ҚАСҚАБАСОВ Сейіт Асқарұлы
Елзерде: Әр жылғы зерттеулер. —Алматы: «Жібек жолы», 2008. — 504 б.
ISBN 9965-759-82-0
Кітапта белгілі фольклортанушы-ғалым ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Сейіт Асқарұлы Қасқабасовтың қазақ фольклоры мен әдебиет мәселелері туралы әр жылдары жазылған ең таңдаулы зерттеулері топтастырылған. Олар фольклорды зерттеумен шұғылданатын мамандар тарапынан үлкен сұранысқа ие болғандықтан және қазіргі таңда қолға оңай түсе қоймайтындықтан бір кітап түрінде жарияланып отыр.
Зерттеулер мен мақалалар жарыққа шыққан мезгіліне қарай орналастырылған және оқуға ыңғайлы болу үшін қазақ тілі мен орыс тілінде жазылғандары жеке-жеке берілген. Кітап ұлттық фольклорымызды жинап, зерделеп жүрген оқымыстыларға, сондай-ақ, халқымыздың рухани мәдениетін сүйетін, оның тарихын білгісі келетін қауымға арналады.