• (727) 272 74 11
  • info@litart.kz

    «Едіге Тұрсыновтың ғылыми мұрасы және Қазақстан гуманитарлық ғылымы»

    АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

    ҚР БҒМ Ғылым комитетінің М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 2018 жылы 20 маусымда қазақтың көрнекті ғалымы, фольклортанушы, филология ғылымдарының докторы Едіге Дәріғұлұлы Тұрсыновтың (1942-2016) туғанына 75 жыл толуына орай «Едіге Тұрсыновтың ғылыми мұрасы және Қазақстан гуманитарлық ғылымы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

    Конференция қазақ фольклортануы мен этнологиясына және осы пәндерді зерттеу әдістемесіне өлшеусіз үлес қосқан Едіге Тұрсыновтың ғылыми мұрасы мен Қазақстан гуманитарлық ғылымының өзекті мәселелерін талқылау мақсатында өткізіліп отыр. Ғалымның ғылыми әдісі этномузыкатану, этнопсихология, этнология және өнертану салаларының қазіргі бірнеше бағыттарын қалыптастыруға себін тигізді.

    Конференция жұмысына қатысу үшін өтініш пен баяндама тақырыптарын 2018 жылдың 5 маусымына дейін, ал баяндама мәтіндерін 2018 жылдың 18 маусымына дейін келесі электрондық мекенжайға жіберуді өтінеміз: info@litart.kz; zhumashay19@mail.ru

    Мәтінге қойылатын көрсетілген талаптарды сақтауды сұраймыз: Көлемі 7 бетке дейін (А4 форматы). Шрифт: қаріп түрі – Times New Roman, кегль – 14, жалаң жоларалық интервал; абзац – 1,25 см, абзац автоматты түрде қойылады. Азат жол: жоғарғы және төменгі – 20 мм, сол жағы – 30 мм, оң жағы – 15 мм.

    Баяндама атауы – бас әріптермен, туралау – ортасы бойынша; Төменірек оң жиек бойынша бір азат жолдан соң: автордың аты-жөні – курсивпен, жартылай қою қаріппен (кез келген автор үшін – алдымен тегі, аралық, одан соң аралық қалдыру арқылы аты-жөні жазылады). Келесі жолда оң жиектен курсивпен – қызметін көрсету (лауазымы), мекеме атауы, ғылыми дәрежесі, келесі жолда – мемлекет пен қаланы және электрондық мекенжайды көрсету қажет. Мәтіндегі сілтемелер тізімдегі дереккөздердің реттік нөмірі және үтір арқылы парақ нөмірі көрсетілген тік бұрышты жақшалармен белгіленеді, мысалы: [4, 89]. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мәтін соңында жазылады және бос жол арқылы бөлінеді. Тізімдегі дереккөздер дәйексөздердің мәтінде қолданылу ретіне қарай көрсетіледі. Қолмен тасымал жасауға болмайды.

    Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына немесе қойылған талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамау құқығына ие.

    Конференция материалдарының жинағы электрондық басылым ретінде шығарылады. Конференцияға қатысу, материалдар жариялау тегін.

    «Едіге Тұрсыновтың ғылыми мұрасы және Қазақстан гуманитарлық ғылымы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына қатысуға

    ӨТІНІШ

    Тегі  
    Аты  
    Әкесінің аты  
    Жұмыс орны, лауазымы  
    Ғылыми дәрежесі, атағы  
    Ұялы немесе тұрақты телефонының нөмірі (қала кодымен бірге)  
    E-mail  
    Баяндама тақырыбы  
    Конференция бағытының атауы  
    Техникалық құралдардың қажеттілігі (мультимедиялық проектор және т.б.)  
    Конференцияға қатысу мүмкіндігі

     

     

     

    Search