Қаныш Сәтбаев — Қазақстанның индустриялық-ғылыми қуатын қалыптастырған ұлттық көрнекті тұлға
«Үлкен Жезқазған» кен орнын ашуы
Сәтбаев Жезқазған өңіріндегі мыс кенін зерттеп, оның әлемдегі ең ірі қорлардың бірі екенін ғылыми түрде дәлелдеді. Оның табандылығының арқасында өңірде ірі мыс қорыту комбинаты салынды.
Қазақстан Ғылым академиясын құруы
1946 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырып, оның тұңғыш президенті болды. Ол еліміздің барлық ғылым салаларын бір орталыққа біріктіріп, кадрлар даярлау ісіне зор үлес қосты.
Металлогения мектебінің негізін салуы
Ғалым пайдалы қазбалардың қай жерде орналасқанын алдын ала болжайтын кешенді металлогениялық карталар жасау әдісін енгізді. Бұл әлемдік геология ғылымындағы үлкен жаңалық болды.
ЖЕР ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ
Академиялық басылымның бірінші томына Қ.И. Сәтбаевтың 1923- 1963 жылдар аралығында жарық көрген еңбектері жинақталған. Қазақстанның табиғи байлықтары және қазақ халқының ғылымы мен мәдениетін дамыту жайлы жазылған әр жылдардағы ғылыми мақалалары сол кездердегі басылымдардан өзгертілмей алынды. Ғалымның 1920-1930 жж. төте жазумен және латын әліпбиімен берілген мақалалары алғаш рет кириллицаға көшірілді.
1927-1928 жылдар
1935-1936 жылдар
1937-1940 жылдар
1941-1943 жылдар
1947-1958 жылдар
1961-1963 жылдар
Қаныш Сәтбаев ашқан басты кен орындары
Жезқазған-Ұлытау: мыс, көмір, темір, марганец
Қарсақбай, Қияқты, Байқоңыр: көмір
Жезді: марганец
Атасу бассейні: қорғасын, барит, марганец
Қаратау: фосфориттер
Маңғышлақ түбегі: мұнай және басқалар
ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ
Академиялық басылымның бірінші томына Қ.И. Сәтбаевтың 1923- 1963 жылдар аралығында жарық көрген еңбектері жинақталған. Қазақстанның табиғи байлықтары және қазақ халқының ғылымы мен мәдениетін дамыту жайлы жазылған әр жылдардағы ғылыми мақалалары сол кездердегі басылымдардан өзгертілмей алынды. Ғалымның 1920-1930 жж. төте жазумен және латын әліпбиімен берілген мақалалары алғаш рет кириллицаға көшірілді.
1920-1927 жылдар
1941-1944 жылдар
1945-1949 жылдар
1950-1955 жылдар
1956-1959 жылдар
1960-1965 жылдар
Қазақтың жер қойнауындағы құнды минералдар
Қаныш Сәтбаев — Қазақстанның минералды байлығын ұлттық қазынаға, ал ғылымын елдің негізгі қозғаушы күшіне айналдырған стратег
Соғыс жылдарындағы стратегиялық еңбегі
Ұлы Отан соғысы уақытында Сәтбаевтың жетекшілігімен Жезді марганец кен орны өте қысқа мерзімде (38 күнде) іске қосылды. Бұл КСРО-ның танк бронын жасауға қажетті марганец тапшылығын жойып, Жеңіске айтарлықтай үлес қосты.
Сарыарқаны суландыру жобасы
Орталық Қазақстанның өнеркәсіптік аймақтарын сумен қамтамасыз ету үшін Ертіс өзенінің суын бұру идеясын ұсынды. Ертіс-Қарағанды каналы бүгінде Қарағанды мен Астана аймағы үшін стратегиялық маңызға ие.
Сан қырлы мәдени мұрасы
Ол қазақ мәдениеті мен руханиятына өлшеусіз үлес қосты, ұлттық кодты ғылыми деңгейде сақтау мен насихаттаудың жарқын үлгісін көрсетті. Қазақ тілін байытып, ғылыми терминологияны қалыптастырды. Қазақтың бай фольклорын, музыкасын, өнерін әлемдік сахнаға шығарды.
Қаныш Сәтбаев — Қазақстанның минералды байлығын ұлттық қазынаға, ал ғылымын елдің негізгі қозғаушы күшіне айналдырған стратег