• (727) 272 74 11
  • info@litart.kz

    «АЛАШ ҮМІТІ » ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ФЕСТИВАЛІ БАҒДАРЛАМАСЫ

     

     

     

     

     

     

     

               

     

     

     

     

     

    «АЛАШ ҮМІТІ » ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ФЕСТИВАЛІ БАҒДАРЛАМАСЫ

    І. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: «ҮРКЕР» шығармашылық дамыту орталығы

    ІІ.ӨТЕТІН ЖЕРІ: Түркістан облысы. Түркістан қаласы. Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің   «Мәдениет орталығы».

    ІІІ.ҚОЛДАУШЫЛАР: ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер Институты және Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты.Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті. Ақпараттық қолдаушы-«Qazaqstan» ТРК.

    IV.ӨТЕТІН МЕРЗІМІ: 23-26 қараша, 2018 жыл.

    V.БАЙҚАУ БАҒДАРЛАМАСЫ:

    23 қараша- фестиваль қатысушыларын қарсы алу.Тіркеу және жарналармен музыкалық бағдарламаларды қабылдау.

    24-25 қараша

    v09.00-10.00 - ашылу салтанаты.

    v10.00- 13.00 - байқау шарасы.

    v13.00- 14.30 - түскі үзіліс

    v14.30-17.00 - байқау шарасы

    v17.00- 18.30- жеңімпаздармен қатысушыларды марапаттау

    26 қараша- фестиваль қатысушыларын Түркістан қаласының тарихи-рухани жерлерімен таныстыру экскурсиясы.

    VI.МАҚСАТЫ:

    üЕлбасымыздың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру идеясын қолдау және жасөспірімдер мен жастар арасында кең насихаттау.

    üТалабы мен таланты, бағы мен бабы қатар жүретін дарынды балалардың әдеби және мәдени кеңістігін қалыптастыруға әсер етіп , рухани байытып, көркем шығармашылық қабілетін дамыту арқылы эстетикалық тәрбиелеу.

    üАлаш зиялыларының еңбектерін тану және зерттеу арқылы ұлттық-патриоттық рухын оятуға ықпал ету.

    üЕл тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарап, рухани байлыққа ұмтылу қасиеттерін насихаттау.

    üӨнерлері мен білімдерін сынау арқылы үлкен сахналарға шығуына жол ашу.

    VII.ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:

        7-9 жас аралығы- Құлыншақ тобы (кіші топ)

        10-13 жас аралығы – Құлагер тобы (орта топ)

        14-17 жас аралығы- Арғымақ тобы (жоғарғы топ)

        18-21 жас аралығы- Тұлпар тобы (студенттер)

    VIII.БАЙҚАУ БӨЛІМДЕРІ:

    Өнер бөлімі:

    • Эстрадалық- вокал жанры бойынша ән орындаушылары
    • Дәстүрлі ән орындаушылары
    • Ұлттық және заманауи би орындаушылары (жеке және топтық)
    • Аспапта орындаушылары: домбыра, қобыз, фортепиано, аккардион, т.б (жеке және топтық)
    • Көркем сөз шеберлері
    • Қолөнер және бейнелеу өнері
    • Жас сахна

    Білім бөлімі:

    • Жас ғалым- алаш зиялыларының еңбектерін талдау бойынша ғылыми-көпшілік жұмыстары
    • Жас қалам- рухани жаңғыру тақырыбы аясындағы эссе-шығарма, мақала жұмыстары.

    ТАЛАПТАРЫ:

    1. «Эстрадалық вокал» бөлімі бойынша қатысушылар ЕРКІН тақырыпта алдын-ала әрленген музыкамен (минус) ЖАНДЫ дауыста, хронометражы 4 минуттан аспайтын КОНКУРСТЫҚ 1 ән орындауы тиіс. Сонымен қатар, сахнада өзін-өзі ұстауы, киімі, орындау шеберлігі, дауысы, музыкаға ілесуі мен үндестігі БАСТЫ НАЗАРДА.
    2. «Дәстүрлі ән» бөлімі бойынша қатысушылар туған ел, отан, жер, туған өлке, жеңіс, ерлік пен елдіктің шежірелі беттері, батыр бабалар және т.с.с рухани-патриоттық тақырып аясындағы тақырыпта ұлттық аспапта хронометражы 3 минуттан аспайтын 1 халық әнін немесе терме орындауы тиіс. Сонымен қатар, сахнада өзін-өзі ұстауы, киімі, орындау шеберлігі, дауысы ескеріледі.
    3. «Ұлттық және заманауи би орындаушылары» бөлімі бойынша қатысушы және топтық ұжым ЕРКІН тақырыпта 1 би орындауы тиіс. Топтың мүшелер саны шектелмеген. Орындау шеберлігі, сахналық киімі, сахнада өзін-өзі ұстауы, ескеріледі.
    4. «Аспапта орындаушылар» бөлімі бойынша қатысушылар

    хронометражы 3 минуттан ЕРКІН тақырыпта аспайтын ұлттық немесе өзге де аспапта

    1 шығарма/күй орындауы тиіс. Орындау шеберлігі, сахналық киімі, сахнада өзін-өзі ұстауы ескеріледі.

    1. «Көркем сөз» бөлімі бойынша қатысушылар Алаш зиялыларының өлеңдерін, монолог,поэмаларынан үзінді немесе өзінің арнауларын ұсына алады.Бұрын соңды сахналарды жиі орындалмаған тың туындыларды орындау- артықшылық болып есептелінеді. Хронометражы 3 минут.

    1 шығарма орындауы тиіс. Сонымен қатар, өлеңнің дұрыс таңдалуы, орындау және актерлік шеберлігі, сахнада өзін-ұстауы, дауыс ырғағы БАСТЫ НАЗАРДА. Әрленген фондық музыканы қолдануға рұқсат

    1. «Жас ғалым» номинациясы бойынша қатысушылар қазақ елінің қалыптасуына ерекше үлес қосқан алаш зиялыарының еңбектерімен қоғамдық қызметтерін зерттеген т.с.с рухани-патриоттық тақырып аясындағы   тақырыпта жаратылыстану және гуманитарлық пәндері бойынша ғылыми –сараптамалық зерттеу жұмысын, робототехника, мультипликациялық жобаларын ұсынады. Жұмыс 2 данада түптелген (переплет) күйінде байқау күні қазылар алқасына өткізілуі тиіс.

    Ғылыми-сараптамалық зерттеу жұмыста келесідей бөлімдерді қамтуы міндеттілінеді: 1) өзектілігі (актаульность); 2) ғылыми жаңалығы; 3)ғылыми ұсыныстары. Сонымен қатар, өзін-өзі ұстауы, тақырыпты меңгергендігі, жұмысты қорғау шеберлігі, сұрақтарға жауап беруі ескеріледі. Бұрын соңды зерттелмеген тың тақырыптарды ұсыну –артықшылық болып есептелінеді.Әр қатысушыға 3 минут уақыт беріледі.

    1. «Қолөнер және бейнелеу өнері» номинациясы бойынша қатысушылар «Рухани жаңғыру», «Алашордаға 100жыл», «Алаш зиялылары» отан, елбасы, ел, жер, туған өлке, жеңіс, ерлік пен елдіктің шежірелі беттері, батыр бабалар, тәуелсіздік және т.с.с рухани-патриоттық тақырып аясындағы   өз қолдарынан шыққан туындыларын көрме негізінде ұсынуы тиіс.Кемінде 3 туынды.
    2. «Жас сахна» номинациясы бойынша қатысушылар «Рухани жаңғыру», «Алаш ардақтылары», «Алашордаға 100 жыл» тақырыбын ашатын 10 минуттан аспайтын тарихи оқиғалар немесе қазіргі таңдағы жағдайларға байланысты оқиғалар желісімен сахналық қойылым қоюлары тиіс. Орындау шеберлігі, сахналық киімдері, тақырыпты аша білуі ескеріледі.
    1. 9.«Жас қалам» номинациясы бойынша қатысушылар «Ұлт болашағы-рухани жаңғыру» , «Алаштың ардақтылары», «Алаш және Қазақ елі» «Менің елім-мәңгілік ел», «Мәңгілік ел-мұратым», , «Ризамын, елім саған», «Батыр баба» (белгілі тарихи тұлғаға қатысты), «Елін сүйген Елбасы», «ЕХРО-2017 Болашақ энергиясы », «Модернизация общественного сознания», «Алашорда и Казахстан», «Мой президент», «Ассамблея-очаг единства», «Защитник родины», «Родной край», «Astana in the heart of Eurasia» , «The future energy is…» т.с.с рухани-патриоттық тақырып аясындағы шығармалары 20 қараша күніне дейін ұйымдастыру алқасына өткізуі тиіс. Шығарма А4 форматында, TIMES NEW ROMAN қарпінде 14 мөлшердегі әріппен 2 беттен кем болмауы тиіс. Дайын шығармаларды электрон күйінде поштасына 1 мамыр күніне дейін қатысушының және жетекшісінің аты жөнін толық, сыныбын, жасын, мектебі туралы ақпараттарын жазып жіберуі тиіс. Алдын-ала тексерілген шығармалардың қорытындысы   25 қараша күні шығып, жеіңмпаздар мен жүлдегерлер марапатталады.

    ЕСКЕРТУ! Әр қатысушы өзінің өнер көрсетуіне қажетті музыкасын СD дискіде немесе Flash картада сақтап байқау күні алдын ала ұйымдастырушыларға өткізуі тиіс.

    XI.МАРАПАТТАУ

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлер номинациялары мен жас ерекшеліктеріне сәйкес Бас жүлде, І,ІІ,ІІІ лауреаттары және І,ІІ,ІІІ дипломанттары грамоталармен, арнайы номинациялық марапат қағазымен және «ҮРКЕР» шығармашылық дамыту орталығының арнайы сыйлықтарымен марапaтталады. (барлық қатысушы сыйлық және номинациялық марапат қағазына ие болады)

    ЖЕТЕКШІ ұстаздар «ҮРКЕР» шығармашылық дамыту орталығының арнайы алғыс хатымен марапатталады. Ерекше үлес қосқан жетекшілерге «ҮРКЕР» шығармашылық дамыту орталығының және қолдаушылардың арнайы сыйлықтары табысталады. Республикалық телеарналар мен басылымдарда жарыққа шығарылады.

    XII.ҚАРЖЫЛЫҚ ШЫҒЫН ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК

    Фестиваль қатысушыларының жол шығындары және қатысушы жарнасы жіберуші тарап есебінен болады. Фестиваль уақытында кәмелетке толмаған қатысушыларға ата-аналары немесе жетекшілері жауапты болады.

    Байқауға қатысушылар келесідей сомада қатысушы жарнасын өткізуі тиіс:

    • жеке қатысушы-10 000 теңге;
    • дует-20 000 теңге;
    • трио- 25 000 теңге;
    • ансамбльдер (10адамға дейін)- 35 000 теңге (10 адамнан асқан жағдайда әр қатысушыға 3500 теңгеден)
    • «Жас қалам » бөлімі (шығарма) қатысушысы- 10 000 теңге

    Қатысу жарнасы барлық байқау бөлімдері бойынша 23 ҚАРАША күні тіркеу барысында жетекшілер немесе ата-аналармен немесе 16 жасқа толған оқушылармен өткізіледі.

    ХІІІ.БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АЛДЫН-АЛА ТІРКЕУ

    Байқауға қатысушыларды алдын-ала тіркеу ALASH.FESTIVAL@MAIL.RUпоштасы арқылы жүреді. Ақпарат алу және жауапты тұлғалар:

    1. Байқау бағдарламасы/ұйымдастыру сұрақтары:

                                                                 Жансая          +7  778 993 33 45

    1. Қарсы алу,орналастыру:               Нұрсұлтан   +7  708 403 87 94  
    2. Сұраныс/шақыртулар жіберу:      Лесгүл +7  707 765 62 65
    3. 4.Музыка және репертуар таңдау:  Гүлнар          +7  778 100 00 82

    Алдын-ала тіркелу 2018 жылдың 23 қараша күні аяқталады.

     

    ӨТІНІШ-САУАЛНАМА ҮЛГІСІ

    Қатысушы/ топ атауы Жасы Байқау бөлімі Келген жері Жетекші және байланыс
    1          
    2          
    3          
    4          
    5          
    6          
    7          

    Search