Басты бет
Каталог
Ұйымдар
Кері байланыс
qazqoljazhba

Қазақ қолжазбаларының ұлттық тізілімі

∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞

Қазақ қолжазбаларының қор иелері

Абай музейі (Семей қаласы)

Қысқа сипаттамасы. Келесі сілтеме мекеменің қолжазбалары туралы ақпаратқа ауысады.

сілтеме немесе логотип

Әуезов институты

Қорда 1000-нан аса қолжазбалар сақталуда және олар ғылыми айналымға түсіп, зерттеушілер үшін қол жетімді болып табылады.

ҚР Орталық ғылыми кітапханасы

Қорда 1000-нан аса қолжазбалар сақталуда.

сілтеме немесе логотип

ҚР Ұлттық кітапханасы

Қорда 1000-нан аса қолжазбалар сақталуда.

сілтеме немесе логотип

Қолжазбалар жəне сирек кітаптар ұлттық орталығы

2000-ға жуық қорды жинақтаған. Қазақ халқы мəдениетінің, түркі тілдес басқа халықтардың жазба əдебиеті мен кітап мəдениетінің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан ойшылдардың, даналардың, ғалымдардың жəне т.б авторлардың ХІХ-ХХ ғғ. жарық көрген араб, парсы, түркі (шағатай, көне өзбек, татар) тілдеріндегі 300-ден астам сирек мұралары сақтаулы. Сонымен қатар, ХХ ғ. басылып шыққан төте жазудағы, латын графикасындағы кітаптар, қазақ ағартушылары мен ғалымдарының еңбектері, батыс жəне орыс зерттеушілерінің еңбектері, І Петр мен ІІ Екатеринаның кезіндегі 1649 жылдан басталатын Ресей империясының заңдар жинағы, 1890 жылдан басталатын Ақмола, Торғай, Сырдария, Орал, Семей облысы, Жетісу өңірі бойынша ауыл шаруашылығы, демография, мал шаруашылығы т.б. саланы қамтитын статистикалық шолулар, шағын кітаптар коллекциясы жəне көне сөздіктер мен энциклопедиялар бар.

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

«Мұғали бала» ертегісі

1. Реестрдің идентификаторы

ҚАЗ119

2. Қолжазбаның атауы
(түпнұсқалық атауы)

 مۇعالي بالا / Мұғали бала.

3. Авторы (Айтушы)

Белгісіз.

4. Жинаушы, тапсырушы:

Нұрмағамбетова Жәмилә.

5. Қашан, қайда жазылған
(қорға түсуі, экспедициясы)

1936 жылы жазылып, 1948 жылы қорға түскен.

5. Қашан, қайда жазылған
(қорға түсуі, экспедициясы)

1936 жылы жазылып, 1948 жылы қорға түскен.

6. Мекеме (қор иесі)

Орталық ғылыми кітапхана.

7. Шифры

Қ 43, 1-дәптер.

8. Бет, жол саны, өлшемі

5 парақ, 10 бет. 21 х 15, 19 х 13.

9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы

Түзу жолды дәптерге көк сиямен жазылған.

10. Қолжазба графикасы

Араб әрпінде.

11. Жанры

Ертегі.

12. Қысқаша мазмұны

Ақжал деген байдың Мұғали атты баласының қайын жұртын қалмақтар шауып, қалыңдығын алып кетеді. Оны естіген Мұғали қуып барып қалмақтармен жалғыз өзі соғысып қызды алып қашады. Қалмақтың ханы қуып жетіп, баламен алысқанда қыз қалмаққа болысады. Мұғалидың құмай тазысы қалмақтың кеңірдегін қиып жіберіп өлтіреді. Қызды опасыздық жасадың деп әкеліп байлап тастайды. Мұғали аң аулап жүріп бір кемпірдің үйіне келіп түседі. Кемпір өзінің бір ханның қызы болғанын, опасыз күйеуі бір қызбен жүргенін көріп екеуін де өлтіріп, содан күйеуге тимей соның қайғысымен өмірі өткенін баяндайды. Қызды босаттырып, балдызын алдыруға көндіреді.

13. Басы:

Баяғыда бір Ақжал деген бай болыпты.

14. Соңы:

Үйіне келіп балдызын алып, қалыңдығын өз лұқсатымен  тұтқыннан босаттырып, төрт кісі аттарын беріп босаттырыпты.

15. Қосымша мәлімет

1-бетінде Тіл және әдебиет институтының төрт бұрышты мөрі бар. Мәтін әр бетке толық орналасқан.

16. Сандық көшірменің болуы

бар

17. Сипаттаманы дайындаған:

қазақ