Алтын қор цифрлық ресурстары

Алтын қордағы батырлық жырлар

Жырлардың қолжазба нұсқалары

Әуезов институтының Алтын қорында әр жылдары жинақталған батырлық жырлардың үлкен топтамасы сақталған. Мамандар оны өңдеп, бір ізге түсіріп, талапқа сай жариялаумен жүйелі түрде айналысады. Ғалымдар мен зерттеушілер олардың ерекшеліктеріне баға беріп, ғылыми айналымға түсіреді. Осы құнды нұсқалардың негізінде көпшілікке арналған баспа кітаптары мен жинақтары жарыққа шығып жатады, халық иігілігіне жаратылады. Бұл кейінгі ұрпақ үшін де бағалы мұра, сарқылмас қазына болып табылады. 

alpan
Фольклор жауһарлары

Қазақ фольклорында орны айрықша жырлар Алпамыс, Қамбар мен Қобыланды батырлардың өмірі мен ерліктеріне арналған. Бұлар халық арасында кең тараған, танымал жыр-дастандар болғандықтан нұсқалары да көп. Негізгі желісі мен арқауы бір болғанымен, ішінара өзгешеліктері мен иірімдері кездеседі. Сондықтан да олардың әрқайсысын жіті қарап, салыстыру, қалай өрбігендігіне ғылыми баға беру, сараптау маңызды.

Төменде осы қолжазбалардың бір тобын үлгі ретінде ұсынып отырмыз. Олар алғаш рет цифрлы форматта жарияланып отыр.