• (727) 272 74 11
  • info@litart.kz

    Бисенғали Наурызбаевтың 100 жылдығына арналған конференция «Ұлттық жаңғыру және жаңа заман әдебиетіндегі ұлттық қаһарман»

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

    БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

    ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

    М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ИНСТИТУТЫ

     

    БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

     

    2018 жылдың 16 наурызында ҚР БҒМ Ғылым комитеті М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер Институты көрнекті әдебиеттанушы-ғалым филология ғылымдарының докторы, Ұлы Отан соғысының ардагері Бисенғали Наурызбаевтың 100 жылдығына арналған «Ұлттық жаңғыру және жаңа заман әдебиетіндегі ұлттық қаһарман» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға шақырады.

    Отандық әдебиеттанудың өркендеуі жолында талмай еңбек еткен ғалым Бисенғали Наурызбаев «Бейімбет Майлиннің прозасы», «Жаңа жанр жолында», «Шағын жанр – шеберлікке басқыш», «Қазіргі қазақ прозасындағы Б.Майлин дәстүрі», «Поэзия және уақыт тынысы», «Өмір шындығы және көркемдік шешім», т.б. аталатын зерттеулердің авторы ретінде танымал.

    ХХІ ғасырда, Қазақстан халқы рухани жаңғыру дәуірін бастан кешіріп жатқан кезеңде филология ғылымдарының докторы Б.Наурызбаевтың қазақ әдебиеті жайындағы зерттеулері жоғары маңыздылыққа ие. Ғалым Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығын, жазушылық шеберлігін тұңғыш зерттеушілердің қатарында саналады.

    Ғылыми конференцияға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары, экономика ғылымдарының докторы Ө.Шеденов, филология ғылымдарының докторы Ж.Тілепов, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Н.Сағындықова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Т.Тебегенов және басқа да мемлекет, қоғам қайраткерлері, әдебиеттанушы-ғалымдар, жоғары оқу орнының оқытушылары, студенттер қатысады.

    Өткізу уақыты: 2018 жылдың 16 наурызы, сағат 11:00.

    Тіркеу жұмыстары сағат 10.00-де басталады.

    Өтетін орны: Алматы қаласы, Шевченко көшесі 28, «Ғылым Ордасы» Орталық ғылыми кітапхананың мәжіліс залы (3-қабат).

     

    Байланыс телефондары:

                 8(727)272-74-11;

                 8(727)261-75-33

    факс:   8(727)272-79-43

                8(727)272-79-83

    e-mail: info@litart.kz

     

     

    Search