• (727) 272 74 11
  • info@litart.kz

    ТАРБАҒАТАЙ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

    Елбасының «Болашаққабағдар: руханижаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген тапсырмаларды орындау мақсатында және мақаланың идеялық мазмұнын жан-жақты түсіндіріп, насихаттау үшін Институт директоры У.Қалижановтың бұйрығымен арнайы жұмыс тобы құрылды. Филология ғылымдарының докторы Н.Б. Ақыш жетекшілік ететін жұмыс тобының құрамында А.Қ.Ахетов, Ә.Хамраев, Е.Баят сынды елге танымал азаматтар мен өнертанушы жас ғалым А.Еспенова бар. Жұмыс тобы маусым айынан бастап жоспарлы іс-шараларды өткізуге кірісті.

    Жуырда топ жетекшісі Н.Б.Ақыш Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында болып қайтты. Нұрдәулет Бәбиханұлы Барлыбай аңғарында орналасқан аудандық «Сеңгір тынығу лагерінде» және Маңырақ ауылдық округінде тұрғындармен кездесулер өткізіп, Елбасының бағдарламалық мақаласын жан-жақты талқылауға арналған жиындар өткізді. Тыңдаушы қауым тарапынан қойылған сұрақтар легі кездесулердің салмағын арттырып, мағынасын арттыра түсті. Округ тұрғындарымен болған кездесу халық батыры Дәулетбай батырға және ақын-композитор Әрімжан Жанұзақұлына арналған ескерткіштерді орнату аясында өтті. Екі кездесу де тыңдаушыларды өзінше әсерге бөлеп, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын тереңірек түсінуге ықпал жасағаны сөзсіз.

    Аталған іс-шараларға қатысып, салихалы әңгімелерді ықыласпен тыңдаған жұртшылық өкілдері, соның ішінде Маңырақ округінің әкімі Ә.Қожахметов, кәсіпкер Б.Мықиянов, «Сеңгір тынығу лагерінің» жетекшісі Б.Саябаев өз сөздерінде Елбасының бағдарламалық мақаласында айтылған мәселелерге қашанда қолдау білдіретіндіктерін жеткізіп, Алматыдан арнайы келген ғалым-жазушыға алғыстарын жеткізді.

    ШҚО Тарбағатай ауданындағы «Сеңгір тынығу лагерінде» өткен кездесуге 40 адам, Маңырақ ауылдық округіндегі бас қосуға 60 адам қатысты.

     

     

    Search