01

Бірінші кітап

Жинақтың бірінші томына А. Байтұрсынұлының «Қырық мысал», «Маса» кітаптарымен қатар «Ер Сайын», «23 жоқтау» жинақтары топтастырылған. 

– Алматы: Brand Book, 2022. – 772 б.

ahmet02

Екінші кітап

Томға А. Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» мақаласы
мен «Әдебиет танытқыш» атты еңбегі және «Оқу құралы», «Сауат ашқыш» және «Әліппе. Жаңа құрал» атты төрт
оқулығы берілді.
– Алматы: Brand Book, 2022. – 876 б.

ahmet03

Үшінші кітап

Томға ғалымның Т. Шонанұлымен бірге жазған, орта мектептің 3-4 жылдық оқу бағдарламасына арналған «Оқу құралы» (1927) енгізілді.

– Алматы: Brand Book, 2022. – 784 б.

ahmet02

Төртінші кітап

Жинақтың төртінші томына ғалымның «Тіл – құрал» оқулықтары, «Тіл – жұмсар» мен «Баяншы» әдістемелік құралы енгізілді.
– Алматы: Brand Book, 2022. – 744 б.

ahmet05

Бесінші кітап

Академиялық жинақтың бесінші томында ғалымның мақалалары, мұрағат құжаттары, фотосуреттері топтастырылған.


– Алматы: Brand Book, 2022. – 780 б.

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ. Энциклопедия.

Энциклопедияға ғалымның өмірбаян деректері, қайраткерлік қызметі, ғылыми жəне əдеби, публицистикалық мұралары жөніндегі мақалалар енгізілген. Сонымен бірге ол туралыжазылған еңбектер мен олардың авторларыжөнінде де мəліметтер берілген.

– Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2017. – 744 бет.