Әдебиет және өнер институты басшылығының ұйымдастыруымен 2020 жылы «Абай шығармаларының академиялық толық жинағы» 3 том кітап болып жарық көрді.
Жаңа академиялық жинақты әзірлеуге ҰҒА академиктері: С.Қирабаев, С.Қасқабасов, ҰҒА корреспондент-мүшесі К.Матыжанов, филология ғылымдарының докторлары: М.Мырзахметов, Т.Жұртбай, Қ.Мәдібаева, филология ғылымдарының кандидаттары: Т.Шапай, С.Қорабай, П.Әуесбаева, Т.Қыдыр, жас мамандар Б.Тұрсынбайұлы, А.Жұматаевалар қатысты.
Энциклопедияға жинақталған материалдарда ақынның төл шығармалары мен аударма туындыларына, қара сөздері мен тарихи-зерттеу мақалаларына жан-жақты талдау жасалған. Ұлы ойшылдың философиялық, әлеуметтік, діни, психологиялық, педагогикалық, экономикалық, этикалық, эстетикалық көзқарастары мен дүниетанымына кең орын берілген. Абайдың өмір жолы мен ортасы, ұстаздары мен шәкірттері, ата-тегі, кейінгі ұрпақтары, шығармаларында аталатын жер-су атаулары мен есімдер туралы мағлұматтар да мол. Энциклопедияда ақын шығармалары тақырыбында күрделі зерттеулер жүргізген ғалымдар, оның өлеңдерін аударған шетелдіктер туралы да деректер бар. Ақынның әр жылдары жарық көрген басылымдары мен Абай туралы жеке ғылыми-зерттеу еңбектеріне қысқаша анықтама берілген. Кітапты әзірлеуге Қазақстан ғалымдары мен көрнекті абайтанушылар, шетелдік авторлар тартылған.
Абайтану — Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық өнері, философиясы, қоғамдық, эстететикалық көзқарастары, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайлы сан-салалы зерттеу еңбектерін қамтиды. Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу шын мәнінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы мақалаларынан басталды деуге болады.

Абай великий казахский поэт
Алматы, 1945

Абай Құнанбаев
Мақалалар мен
зерттеулер
Алматы, 1967

Исторические
основы
эпопеи
«Путь Абая»
Алматы, 1969

Абай
(из серии ЖЗЛ)
Москва, 2008

Абай
Самғау салмағы
(Ауд. Ж.Ысмағұлов)
Астана, 2010

Сын-биографиялық материалдар, өлеңдер және библиография Алматы, 1940

Библиографиялық көрсеткіш (1995-2006) Алматы, 2007

Абайтанудан жарияланбаған материалдар
Алматы, 1988

Жинақты құрастырып, баспаға әзірлеген Сапар Байжанов.
Алматы, 1995

Әл-Фараби
және Абай
Алматы, 1994