Алтын қор цифрлық ресурстары

Қаныш Сәтбаевтың
мәдени мұрасы

ОНЛАЙН КІТАПХАНА

pink

Қаныш Имантайұлы СӘТБАЕВ
(1899–1964)

Аса көрнекті геолог-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, ғылым ұйымдастырушысы, минералогия ғылымдарының докторы, профессор, академик

AkadBaslm

Қаныш Имантайұлы СӘТБАЕВ

Шығармаларының академиялық толық жинағы. 

Бестомдық / Құрастырып, баспаға дайындаған: Матыжанов К.І., Қалиева А.Қ., Ананьева С.В., Қалиасқарова А.Т. (жауапты шығарушы), Мағазбеков Н.Ж., Әмірбаева Ш.М.

– Алматы: Атамұра, 2024.

Сәтбаев
Қаныш Сәтбаев

шығармаларының академиялық толық жинағы

Сәтбаев Қаныш

Қаныш Сәтбаев шығармаларының академиялық толық жинағы
Бірінші том
Алматы, 2025

Сәтбаев Қаныш

Қаныш Сәтбаев шығармаларының академиялық толық жинағы
Екінші том
Алматы, 2025

Сәтбаев Қаныш

Қаныш Сәтбаев шығармаларының академиялық толық жинағы
Үшінші том
Алматы, 2025

Сәтбаев Қаныш

Қаныш Сәтбаев шығармаларының академиялық толық жинағы
Төртінші том
Алматы, 2025

Сәтбаев Қаныш

Қаныш Сәтбаев шығармаларының академиялық толық жинағы
Бесінші том
Алматы, 2025

Бірінші том

Қаныш Сәтбаев. Шығармаларының академиялық толық жинағы. 

Бестомдық. 1 том / Томды құрастырып, баспаға дайындаған: Матыжанов К.І., Қалиева А.Қ., Ананьева С.В., Қалиасқарова А.Т. (жауапты шығарушы), Мағазбеков Н.Ж., Әмірбаева Ш.М.

– Алматы: Атамұра, 2024. – 708 б.

Кітаптың сипаттамасы

Академиялық басылымның бірінші томына академик Қ.И. Сәтбаевтың 1923- 1963 жылдар аралығында жарық көрген еңбектері жинақталған. Том «Жер туралы ғылым» және «Ғылым, білім және мәдениет» деген екі бөлімнен тұрады. Қазақстанның табиғи байлықтары және қазақ халқының ғылымы мен мәдениетін дамыту жайлы жазылған әр жылдардағы ғылыми мақалалары сол кездердегі басылымдардан өзгертілмей алынды. Қаныш шығармаларының академиялық толық жинағына ғалымның 1920-1930 жж. төте жазумен және латын әліпбиімен берілген мақалалары алғаш рет кириллицаға көшірілді.

Кітап Қазақстанның техникалық университеттерінің студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына және жалпы оқырман қауымға арналған.

Кітаптың сипаттамасы

Екінші томда академик Қ.И. Сәтбаевтың 1927-1941 жылдардағы еңбектері ұсынылған. Том екі бөлімнен тұрады – «Жер туралы ғылым» және «Ғылым, білім және мәдениет». Осы жылдар ішінде инженер-геолог Қ.И.Сәтбаев «Атбасцветмет» трестінің геология бөлімінің бастығы (1926-1929), Қарсақпай комбинатының геологиялық барлау бөлімінің бастығы (1929-1940) болып журнал, газет, ғылыми жинақтарда мақалалар жариялап, жиналыстар мен съездерде баяндамалар жасады.

Қ.И. Сәтбаевтың белсенді мемлекеттік, қоғамдық және ғылыми қызметі Қазақстан республикасында өнеркәсіп пен ғылымның қалыптасуы мен дамуына үлес қосты.

Екінші том

Қаныш Сәтбаев. Шығармаларының академиялық толық жинағы. 

Бестомдық. 2 том / Томды құрастырып, баспаға дайындаған: Матыжанов К.І., Қалиева А.Қ., Ананьева С.В., Қалиасқарова А.Т. (жауапты шығарушы), Мағазбеков Н.Ж., Әмірбаева Ш.М.

– Алматы: Атамұра, 2024. – 708 б.

Үшінші том

Қаныш Сәтбаев. Шығармаларының академиялық толық жинағы. 

Бестомдық. 3 том / Томды құрастырып, баспаға дайындаған: Матыжанов К.І., Қалиева А.Қ., Ананьева С.В., Қалиасқарова А.Т. (жауапты шығарушы), Мағазбеков Н.Ж., Әмірбаева Ш.М.

– Алматы: Атамұра, 2024. – 708 б.

Кітаптың сипаттамасы

Үшінші томда академик Қ.И. Сәтбаевтің 1942-1949 жылдардағы еңбектері жинақталған. Том екі бөлімнен тұрады – «Жер туралы ғылым» және «Ғылым, білім және мәдениет». Осы жылдар ішінде Қ.И. Сәтбаев өзін Қазақстан ғылымының ірі ұйымдастырушысы ретінде көрсетті (1941 жылдан бастап КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалын басқарды), монографиялық еңбектер жариялады, журналдарда, газеттерде, ғылыми жинақтарда мақалалар жариялады, жиналыстар мен съездерде баяндама жасады. Бұл томдағы көптеген еңбектердің тақырыбы да Ұлы
Отан соғысымен байланысты. Қ.И. Сәтбаевтің белсенді мемлекеттік, қоғамдық және ғылыми қызметі Қазақстан Республикасында өнеркәсіп пен ғылымның қалыптасуы мен дамуына зор септігін тигізді.

Кітаптың сипаттамасы

Төртінші томда академик Қ.И. Сәтбаевтың 1950-1957 жылдардағы еңбектері ұсынылып отыр. Том «Жер туралы ғылым» және «Ғылым, білім және мәдениет» деген екі бөлімнен тұрады. Осы жылдары Қ.И. Сәтбаев Ғылым Академиясының президенті ретінде (1946 жылдан бастап) журналдарда, газеттерде, ғылыми жинақтарда мақалалар жариялады, жиналыстар мен съездерде сөз сөйледі. 1950 жылдардың ортасында Қ.И. Сәтбаев табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды зерттеуді бастайды.

Ғылыми институттарды тың жерлерді игеруге жұмылдырғаны үшін Қ.И. Сәтбаев Ленин орденімен марапатталды. Қ.И. Сәтбаевтың белсенді мемлекеттік, қоғамдық және ғылыми қызметі Қазақстанның өнеркәсібі мен ғылымының қалыптасуы мен дамуына ықпал етті.

Төртінші том

Қаныш Сәтбаев. Шығармаларының академиялық толық жинағы. 

Бестомдық. 3 том / Томды құрастырып, баспаға дайындаған: Матыжанов К.І., Қалиева А.Қ., Ананьева С.В., Қалиасқарова А.Т. (жауапты шығарушы), Мағазбеков Н.Ж., Әмірбаева Ш.М.

– Алматы: Атамұра, 2024. – 708 б.

Бесінші том

Қаныш Сәтбаев. Шығармаларының академиялық толық жинағы. 

Бестомдық. 5 том / Томды құрастырып, баспаға дайындаған: Матыжанов К.І., Қалиева А.Қ., Ананьева С.В., Қалиасқарова А.Т. (жауапты шығарушы), Мағазбеков Н.Ж., Әмірбаева Ш.М.

– Алматы: Атамұра, 2024. – 708 б.

Кітаптың сипаттамасы

Бесінші томға 1958-1963 жылдардағы басылымдар мен баяндамалар кірді. Осы кезеңде академик Қ.И. Сәтбаев Қазақ КСР Ғылым Академиясының Президенті болды. «Жер туралы ғылым» атты бірінші бөлімдегі жарияланымдар геология мен ҚазКСР Ғылым Академиясының осы ғылыми білім саласындағы жұмыстарына арналған. «Ғылым, білім және мәдениет» атты екінші бөлім көрнекті ғалым, ғылым ұйымдастырушысы, мемлекет және қоғам қайраткерінің белсенді қызметіне арналған. Қ.И.Сәтбаевтың көп қырлылығы мен ірі тұлғасы газет-журнал, ғылыми жинақтардағы мақалалар, сессиялар, кеңестер мен съездердегі баяндамалары арқылы көрініс табады.

«Қаныш. Қазына» телехикаясы, 1-бөлім

Телехикаяның негізгі сюжеттік желісі – геолог-ғалым, инженер, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен еңбек жолына негізделген. 

Телехикая – ұлы тұлғаның бізге беймәлім қырларын кеңінен ашатын сан қилы оқиғалар желісінен тұрады. Телехикаяда XX ғасырдағы қазақ жұртының қилы тағдыры, арманы, мақсат-мүддесі, мемлекеттік биіктерге, соның ішінде индустрияландыру ісін шетелдерден тәуелсіз етіп, өз жерімізде қарқынды жүргізуге және кен өндірісін игеруге қарай басқан қадамдары көрсетіледі. Қазақ даласындағы саяси қарым-қатынас, достық, сатқындық, мүдделер қақтығысы, қым-қуыт оқиғалар, ұлттық тұтастық – телехикаяның негізгі өзегі.

kanyshgold