• (727) 272 74 11
  • info@litart.kz

    Книги

     

     

     

     

     

     

     

    НОВЕЙШАЯ ЗАРУБЕЖНАЯ ЛИТЕРАТУРА 

     

    Алматы: «Жибек жолы» 2011. - 584 с.

     

     

     

     

    В коллективной монографии «Новейшая зарубежная литература» представлен разножанровый и тематически богатый литературный процесс последних десятилетий. В книге рассмотрены основные тенденции развития литератур Востока и Запада рубежа ХХ-ХХI столетий, подведены предварительные литературные итоги. Раскрыто своеобразие литератур дальнего (румынской, немецкой, французской, испанской, английской, болгарской, корейской, словацкой, американской, египетской) и ближнего (русской, украинской, молдавской, кыргызской, азербайджанской) зарубежья. Авторами монографии являются казахстанские и зарубежные ученые.
    Книга адресована филологам-литературоведам, специалистам гуманитарных наук и широкому кругу читателей.

     

     

     

     

     

    ҚАСҚАБАСОВ С.А.

     

                               ЖАМБЫЛ

     

     

     

    Алматы:  2011. – 82 бет.

     

     

     

     

     

     

       Бұл кітапшаға академик С.А.Қасқабасовтың даңғыл жырау, талмас айтыскер, майталман ақын Жамбыл Жабаев жайындағы әр кезеңдерде жазылған мақалалары мен сұхбаттары топтастырылды. Мұнда ғасырлар дәнекері ғана емес, ұрпақтан-ұрпаққа жетер өшпес өнер қалдырған тұлғаның адамдық, ақындық тағдыры жайлы терең де сындарлы пікірлер түйінделген
     
     
     

                                                            


    Қасқабасов С.А.  

     

    АБАЙ



    Алматы: «Алматы баспа үйі»,  2010. – 112 бет.

     

     

     

     

     

     

     

     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
    Бұл кітапшаға академик С.А.Қасқабасовтың ұлы Абайдың ақындық, азаматтық тұлғасы  жайлы әр жылдары жазылған ғылыми мақалалары жинақталған. Онда ғалымның Абай поэзиясының рененсанстық сипаты, әдебиеттегі ұлы ойшыл қалыптастырған сыншылдық, шыншылдық, имандылық мәселелері жайлы тың тұжырымдары тиянақталған.
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

     

     

     

    Қасқабасов С.А.  

    АЛТЫН ЖЫЛҒА:

    зерттеулер мен мақалалары.

     
     

    Алматы: «Жібек жолы» БҮ, 2010. – 576 бет.

     

     

     

     

     

     

     
     
     
     
     
     
     
     

    Есімі елге белгілі көрнекті ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Сейіт Асқарұлы Қасқабасовтың бұл жинағында жаңа дәуірдің жаңа ғасырының онжылдығында жарияланған зерттеулері, мақалалары мен баяндамалары енген. Автор ғасырлар бойы халық арман еткен тәуелсіздік мұраттары туралы сыр шертіп, оның әдебиет пен өнер тарихын зерттеуге үлкен бетбұрыс жасаған игі ықпалына назар аударады, жаһандану заманындағы әдебиеттану мен өнертанудың көкейкесті мәселелеріне терең пайымдаулар жасап, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша фольклор, әдебиет және өнер салаларында жүзеге асып жатқан ұлттық стратегиялық маңызы жоғары жобалар туралы кеңінен әңгімелейді. 

    Кітап ұлттық әдебиет мен өнер тарихына құмартқан зейінді қауымға арналған. 

     

     

     

     

     

    С. А. Каскабасов

     

    ЗОЛОТАЯ ЖИЛА

    Очерки о фольклоре 

    и духовной культуре Казахстана

     

     

     

     

    Москва:  2010 — с. 688.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Фольклор — это не только духовное наследие и показатель культуры народа, но и неиссякаемый источник и органическая часть художественной культуры нашей эпохи. Именно истокам современ­ной профессиональной литературы и искусства посвящены иссле­дования, представленные в настоящем издании. Автор этих работ — известный в Казахстане и за его пределами ученый-фольклорист и литературовед академик Национальной Академии наук Республики Казахстан, член Международного Общества по изучению народной прозы (Финляндия). Его книги и статьи всегда вызывают у читателей живой интерес и получают высокую оценку со стороны научной общественности. За содержательные исследования ему присуж­дены Государственная премия Республики Казахстан, премия им. Ч. Валиханова Национальной Академии наук, премия им. Жамбыла Международного фонда Жамбыла, премия им. Махамбета.

    Книга адресуемся филологам и искусствоведам, историкам и философам, а также тем, кто занимается сравнительным изучением фольклора, мифологии и литературы. Она будет интересна и для этнологов, и для культурологов, и для работников музеев, и для исследователей социологии культуры.

     

     

     

     

     

     

    Оқымысты:

    академик С.А. Қасқабасов туралы мақалалар, пікірлер және лебіздер.

     

     

     

    Алматы: ҚазАқпарат, 2010. – 357 б.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Кітапқа көрнекті фольклортанушы-ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Сейіт Асқарұлы Қасқабасовтың замандас, әріптес достары мен белгілі әдебиеттанушылардың, шәкірттерінің ғалымның өмірі мен ғылыми шығармашылығына қатысты ой-пікірлері, ғылыми мақалары мен жылы лебіздері топтастырылған. 

            Кітап ғылыми қауымға, жоғары оқу орындары филология факультетінің оқытушылары мен студенттеріне арналған.

         Оқымыстыстатьи, высказывания об академике С.А. Каскабасове. 

    Настоящий сборник посвящен научнойи общественной деятельности видного ученого-фольклориста, общественного деятеля, академика Национальной академии наук Республики Казахстан, доктора филологических наук, профессора Сеита Аскаровича Каскабасова. В нем представлены статьи и высказывания его современников, друзей-коллег, известных деятелей науки, а также учеников о трудах ученого. 

    Книга предназначена для научных работников, преподавателей и студентов филологических факультетов вузов республики. 

     

     

     

     

     

     

     

    Seit Kaskabasov

     

     

    THE CRADLE OF CREATIVITY

     

            Translated from Russian  to English by Chris Lovelace

     

     

     

    Astana: Audarma, 2010. - 464 p.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    The unquenchable strength and unbridled imagination of the Kazakh people found their reflection in folkloric art. In this book, masterpieces of Kazakh folklore are analyzed; socio-historical foundations and aesthetic essentials are explored in epic memorials, historic songs, and legendary tales and fables; and international connections of Kazakh folklore and interaction between various aspects of folk art are demonstrated.

    This work is directed toward specialists and those who work in the field of culture and art.

     

     

     

     

     

     

     

    ЗАМАН ЖӘНЕ РУХАНИЯТ

    ҚР ҰҒА АКАДЕМИГІ С.А.ҚАСҚАБАСОВТЫҢ 

    70 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИНАҚ

    ВРЕМЕНА И ДУХОВНОСТЬ

    СБОРНИК В ЧЕСТЬ 70-ЛЕТИЯ АКАДЕМИКА НАН РК 

    С. А. КАСКАБАСОВА 

     

    Алматы: Арда, 2010.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Көрнекті фольклортанушы-ғалым, қоғам қайраткері, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Сейіт Асқарұлы Қасқабасовтың 70 жылдық мерейтойына арналған жинаққа алыс-жақын шетелдердегі фольклортанушы, әдебиеттанушы және өнертанушы ғалымдардың гуманитарлық ғылымдар салаларының өзекті мәселелерін қозғаған ғылыми мақалалары енген. Жинақ тәуелсіздік жылдарындағы гуманитарлық ғылымдардағы тың ойлармен, жаңа ой-тұжырымдармен құнды.

    Кітап фольклортанушы, әдебиеттанушы, өнертанушы ғалымдарға, гуманитарлық ғылымдардың мамандарына және көпшілік қауымға арналған.

      В сборник, посвященный 70-летию видного ученого-фольклориста, общественного деятеля, академика Национальной академии наук Республики Казахстан, доктора филологических наук, профессора Сеита Аскаровича Каскабасова, включены научные статьи ученых фольклористов, литературоведов и искусствоведов ближнего и дальнего зарубежья по актуальным проблемам различных сфер гуманитарных наук. Сборник представляет большой интерес новыми мыслями и суждениями в области гуманитарных наук периода независимости.  

     Книга предназначена для фольклористов, литературоведов, искусствоведов,  специалистов гуманитарных наук и широкого круга читателей.
     
     
     
     
     
     
     

     

     

     

     

     

    Қасқабасов С.А.

    ПРЕЗИДЕНТ ЖӘНЕ МӘДЕНИ МҰРА

     

     

    Алматы: «Алматы баспа үйі» ЖШС,  2010. – 128 бет.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Бұл кітапшаға тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің рухани өміріндегі елеулі оқиға – «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасы бойынша жүзеге асырылып жатқан ауқымды істердің мән-жайы мен нәтижелерін баяндайтын академик С.А.Қасқабасовтың ғылыми – танымдық мақалалары мен сұхбаттары топтастырылды. Халықтың ғасырлар бойғы рухани қазынасын қайта тану, ел ішінде тарату мен жаһандану үрдісінің келеңсіздіктеріне қарсы ұлттық рухтың тірегі ретінде пайдалануды көздейтін ой-пікірлер топтамасы ұлт мәдениетінің тарихын танығысы келетін көпшілік оқырманға арналған.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    С.А. Қасқабасов 


    ОЙ-САНА

    Сұхбаттар

     
     

     

    Алматы, Тіл оқу-әдістемелік орталығының баспаханасы, 2010.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Академик С.А. Қасқабасовтың бұл жинағына тәуелсіздік кезеңіндегі қоғам, ғылым, тіл, өнер, әдебиет, ұлт мәселелері жайындағы азаматтық, қайраткерлік, ой-көзқарастарын кең ауқымда ашып көрсететін сұхбаттары топтастырылды. Бұл сұхбаттарда қазақ халқының тамыры мен тегі, көшпелі қазақ мәдениетінің өзіндік сипаты, ана тілінің болашағы мен ауыл, қала тіршілігіндегі қазақ тағдыры жайлы тың ойлары тұжырымдалады. Әсіресе, ғалымның қазақ халқының ұлттық руханият өзегін сақтай отырып, жаһандану тегеурініне төтеп берерлік инновациялық технологиялар тілін меңгерген, барлық бәсекеге шыдас берерлік ұлт болуды көксеген пікірлерімен  кеңінен қанығуға болады.  

    Жинақ әдебиет пен мәдениет зерттеушілеріне, жоғары оқу орындарының студеттеріне, жалпы сөз өнерін қадір тұтатын барша оқырман қауымға арналған. 

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    ТӘУЕЛСІЗДІК ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ КӨРКЕМ МӘДЕНИЕТ

     

     

     

    1 кітап. Алматы: «Signet Ргіnt» 2010, 332 бет      

    «Тәуелсіздік идеясы және көркем мәдениет» атты ұжымдык монографиянын 1-кітабы қазақ фольклоры мен әдебиетінде жырланған Тәуелсіздік идеясы мӘселелерін карастырады. Мұнда сактар мен ғұндар заманынан Алтын Орда кезеніне дейінгі, Казак хандығы кұрылғаннан бастап Казакстан тәуелсіздігін алған аралықтағы ұлттыксөз онерінде көрініс тапқан елдік пен тәуелсіздік, бірлік пен мемлекетгі сактау идеялары зертгеледі. Тәуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық көтерілістер туындаткан Әдеби шығармалар, ондағы қазакелінін мұрат-мақсаттары ашып көрсетіледі. Елін, жерін сақтау үшін күрескен тұлғалардын ерліктері дәріптеліп, кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық істері жан-жақты талданады. 

    Кітап әдебиет зертгеушілеріне, жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, әдебиет тарихын сүйер жалпы оқырманға арналған. 

          2 кітап. Алматы: «Signet Ргіnt» 2010, 275 бет  

     «Тәуелсіздік идеясы және көркем мәдениет» атгы ұжымдык монографияның 

    2-кітабында XX ғасыр казақ әдебиетіндегі тәуелсіздік идеясы мәселелері арнайы карастырылады. Алаш зиялыларының Қазак мемлекетін орнату идеялары, ұлт зиялыларының дербес мемлекетті аңсаған шығармалары талданып, ұлы жазушы М.Әуезов шығармаларындағы елдік мұрат-мақсаттар сараланады. 

    Кітап Әдебиет зерттеушілеріне, жоғарғы оку орындарының студенттеріне, Әдебиет тарихын сүйер жалпы окырманға арналған. 

       3 кітап. Алматы: «Signet Ргіnt» 2010, 271 бет  

      Окырман назарына ұсынылып отырған бұл кітап қазақ өнері мен мәдениетіндегі тәуелсіздік идеясы мәселелеріне арналған. Өнердің басты салалары бейнелеу, музыка, театр өнеріндегі елеулі туындыларда халыктың, мемлекеттің өзіндік кайталанбас жолын табуға, азаттығын баянды етуге ұмтылған ізденістері мен идеялык көзкарастарын республиканың белгілі өнертанушы ғалымдары жан-жакты зерделеп ой елегінен өткізуде. Қазакстан тәуелсіздігінің жиырма жылдық мерей-тойы қарсаңында колға алынған бұл өзекті тақырып пен көтерілген мәселе келешекте жалғасын табады деп жоспарлануда. 

    Кітап өнертану, мәдениеттану саласынын мамандарына, казак өнерінің тарихы мен теориялык мәселелерін окып үйренетін жоғары оқу орындарының магистранттары мен студенттеріне және жалпы жұртшылыққа арналған. 

      4-кітап  Алматы: « Signet Ргіnt », 2011. - 268 бет.

    «Тәуелсіздік идеясы және көркем мәдениет» атты ұжымдық монографня ның төртінші кітабы қазақтың фольклоры мен ежелгі дәуір әдебиетінде, жыраулар поэзиясында, сондай-ақ XX ғасыр әдебиетінің кей кезеңдерінде сөз өнерінде көркем тұжырымдалған тәуелсіздік идеясы мәселелерін қарастырады. Кітапта елдік пен тәуелсіздік, бірлік пен мемлекетті сақтау идеялары тұрғысында шежіре, тарихи жыр сынды фольклорлық үлгілердегі әйгілі қазақ батырларының бейнесі, тәуелсіз қазақ хандығы құрылған тұстағы белгілі тұлғалар мен олардың әдеби мұралары, хандық дәуірде ғұмыр кешіп, ел мен жер жайлы толғанған жыраулар шығармашылығы, өткен ғасырдың 20- және 70-90-жылдарындағы қазақ әдебиетінің танымал тұлғалары мен олардың көркем мұрасы жан-жақты сараланады. 

    Кітап әдебиеттанушы ғалымдар мен оқытушыларға, жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттарына, докторанттарға және әдебиет тарихына қызығушылық танытқан көпшілік қауымға арналган. 

     5 кітап. Алматы: « Signet Ргіnt », 2011. - 388 бет. 

    «Тәуелсіздік идеясы және көркем мәдениет» атты ұжымдық монографияның 5-кітабы қазіргі әдебиеттің әдеби-теориялық мәселелері мен Тәуелсіздік идеясының көркем мәтіндегі ұстанымдарын қарастырады. Сонымен бірге кітапта ұлттық әдебиеттану ғылымының барлық салаларында зерттеулер жазған М.О.Әуезов мұралары әдебиеттанушы мамандар тарапынан жан-жақты зерттеледі. Тәуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық көтерілістер туындатқан әдеби шығармалар, ондағы қазақ елінің мұрат-мақсаттары ашып көрсетіліп, әдеби тұжырымдардың басты белгілері жан-жақты талданады. 

    Кітап әдебиет зерттеушілеріне, жоғары оқу орындарының студенттеріне, әдебиет тарихын сүйер жалпы оқырманға арналған. 

    6-кітап. Алматы: «Signet Ргіnt», 2011. - 348 бет.

    Бұл ұжымдық монографияның 6-кітабы қазақ өнері мен мәдениетіндегі тәуелсіздік идеясы мәселелерін қамтиды. Мұнда бейнелеу, музыка, театр өнеріндегі шығармаларда көрініс тапқан халқымыздың өзіндік жолын табуға, азаттығын баянды етуге ұмтылған ізденістері мен идеялық козқарастары өнертанушы ғалымдар тарапынан жан-жақты қарастырылады. 

    Кітап өнертану, мәдениеттану саласының мамандарына, қазақ енерінің тарихы мен теориялық мәселелерін оқып үйренетін жоғары оқу орындарының студенттері мен ізденушілеріне және жалпы өнер тарихын сүйер жұртшылыққа арналады.

           7-кітап. Алматы: «Signet Ргіnt», 2011. - 325 бет.

    «Тәуелсіздік идеясы және көркем мәдениет» атты ұжымдық монографияның жетінші кітабы ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап, ежелгі дәуір мен жыраулар поэзиясындағы, ХІХ-ХХІ ғасыр әдебиетіндегі тәуелсіздік идеясының көркем бейнеленуін жан-жақтыы қарастырады. Қазақ халқының басынан кешкен түрлі әлеуметтік-тарихи оқиғалардың әр дәуір әдебиетіндегі шынайы бейнеленуіне назар аудару барысында халық өлеңдеріндегі тәуелсіздік идеясы, жыраулар поэзиясындағы ерлік пен елдік мәселелері, кеңестік дәуір мен егемендік алғаннан кейінгі әдебиеттегі тәуелсіздік рухы халықтың арман-мақсатымен бірлікте қаралғандығы ғылыми сараланады.

    Кітап әдебиеттанушы ғалымдар мен оқытушыларға, жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттарына, докторанттарға және әдебиет тарихына қызығушылық танытқан көпшілік қауымға арналған.

    8-кітап. Алматы: «Signet Ргіnt», 2011. - 338 бет.

    «Тәуелсіздік идеясы және көркем мәдениет» атты ұжымдық монографияның сегізінші кітабына енген ғылыми жұмыстар отандық әдебиеттану ғылымының көкейкесті мәселелеріне арналған. Жекелеген тараулар тарихи тұлғалар туралы фольклорлық мұралар мен қазіргі әдеби-көркем үдерісті тәуелсіздік идеясы аясында зерделейді. Сонымен бірге осы жинаққа абайтану мен әуезовтануға, ұлтаралық әдеби байланыстар мен қазақ әдебиетінің шетелде зерттелуіне қатысты ғылыми еңбектер енгізілді.

    Кітап әдебиеттанушы ғалымдар мен оқытушыларға, жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттарына, докторанттарға және әдебиет тарихына қызығушылық танытқан көпшілік қауымға арналған.

    9-кітап. -Алматы: «Signet Ргіnt»,  2011,391 бет

    Ұсынылған ұжымдық монографияда, рухани кұндылыктарды ұлттық жандану мүмкіндігі ретінде карастырған авторлар мақалаларында оның өзіндік ерекшелігі мен болашақка деген ұмтылысын анықтауға тырысады. Зерттеушілер негізгі тақырыпты бейнелеу, музыка және театр өнері түрлері тарихының даму контексінде қарастырады.

    «Өнертану» секторы қызметкерлермен әзірленген зерттеулер, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жиырма жылдығына арналған басылымдар топтамасымен байланыстырылған. Кітап өнертану саласының мамандарына, жоғарғы оку орындарының студенттеріне, жалпы Қазақстанның өнер тарихын сүйер жұртшылыкқа арналады.

    Search