• (727) 272 74 11
  • info@litart.kz

    «Рухани жаңғыру және Ақыт Үлімжіұлының шығармашылық мұрасы»

    АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

    2018 жылы 8 маусымда ҚР БҒМ Ғылым комитетінің М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты және TÜRKSOY халықаралық ұйымы бірлестікте қазақтың көрнекті ақыны, Шыңжаңдағы қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Ақыт Үлімжіұлының (1868-1940) туғанына 150 жыл толуына орай «Рухани жаңғыру және Ақыт Үлімжіұлының шығармашылық мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны өткізеді.

    Конференция жұмысына қатысу үшін өтініш пен баяндама мәтіндерін 2018 жылдың 28 мамырына дейін келесі электрондық мекенжайға жіберуді өтінеміз: info@litart.kz; almira_kalieva.8@mail.ru

    Мәтінге қойылатын көрсетілген талаптарды сақтауды сұраймыз. Электронды нұсқадағы баяндама мәтінін ресімдеуге қатысты талаптар сақталмаған жағдайда Ұйымдастыру комитеті баяндаманы жариялаудан бас тарту құқығына ие.

    • Көлемі 2 000 сөзден аспау қажет (5,5 б.).
    • Шрифт: қаріп түрі – Times New Roman, кегль – 14, жалаң жоларалық интервал; абзац – 1,25 см, абзац автоматты түрде қойылады.
    • Азат жол: жоғарғы және төменгі – 20 мм, сол жағы – 30 мм, оң жағы – 15 мм.
    • Баяндама атауыбас әріптермен, туралау – ортасы бойынша;
    • Төменірек оң жиек бойынша бір азат жолдан соң: автордың аты-жөні – курсивпен, жартылай қою қаріппен (кез келген автор үшін – алдымен тегі, аралық, одан соң аралық қалдыру арқылы аты-жөні жазылады). Келесі жолда симметриялық түрде оң жиектен курсивпен – қызметін көрсету (лауазымы), мекеме атауы, ғылыми дәрежесі, келесі жолда симметриялық түрде – мемлекет пен қаланы және электрондық мекенжайды көрсету қажет.
    • Мәтіндегі сілтемелер тізімдегі дереккөздердің реттік нөмірі және үтір арқылы парақ нөмірі көрсетілген тік бұрышты жақшалармен белгіленеді, мысалы, [4, с. 89].
    • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мәтін соңында жазылады және бос жол арқылы бөлінеді. Тізімдегі дереккөздер дәйексөздердің мәтінде қолданылуына қарай көрсетіледі. 
    • Сұлбалар, фотолар, суреттер, сканерленген кескіндемелер және т.с.с. – JPG форматында жеке файл түрінде, диаграммалар, графикалар – Excel бағдарламасында берілуі қажет. Файлдардың атауы суреттердің, сұлбалардың, диаграммалардың және т.с.с. баяндама мәтініндерінің атауларына сәйкес болуы керек. Суреттердің атауы мен нөмірі суреттердің төменгі жағында, кестелердің атауы мен нөмірі кестелердің жоғарғы жағында (туралау – жол ортасында) көрсетіледі, Кестелер, сұлбалар, суреттер, формулалар, графикалар көрсетілген жолдан асып кетпеу керек (кестелер мен суреттердегі қаріп – 12 төмен емес).
    • Тырнақшалар «» белгісімен белгіленеді; көрсетілген даталардағы ғасырлар – рим цифрымен, жыл – араб цифрымен жазылады.
    • Қысқарған сөздер баяндама мәтінінің соңында әліпби тәртібімен аббревиатуралардың мағынасын ашып жазу арқылы көрсетіледі.
    • Әдебиет сілтемелер түрінде көрсетіледі, абзацты аралық арқылы жазуға болмайды.

    Қолмен тасымал жасауға болмайды.

    Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына немесе қойылған талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамау құқығына ие.

    Конференция материалдарының жинағы электрондық басылым ретінде шығарылады. Конференцияға қатысу, материалдар жариялау тегін.

    Конференция үйлестірушісі:

    Қалиева Альмира Қайыртайқызы +7(727) 272-79-43, +7 701 419 15 64.

            

    «Ақыт Үлімжіұлы: шығармашылығы, ғылыми зерттелуі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға

    ӨТІНІШ

    Тегі  
    Аты  
    Әкесінің аты  
    Жұмыс орны, лауазымы  
    Ғылыми дәрежесі, атағы  
    Ұялы немесе тұрақты телефонының нөмірі (қала кодымен бірге)  
    E-mail  
    Баяндама тақырыбы  
    Конференция бағытының атауы  
    Техникалық құралдардың қажеттілігі (мультимедиялық проектор және т.б.)

     

     

     

     

    Конференцияға қатысу мүмкіндігі

     

     

     

     

    Search