• (727) 272 74 11
  • info@litart.kz

    Бағыбек Құндақбайұлы және бүгінгі театр үдерісі

    ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

    М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ИНСТИТУТЫ

    Т.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

    АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

    ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

    2016 жылдың 4 қарашасында белгілі театртанушы, өнертану ғылымдарының докторы Бағыбек Құндақбайұлының 90 жылдық мерейтойына аранлған «Бағыбек Құндақбайұлы және бүгінгі театр үдерісі» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді.

    Конференция аясында ғалымның өмірі мен шығармашылығы және бүгінгі қазақ театрының өзекті мәселелері мен даму үдерістері талқыланады.

    Конференция шеңберінде Б.Құндақбайұлының еңбектерінен кітап көрмесі ұйымдастырылады, ғалымның өмірі мен шығармашылығына арналған фото-альбомның тұсаукесері өтеді және естеліктер айтылады.

    Конференция жұмысының тілі – қазақ, орыс, ағылшын.

    Конференцияның материалдар жинағын шығару жоспарлануда.

    Бағдарлама жасау және жинаққа мақала беру үшін өтінім 2016 жылдың   1 қарашасына дейін қабылданады. Баяндаманың толық мәтіні 2016 жылдың   15 қарашасына дейін жіберілуі тиіс.

    Ұсынылған өтінімдерді қабылдау немесе қабылдамау Ұйымдастыру комитетінің құзырында. Басылымға мұқият оқылған және түзетілген мәтіндер қабылданады. Басылым – көшірме әдісінде. Мәтіндегі қателіктер мен дәлсіздіктерге автор жауапты.

    Авторлардың сырттай қатысуына мүмкіндік бар. Жинақ таратылмайды (келіп алып кету керек).

    Қатысушыларды тіркеу сағ. 09.00.

    Конференцияның басталуы сағ. 10.00.

    Орны: М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «М.Әуезов үйі» мәжіліс залы. (М.Төлебаев көшесі 185 үй)

    Конференцияға қатысам деушілерге қуаныштымыз!

    Ұйымдастыру комитеті

    Телефон: + 7 777 247 0706 - Анар, +7 701 279 8681 - Айдана

    Email: aerkebaj@bk.ru («Конференцияға өтінім» деген белгімен).

    Search