Алтын қор цифрлық ресурстары

Әуезов институтының цифрлық кітапханасы


Көркем әдебиет: шығармашылық тұлға және психологизм

ҚАЛИЕВА Альмира Қайыртайқызы

Көркем әдебиет: шығармашылық тұлға және психологизм:
Монография. -Алматы: ЖК «Сейітжанова Ж.Д.», 2012. – 200 бет.


ISBN 978-601-06-2251-7

Кітапта көркем психологизмнің өнер адамын сомдаудағы белсенді амал-тәсілдер зерделенеді. Қазақ әдебиетіндегі Мұхтар Әуезов бейнесі негізінде тарихи әрі шығармашылық тұлғаны бейнелеудің өзіндік ерекшеліктері, деректілік және психологизм, түптұлға мен жанр арақатынасы мәселелері жан-жақты қарастырылған. Сонымен бірге М.Әуезов пен И.Буниннің көркем туындылары мысалында автор шығармашылық тұлғасының көрініс табуы, автобиографизм, псевдобиографизм, лиризм және психологизм сияқты мәнді аспектілері бойынша да теориялық талдаулар жүргізілген. Зерттеу еңбегі шығармашылық тұлға категориясына байланысты пәнаралық мол мағлұматтарды қамтиды.

Монография ЖОО-ның филолог студенттеріне, магистранттар мен PhD докторанттарға, оқытушылар мен әдебиеттанушыларға және жалпы әдебиет сүйер қауымға арналады.