Әдебиет және өнер институты басшылығының ұйымдастыруымен 2025 жылы «Абай шығармаларының академиялық толық жинағы» 3 том кітап болып жарық көрді.
Екінші кітап
Абай. Шығармаларының академиялық толық жинағы. Үш томдық. Екінші том (томды құрастырып, баспаға дайындағандар: Қыдыр Т. Е., Шүкіман Е. Т., Жұматаева А. Н., Тұрсынбайұлы Б.). – Алматы: Атамұра, 2025. – 496 бет.
Үшінші кітап
Абай. Шығармаларының академиялық толық жинағы. Үш томдық. Үшінші том (томды құрасты-рып, баспаға дайындағандар: Матыжанов К. І., Қорабай С. С., Қыдыр Т. Е., Әуесбаева П. Т., Жұматаева А. Н.). – Алматы: Атамұра, 2025. – 400 бет.
Академиялық жинақты әзірлеу барысында мәтіндерге текстологиялық салыстырулар жасап, ғылыми түсініктерді сараптап өткізуге филология ғылымдарының докторы, ҰҒА академигі К.Матыжанов, филология ғылымдарының докторы Қ.Мәдібаева, филология ғылымдарының кандидаттары: Т.Шапай, П.Әуесбаева, Т.Қыдыр, магистрлер: Б.Тұрсынбайұлы, А.Жұматаева, Н.Мағазбеков қатысты. Екінші томға енген қара сөздер мен басқа да прозалық шығармаларды жинаққа әзірлегендер — филология ғылымдарының кандидаттары: С.Қорабай мен Т.Қыдыр. Қолжазбалардың толық сипаттамасын жасап, 1909 жылғы жинақты қазіргі қазақ емлесіне түсірген, шығармалардағы араб-парсы сөздері мен діни терминдерге түсінік беріп, баспаға әзірлегендер — Т.Қыдыр мен П.Әуесбаева. Шығармалардың әліпбилік және есімдер көрсеткішін, пайдаланылған әдебиеттер тізімін А.Жұматаева мен Н.Мағазбеков жасады.
Энциклопедияға жинақталған материалдарда ақынның төл шығармалары мен аударма туындыларына, қара сөздері мен тарихи-зерттеу мақалаларына жан-жақты талдау жасалған. Ұлы ойшылдың философиялық, әлеуметтік, діни, психологиялық, педагогикалық, экономикалық, этикалық, эстетикалық көзқарастары мен дүниетанымына кең орын берілген. Абайдың өмір жолы мен ортасы, ұстаздары мен шәкірттері, ата-тегі, кейінгі ұрпақтары, шығармаларында аталатын жер-су атаулары мен есімдер туралы мағлұматтар да мол. Энциклопедияда ақын шығармалары тақырыбында күрделі зерттеулер жүргізген ғалымдар, оның өлеңдерін аударған шетелдіктер туралы да деректер бар. Ақынның әр жылдары жарық көрген басылымдары мен Абай туралы жеке ғылыми-зерттеу еңбектеріне қысқаша анықтама берілген. Кітапты әзірлеуге Қазақстан ғалымдары мен көрнекті абайтанушылар, шетелдік авторлар тартылған.
Абайтану — Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық өнері, философиясы, қоғамдық, эстететикалық көзқарастары, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайлы сан-салалы зерттеу еңбектерін қамтиды. Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу шын мәнінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы мақалаларынан басталды деуге болады.

Абай великий казахский поэт
Алматы, 1945

Абай Құнанбаев
Мақалалар мен
зерттеулер
Алматы, 1967

Исторические
основы
эпопеи
«Путь Абая»
Алматы, 1969

Абай
(из серии ЖЗЛ)
Москва, 2008

Абай
Самғау салмағы
(Ауд. Ж.Ысмағұлов)
Астана, 2010

Сын-биографиялық материалдар, өлеңдер және библиография Алматы, 1940

Библиографиялық көрсеткіш (1995-2006) Алматы, 2007

Абайтанудан жарияланбаған материалдар
Алматы, 1988

Жинақты құрастырып, баспаға әзірлеген Сапар Байжанов.
Алматы, 1995

Әл-Фараби
және Абай
Алматы, 1994