• (727) 272 74 11
  • info@litart.kz

    Книги

     

     

     

     

     

     

     

     

    XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚӘДЕБИЕТІ

     

    (2001—2011 жж.).

    Алматы: «Арда», 2011.-640 бет.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Ұжымдык монографияда XXI ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму үрдістері, жанрлық-стильдік толысу жолдары қарастырылған. Авторлар қауымы жаңа дәуірдегі қоғамдық жағдайда өрбіген көркемдік құбылыс- тарды жіті бақылай отырып, ұлттық әдебиеттің беталысына зер салады. Сонымен бірге 2000-жылдары ұлттық әдеби үдеріске белсене атсалыс- қан, езіндік қолтаңбасымен, айрықша қаламгерлік ізденістерімен қазақ сөз өнерінің дамуына үлес косқан ақын-жазушылардың шығармашылық портреттері беріліп отыр.

    Ұжымдық монография жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттар мен докторанттарға, окытушылар мен әдебиеттанушы ғалымдарға және жалпы әдебиетсүйер көпшілікке арналған.

     


     

     

     

     

    ТӘУЕЛСІЗДІКИДЕЯСЫН ЖЫРЛАЙТЫН ҚАЗАҚ ЭПОСТАРЫНЫҢ ҚОЛЖАЗБА НҰСҚАЛАРЫ:

    сюжеттік ерекшеліктері және зерттеу, сақтау, жариялау мәселелері. 

     

    Монография. - Алматы: ИД "СКЕБОЗ", 2011 ж. -324 бет.

     

     

     

     

     

    Еңбекте ХІV-ХІХ ғасырларда Алтын Орда, Ноғайлы және Қазақ хандығының мемлекеттік тұтастығын қорғаған тарихи тұлғалар Қобыланды, Ер Тарғын, Едіге, Ер Сайын, "Қырымның қырық батыры" жырлар циклына енген батырлар, Қарасай, Қази, Көрұғлы, Абылай, Қабанбай, Арқалық, Ағыбай, Жанқожа секілді батырлар туралы жырлардың қолжазба нұсқаларының сюжеттік ерекшеліктері және жиналу, сақталу, жариялану мәселелері қарастырылады.

    Жинақ фольклортанушы, әдебиеттанушы ғалымдарға, жоғары оқу орындарындағы филология факультеттерінің студенттеріне, магистрлері мен РҺD докторанттарына арналған.

     

     

     

     

    ИДЕЯ НЕЗАВИСИМОСТИ  В ИЗОБРАЗИТЕЛЬНОМ ИСКУССТВЕ КАЗАХСТАН

     

    Алматы: ИЛИ МОИ РК, 2011. - 420 е., вкл. 20 с.

     

     

    Книга посвящена изучению отражения идеи независимости на разных эта­пах и уровнях развития художественной культуры Казахстана. Особое внимание уделено художественным стратегиям национальной идентичности, выявляю­щим идеи государственности, исторических корней и преемственности куль­турного опыта.

    Данная книга рассчитана на художников, искусствоведов, культурологов, студентов художественных вузов и всех интересующихся изобразительным ис­кусством Казахстана нового и новейшего времени.

     

     

     

     

     

     

     Ергалиева Р.А.

    ЭТНИЧЕСКОЕ И ЭПИЧЕСКОЕ В ИСКУССТВЕ КАЗАХСТАНА

     

     

                    Алматы: ИД «Жибек жолы», 2011 - 432 с.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     В книге на материале живописи и скульптуры Казахстана XX века исследовано претворение традиционных принципов мышления и художественного восприятия казахского народа в современных видах искусства. Эпическое начало осмыслено как константный этнический код традиционного сознания.Висследовании проведен анализ преемственных связей изобразительного искусства с национальной духовной традицией казахов. Определена специфика этнических координат, сформировавших уникальное лицо художественной школы Казахстана. Работа предназначена для искусствоведов, культурологов, художников, широкого круга читателей, интересующихся изобразительным искусством Казахстана.

     
     
          Труспекова Х.Х.    АВАНГАРДНЫЕ ИДЕИ ХХ ВЕКА В ЖИВОПИСИ  И АКТУАЛЬНОМ ИСКУССТВЕ КАЗАХСТАНА

     

    Формирование и становление профессионального изобразительного искусства Казахстана связано с событиями начала XX века, с развитием советской художественной школы. Одновременно оно совпадает с периодом кризиса европейскою классического наследия, где авангардные идеи играли ведущую роль в модернизации всей европейской культуры. Искусство мирового авангарда осваивается казахскими мастерами соответственно историческим событиям, пути продвижения имели свою специфику выражения. Автор книги предлагает освещение вопроса в соответствии с хронологией проникновения и осмысления авангардных идей в пространстве казахского изобразительного искусства. В фокусе внимания живопись и контепорари-арт, частично декоративно-прикладное и монументальное искусство.

    Книга адресована художникам, искусствоведам, широкому кругу чи­тателей, всем интересующимся изобразительным искусством Казахстана

     

     

     

        М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты. 50 жыл.

    Алматы, «Арда», 2011. — 472 бет. 

     

     Институт литературы и искусства им. М.О.Ауэзова. 50 лет.

     

     Алматы: Арда, 2011. - 472 с.

     

     

    Бұл кітапта М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының құрылу, қалыптасу, даму тарихы баяндалады. Институттың 50 жылда аткарған жұмысы, фольклортану, әдебиеттану және өнертану ғылымы бойынша шығарған еңбектері туралы айтылады. Сонымен қатар институтта қызмет істеген ғалымдар жайында қысқаша мағлұмат келтіріледі.

    В книге прослежена история создания, становления, раз¬вития Института литературы и искусства им. М.О.Ауэзова, представлен краткий обзор фундаментальных научных исследований ученых Института за 50 лет в области отечественной фольклористики, литературоведения и искусствознания. Так же предложена сжатая информация о деятельности ведущих учёных Института разных поколений и исторических периодов.
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     




    ЗА ДВАДЦАТЬ ЛЕТ


     Алматы «Арда» 2011 — 312с.

     

     

     

    Книга посвящена ХХ-летию Независимости Республики Казахстан. В ней показаны основные вехи развития Института литературы и искусства им. М.О.Ауэзова в годы Независимости и представлены творческие биографии ведущих ученых Института за двадцать лет суверенного развития Казахстана.

    Все статьи представлены в авторской редакции.

     

     

     

     

     

     

     

    «Тәуелсіздік және Жамбыл шығармашылығы»:
    Халықар- ғыл.-теор. конф. материалдары / Құраст. А.Ж.Зекенова.

    Алматы: «СREDOS», 2011. - 260 бет 

     

     

    Жинаққа Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтын туғанына 165 жыл толуына байланысты 2011 жылдың 14 сәуірінде М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мен Республикалық кітап музейі ұйымддстырған "Тәуелсіздік және Жамбыл шығармашылығы" атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары енгізілді.

     

     

     

     

     


     «Қазіргі әдебиеттану, өнертану және фольклортанудын өзекті мәселелері»:
    Хал-қ ғыл. теор. конф. материалдары, 27-28 қыркүйек 2011 жыл.


    Алматы: "СREDOS" БҮ, 2011.472 бет. - казақша, орысша.

     

    Жинақка Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жыл және М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының кұрылғанына 50 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары енгізілді. Материалдар жинағына отандық және Түркия, Ресей, Қырғыз Республикасы, Татарстан, Өзбекстан, Башкұртстан елдерінің белгілі ғалымдарының әдебиеттану, өнертану және фольклортанудың өзекті мәселелері жөніндегі ғылыми мақалалары енгізілді.

       Жинақ материалдары әдебиеттанушы ғалымдар мен оқытушыларға, жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттарға, докторанттарға және әдебиет тарихына қызығушылық танытқан көпшілік қауымға арналған.

     

     

     

     

     


    Мұқан А.О. Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ опера театры.Алматы: «Тіл» оқу- әдістемелік орталығының баспаханасы», 2011. - 200 бет.      

     

    Бұл монография қазақ өнері мен мәдениетіндегі елеулі құбылыстардың бірі - тәуелсіздік кезеңіндегі музыкалық театрдың дамуымен шығармашылық келбетін анықтау мәселелеріне арналған. Сахна өнерінің күрделі жанры опера театры өнеріндегі елеулі туындыларда халықтың, мемлекеттің өзіндік қайталанбас жолын табуға, азаттығын баянды етуге ұмтылған ізденістері мен идеялық көзқарастары республиканың асқан бел-белестерімен үштастыра зерделеніп ой елегінен өткізеді. Қазақстан тәуелсіздігінің жиырма жылдық мерейтойы қарсаңында қолға алынған бұл өзекті тақырып пен көтерілген мәселелер отандық опера театрларының бүгінгі бағыт-бағдарын бағамдауға мүмкіндік береді.

    Кітап өнертану, мәдениеттану саласының мамандарына, қазақ өнерінің тарихы мен теориялық мәселелерін оқып үйренетін жоғары оқу орындарының магистранттары мен студенттеріне және жалпы жұртшылыққа арналған.

     

     

     

     

     

     

     

     

    Ежелгі әдебиетті 
    зерттеу мәселелері

    Алматы 2011 

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Бұл еңбекте сақтар мен ғұндар дәуіріндегі әдебиет бастаулары, Х-ХІІ ғ.ғ. өмір сүрген түркі даналары әл-Фараби, Қ.А. Иасауи шығармашылығы, XIII г. Құман (қыпшақ) тіліндегі жазба мұра - «Кодекс куманикус» сөздігі, Алтын Орда дәуірі әдебиетінің көрнекті өкілдері М.Хорезми, Құтб, С.Сараи сияқты ақындардың дастандары талданып, олардың ежелгі әдебиет тарихындағы орны ашып көрсетіледі. Қазақ әдебиеті тарихының бұрын аз зерттелген дәуірі жаңа көзқарас тұрғысында пайымдалады. Жинаққа косымша ретінде ежелгі әдебиетке байланысты пайдаланылған еңбектердің библиографиялық көрсеткіші берілді.

     

    Search