• (727) 272 74 11
  • info@litart.kz

    «Қазақстан әдебиеті мен өнеріндегі саяси қуғын-сүргін қасіретінің көрінісі»

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

    БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

    ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

    М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ИНСТИТУТЫ

    ЖАС ҒАЛЫМДАР КЕҢЕСІ

    БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

     

    ҚР БҒМ Ғылым комитеті М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер Институты Ғылыми кеңесінің аясында 2018 жылдың 31 мамырында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған «Қазақстан әдебиеті мен өнеріндегі саяси қуғын-сүргін қасіретінің көрінісі» тақырыбында жиын өтеді. Аталған іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі ‒ Институттың Жас ғалымдар кеңесі.

    Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған мемлекеттік дата ‒ 31 мамыр күні өтетін жиынға әдебиеттанушы, өнертанушы мамандар мен қаламгерлер, ЖОО оқытушылары, студенттері қатысып, Қазақстан әдебиеті мен өнеріндегі зұлмат жылдар зардабының көрінісі туралы ғылыми ой-толғамдарымен бөліседі. Атап айтар болсақ, жазушы, филология ғылымдарының докторы Н.Ақыш, өнертану ғылымдарының кандидаты А.Мұқан, А.Ахметова, т.б. институт қызметкерлері арнайы тақырыпта баяндама оқып, репрессия кезеңіне қатысты тарихи деректермен бөліседі.

     

    Өткізу уақыты: 2018 жылдың 31 мамыры, сағат 11:00.

    Тіркеу жұмыстары сағат 10.00-де басталады.

    Өтетін орны: Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29, ҚР БҒМ ҒК М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының мәжіліс залы (№31).

     

    Ұйымдастыру комитеті

    Байланыс телефондары:

                 8(727)272-74-11;

                 8(727)261-75-33

    факс:   8(727)272-79-43

                 8(727)272-79-83

    e-mail: info@litart.kz

     

    Search