• (727) 272 74 11
  • info@litart.kz

    Новости

    Валентина Вегвари, Печ
    12.10.2018

    С 6 по 11 октября в Печском университете проходили стажировку магистранты второго курса Казахского национального университета имени аль-Фараби. Преподаватели кафедры славянской филологии прочитали для них лекции о языковой политике Евросоюза, семиотике лжи, особенностях межкультурной коммуникации в глобальном мире, постмодернизме и постреализме, дистопии и сатире, а также о других вопросах современного литературоведения. В Академии молодых учёных Русского центра студенты-магистранты представили свои магистерские диссертации по казахской литературе – в том числе на тему художественных песен в современной казахской поэзии, поэтике художественного пейзажа в современной казахской прозе и другие. 
    Вместе с московскими артистами, приехавшими в Печ при поддержке фонда «Русский мир» на международную музыкально-поэтическую конференцию «Я вернулся к друзьям», посвящённую 100-летию со дня рождения русского поэта-песенника Алексея Фатьянова, они приняли участие в мастер-классе по поэтическому творчеству А. Фатьянова, посетили первую публичную библиотеку имени Климо, а также послушали выступление певцов в Доме гражданских обществ.
    Магистранты много времени работали в центральной библиотеке университета над своими диссертациями и отметили, что две недели, проведённые в Пече, позволили им познакомиться с новыми научными исследованиями современной русистики в Венгрии, а также оказали большую помощь в написании их диссертаций.
    В конце стажировки они получили сертификаты Печского университета о прохождении стажировки, а также грамоты Русского центра за выступление в Академии молодых учёных.
     
     
     
     

    В Институте литературы и искусства им. М.О.Ауэзова 2 октября 2018 года состоялась встреча сотрудников отдела аналитики и внешних литературных связей с Беате Эшмент, PhD, научным сотрудником Центра восточноевропейских и международных исследований (ZOiS), расположенном в Берлине (Германия). Являясь экспертом по Центральной Азии, в апреле 2018 года она приняла участие в заседании Научно-экспертного совета АНК (www.24.kz) и выступила на XXVI сессии Ассамблеи народа Казахстана.

    Основной темой встречи был современный литературный процесс в Казахстане. Так как Беате Эшмент занимается исследованием межэтнических отношений в странах Центральной Азии, то её интерес вызвала ситуация с развитием национальных литератур этносов Казахстана. Отделом аналитики и внешних литературных связей еще в 2004 году была издана коллективная монография «Литература народов Казахстана», в 2014 году вышла в свет коллективная монография «Современная литература народа Казахстана», посвященная Году АНК. В ней представлены русская, уйгурская, корейская, немецкая, татарская, белорусская, курдская и узбекская литературы, об особенностях развития которых шла речь в ходе встречи.  

     

     

    2018 жылдың 27 қыркүйегінде М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ұлы жазушы, академик, Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің шығармашылығына арналған дәстүрлі «Әуезов оқулары» атты ХV халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын М.О.Әуезов мұражай-үйінің мәжіліс залында өткізді.

    Пленарлық мәжілісті М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директорының орынбасары, филол ғ.к. А.Қалиева кіріспе сөзбен ашты. Конференция барысында Қыздар педагогикалық университетінің профессоры, филол.ғ.д. Қ.Мәдібай «Мұхтар Әуезов және абайтану ғылымы», Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің бас ғылыми қызметкері, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филол.ғ.д., профессор М.Мырзахметов «М.О.Әуезовтің зерттеулеріндегі Абайдың өлең құрылымы», Фольклортану бөлімінің меңгерушісі, филол.ғ.д. Б.Әзібаева «М.О.Әуезовтің қазақ эпосы кейіпкерлерінің типтері жөніндегі концепциясы», Тәуелсіздік дәуіріндегі әдебиет және көркем публицистика бөлімінің бас ғылыми қызметкері, филол.ғ.д. Н.Ақыш «Әуезов әлемінің көркемдік әсері», Әуезовтану бөлімінің бас ғылыми қызметкері, филол.ғ.д. профессор А.Ісімақова «М.О.Әуезовтің «Әдебиет тарихындағы» теориялық ұстанымдар», Әуезовтану бөлімінің бас ғылыми қызметкері, филол.ғ.д. профессор Г.Пірәлі «М.Әуезовтің манастанудағы теориялық тұжырымдары», Әуезовтану бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, филол.ғ.к. К.Рахымжанов «М.Әуезовтің мұғалімдер семинариясындағы студенттік жылдары», Сыртқы әдеби байланыстар және аналитика бөлімінің меңгерушісі, филол.ғ.к., доцент С.Ананьева «Мухтар Ауэзов: новые преводы и исследования», Алматы университетінің проф. м.а., филол.ғ.к. Н.Рахманова ««Абай жолы» эпопеясындағы тарихи шындық пен көркемдік шешім», Театр және кино бөлімінің меңгерушісі, өнертану ғ.к. А. Мұқан «М.Әуезов және музыкалық театрдың даму белестері», Музыкатану бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, өнер.ғ.к., доцент А.Омарова «Наследие М.О.Ауэзова в контексте проблем модернизации казахской традиционной музыкальной культуры», Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры м.а. Л.Мұсалы «М.О.Әуезов шығармашылығындағы көркем бейнелеу (символ) жүйесі», М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалым-хатшысы, PhD доктор Е.Султан «Problems of genre boundaries in literature», М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының кіші ғылыми қызметкері А.Құрманбай «Мұхтар Әуезовтің «Бүркіт аңшылығының суреттері» әңгімесіндегі автор мен баяндаушының көркемдік қызметі» деген тақырыптарда жан-жақты тыңғылықты баяндамалар жасады.

    Конференцияның келесі сәті «М.О.Әуезов мұрасы және тұған жер» шығармалар байқауының жүлдегерлерін марапаттау рәсімімен жалғасты. Бұл 2012 жылдан бері өтіп келе жатқан дәстүрлі «Менің Әуезовім» атты дарынды оқушылардың шығармашылық конкурсы. Конкурс комиссиясына келіп түскен шығарманы іріктеу, сараптау жұмыстары нәтижесінде келесі жүлдегерлер анықталды.

     

    Гранд приз – Оразхан Аружан

    Алматы қ., Алмалы ауданы М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектептің 11 «А» сынып оқушысы.

    Пән мұғалімі – қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі Бертілеуова Клара Әлібекқызы

     

     

     

     

     

     

    І орын – Тұрсынбекова Диана

    Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы.

    Пән мұғалімі –Ағыбаева Ұлжалғас.

     

     

     

     

     

     

    ІІ – орын Еркенова Ақмарал

    Алматы қ., Алмалы ауданы М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектептің 10«А» сынып оқушысы.

    Пән мұғалімі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қайырбаева Алмагүл Ахтайқызы

     

     

     

     

    ІІІ – орын Нұрпеис Аружан

    Алматы қ., Бостандық ауд. Ғабдуллин к-сі 45

    Ш.Смағұлов атындағы Алматы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған физика-математика мектеп-интернаты 11 А сынып

    Диплом-сертификат – Тайжан Әсемай

    Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға

    арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-    

    интернатының 10 «В» сынып оқушысы.

    Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жалмаханова Жайна Абдинабиевна

    Диплом-сертификат Айдарбекова Мадина

    Алматы қ., Алмалы ауданы М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектептің 9 «Ә» сынып оқушысы.

    Пән мұғалімі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бертілеуова Клара Әлібекқызы.

     

     

     

    10-12 сентября 2018 года Национальная академическая библиотека Республики Казахстан, Министерство культуры и спорта Республики Казахстан под патронажем партии «Нур Отан», ЮНЕСКО, ИСЕСКО, Библиотечной ассоциации Евразии, ИКОМа (Международного совета музеев) провели в Астане Международный конгресс чтения «Культура чтения в современном мире».

    С приветствием  к его участникам обратились поэт, председатель Союза писателей Казахстана У. Есдаулет; доктор филологических наук, про-

    фессор М. Жолдасбеков; член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента РК, доктор филологических наук С. Абдрахманов;  писатель, драматург, лауреат Государственной премии РК С. Досанов;  посол Италии в РК Паскуале Д' Авино; Чрезвычайный и Полномочный посол Федеративной Республики Бразилия в РК Марсиане Доннер Абреу; академик Академии Российской словесности, директор издательства «Художественная литература» Г.В. Пряхин; писатель, член Союза писателей Египта Магди Халим; тюрколог, профессор Университета Мимар Синан А. Кара (Турция), президент Общественного объединения «Международный Иссык-Кульский форум» имени Ч. Айтматова А. Айтматов; генеральный директор Библиотечной Ассамблеи Евразии Г.А. Райкова и другие.

    В пленарном заседании с докладами выступили переводчик Хуан Чжонсян, Китай («Чтение и традиционная культура в Китае»); учёный секретарь Академии Ambrosiana Эдуардо Канетта, Италия («Реальность Амброзианы как определённое место чтения»); доктор филологических наук, профессор, академик Европейской Академии естествознания А. Темирболат («Тенденции развития казахстанской литературы в условиях глобализации») и другие.

    Модератором лекции-диалога «Новые идеи чтения. Современные стратегии поощрения и поддержки детского чтения и детской литературы», прочитанной заведующим сектором Ленинградской областной детской библиотеки, координатором программы «Дети и книги. Чтение без границ» Л.В.Степановой, выступил писатель, лауреат Международной премии имени Ж. Жабаева, главный научный сотрудник Института литературы и искусства имени М.О. Ауэзова КН МОН РК, доктор филологических наук Н. Акыш.    

    Работа международного конгресса чтения включала проведение круглых столов «Национальная литература культурное и духовное наследие народа» (модераторы академик НАН РК, доктор филологических наук Д. Камзабекулы; Г.В. Пряхин и писатель, издатель, доктор философских наук Р. Маженкызы); «Мир читает Айтматова» (модераторы – писатель, журналист, заведующий кафедрой телевидения, радио и связей с общественностью ЕНУ имени Л.Н. Гумилева Г.М. Шалахметов; профессор Кыргызско-Турецкого университета «Манас», доктор филологических наук К. Конкобаев); «Библиотека. Общество. Чтение» (модераторы – руководитель Национальной академической библиотеки РК, доктор педагогических наук У.Д. Муналбаева; генеральный директор Национальной библиотеки Республики Молдова Е. Пинтилей); «Средневековая тюркская письменность» (модераторы – доктор исторических наук, профессор университета искусств имени Мимара Синана, Турция, А. Кара; главный научный сотрудник Казахского научно-исследовательского института культуры Министерства культуры и спорта РК А.Н. Гаркавец).

    Большой интерес вызвали литературные гостиные «Словами можно прикасаться» (встреча с Я.Л. Вишневским; модератор – кандидат филологических наук, доцент ЕНУ имени Л.Н. Гумилева Д.Б. Аманжолова) и «Әдебиет шаһарының Әкімі» (творческий вечер, посвященный 85-летиюлауреата Государственной премии РК, писателя-драматурга Акима Тарази; модератор – писатель, лауреат Государственной премии РК Т. Абдик). Программа Международного конгресса включала встречу с писателем С. Грегор, пресс-рандеву «Как писать о библиотеке?», семинар-тренинг «Тайм менеджмент в библиотеке», авторский мастер-класс «Непреложные законы маркетинга и их применение в библиотечной отрасли».

    Участники конгресса из Австрии, Азербайджана, Армении, Болгарии, Венгрии, Германии, Грузии, Египта, Индии, Ирана, Киргизии, Китая, Кореи, Латвии, Македонии, Монголии, Молдовы, России, Румынии, Таджикистана, Турции, Узбекистана, Финляндии, Франции приняли участие в мероприятии «Культурная палитра Беларуси» (модераторы – писатель, первый заместитель председателя Союза писателей Беларуси Е.А. Стельмах и руководитель Национальной академической библиотеки РК, доктор педагогических наук У.Д. Муналбаева).

     

     

    Қазақтың белгілі мүсіншісі, Ленин Комсомолы сыйлығының лауреаты, Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың иегері Бақытжан Әлімбайұлы Әбішевтің жары Шәмшігүл Мырзабекқызы «Әбішев әлемі» және «Мәңгілік мүсін» атты мүсіншінің шығармашылығын насихаттайтын кітаптарын институт кітапханасының қорына сыйға тартты. Бақытжан Әлімбайұлының шығармашылығына қызығушы оқырмандар кітапты институт кітапханасынан оқи алады.

    Қазақтың көрнекті мүсіншісі Бақытжан Әбішевтің есімі елімізге, алыс-жақын шет елдерге кеңінен танымал. Оның тұғырға қонған ескерткіштері Отанымыздың байтақ өлкесінде бой көтеріп, елдің еңсесін тіктейтін, жас ұрпақты патриоттыққа баулитын, бабалар даңқын, батырлар рухын асқақтатқан аса құнды мұраға айналып келеді.

    Бақытжан Әбішев қара тасқа тіл бітіріп сайрататын, меңіреу мүсіннің бойына жан салып тірілтетін хас шебер, тума дарын иесі. Бұхар жырау, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Жаяу Мұса, Абай, Сүйінбай, Жамбыл, Кенен, Мұхтар, Махамбет пен Исатай, Жасыбай батыр, Әлия мен Мәншүк, Қаныш Сәтбаев, Сәкен Сейфуллин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Тоқаш Бокин, Дінмұхамед Қонаев, Сәрсен Аманжолов, Әди Шәріпов... ұлылар керуені осылай жалғаса береді. «Құлагер», «Ұмай Ана», «Ұран», «Томирис», «Бүркітші», «Талтүс», «Балалық шақ» қатарлы еңбектерінен сақ пен ғұннан тараған, текті түркілердің ұрпағы екенімізді дәлелдеп, аттың жалы, түйенің қомында жүрген бағзы көшпенділердің мәдениетінің жұрнағын қаз-қалпында бүгінге жеткізуді мұрат тұтады...

     

     

    Эпистолярное наследие известных мастеров художественного слова вызывает научный интерес у современных исследователей во всем мире отнюдь не случайно, поскольку позволяет ввести в научный оборот неизвестные ранее материалы, раскрыть творческую лабораторию, представить полнее процесс работы над тем или иным произведением, круг знакомств автора и т.д. В письмах классика казахской и мировой литературы М.О. Ауэзова привлекают высокопрофессиональная оценка произведений казахской, русской и мировой литературы, откровенное обсуждение проблем и вопросов художественного перевода с российскими коллегами, дискуссии на литературные темы и многие другие актуальные проблемы развития художественной литературы и критики.

    Большой научный интерес в этом плане представляет статья руководителя Дома-музея М.О. Ауэзова, заведующего отделом ауэзоведения Института литературы и искусства имени М.О. Ауэзова КН МОН РК кандидата филологических наук Диара Кунаева «О переводе романа-эпопеи Путь Абая на русский язык (Из переписки М. Ауэзова с Л. Соболевым)», увидевшая свет на страницах четвертого номера журнала «Вопросы литературы» за 2018 год. «В творческом сотрудничестве М.О. Ауэзова с Л. Соболевым осуществлялось взаимодействие двух национальных культур, двух зрелых крупных индивидуальностей, несущих две различные традиции, два образных принципа мышления, два языка. В драме («Абай». – С.А.) соединились эпический образ героя и тенденция углубленной психологической разработки характера. В работе над этой пьесой, – делает вывод Д. Кунаев, – уже закладывались идейно-эстетические основы будущего романа об Абае».

    В фондах Научно-культурного центра «Дом Ауэзова» бережно хранится переписка Л. Соболева с Мухтаром Омархановичем, помощь которого переводчику в процессе перевода романа-эпопеи «Путь Абая» на русский язык была неоценима. Автор романа-эпопеи не только лично объяснял многие выражения, неточно переданные подстрочным переводом, но и во многих случаях сам делал подстрочник, что облегчало работу Л. Соболева. Из воспоминаний Леонида Сергеевича о Мухтаре Омархановиче: «При всей его удивительной образованности, эрудиции … он был человеком необычайно деликатным и чрезвычайно интересным в творчестве. Бывало, во время работы подстрочник … не всегда был удачно сделан, я его не очень понимал, … что там было, что хотел сказать Мухтар … Мухтар очень часто приезжал в Москву, и я его просил эти страницы рассказать мне заново. И он как бы преображался, он удивительным своим своеобразным русским языком переводил казахские образы; и оставалось это только ловить, для того чтобы запечатлеть на русском языке».

    Публикация научной статьи Д.А. Кунаева «О переводе романа-эпопеи Путь Абая на русский язык (Из переписки М. Ауэзова с Л. Соболевым)» в ведущем научном издании России – журнале «Вопросы литературы» стала еще одним ярким подтверждением высокго уровня развития казахско-российских литературных связей.

                                                                                    Светлана Ананьева

     

     

    Қазақ ұлттық өнер университетінде көрнекті жазушы, драматург, Әкім Үртайұлы Таразидің 85 жылдық үш күнге созылған мерейтойы дүркіреп өтті. 

    Абай атындағы Қазақ педагогика институтының филология факультетін, Мәскеудегі сценаристердің жоғары курсын тәмамдағаннан кейін республикалық газет-журналдарда, «Қазақфильм» киностудиясында редколлегия мүшесі, Бас редакторы, Кинематографистер одағы мен Қазақстан Жазушылар одағының басқарма хатшысы қызмет атқарды. Жазушының қаламынан қанат қаққан алғашқы жүрекжарды «Құйрықты жұлдыз» повесінен бастап «Үлкен ауыл», «Асу асу», «Қиян соқпақ», «Бұлтқа салған ұясын», «Тасжарған», «Қыз махаббаты», «Гнездо на облаках», «Журавли журавушки», «Басынан Қаратаудың…», «Кен», «Тәж» т.б. повесть, әңгімелері мен романдары әр буындағы оқырманның ыстық ілтипатына ие болды. «Тұлпардың ізі» (М.Бегалин), «Арман атаман» (Ш.Бейсенбаев), «Қараш қараш оқиғасы» (Б.Шәмшиев), «Мұстафа Шоқай» (С.Нарымбетов), т.б. кинофильмдерге сценарийлері қазақ кино өнерін дамытуға қосқан сүбелі үлесі болып еліміздің өнері мен мәдениетіне олжа салған айтулы туындылар ретінде тарихта қалады. Бірқатар кітаптары шетел тілдеріне аударылып, төл әдебиетімізді өзге халықтарға таныстыруға көпір бола алды.

    Әкім аға драматургия секілді күрделі жанрмен де түбегейлі айналысып келе жатқан суреткер. Оның қаламынан туған «Күлмейтін комедия», «Жақсы кісі», «Жолы болғыш жігіт», «Қос боздақ», «Лайнер», «Люстра», «Мұстафа Шоқай», «Ақын, періште, махаббат» т.б. пьесалар республика театрлары сахнасына қойылып көрермен қауым мен театр сыншыларының лайықты бағасын алды.

    19 қыркүйекте Қазақ ұлттық өнер университетінің Жамбыл Жабаев атындағы залында «Тарази тағылымы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының салтанатты ашылуы болды. Юбилярды Елбасының арнайы құттықтаған ресми хатынан бастап ресми мекемелер мен алыс-жақыннан келген қонақтардың ыстық лебіздері жалғастырды. Осы салтанатты жиында М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ұжымы атынан мерейтой иесін 85 жасқа толған торқалы тойымен құттықтадық. Арнайы жазылған мерейтойлық кеш бағдарламасындағы таңдаулы концерттік номерлер Әкім ағаның шығармаларынан театрландырылған үзінділермен жалғасып бір деммен өтті.

    Түстен кейін Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық кітапханасында жазушының шығармашылығына арналған көрме және екі кітаптың («Әкім Тарази – кинодраматург. «Тұлпардың ізі»: сценарийден фильмге дейін», авторы: Нәзира Рахманқызы; «Жазушы жаны. Әкім Тарази прозасындағы ұлт болмысы», авторы: Ұларбек Нұрғалым) тұсаукесері өтті. Әшейінде, мерейтойда жазушының шығармаларының тұсауы кесіліп жататын. Мұндай іс-шарада Әкім ағаның шәкіртерінің суреткер ұстаз шығармашылығы туралы кітаптарының таныстырылымы болуы мерейтой иесінің көп қырлы суреткерлік келбетін, жұмыс стилін, образдар әлемін, көтерген тақырыптарының ашылуын т.б. маңызды да мазмұнды мәселелерді көтерген екі кітаптың Ә.Таразитану ғылымына қосылған қомақты үлес болатынына көз жеткіздік.

    20 қыркүйек Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның жұмысы қаламгердің шығармашылығын тереңнен зерттеп жүрген алыс-жақын шетелден келген ғалымдар, аудармашылар, еліміздің белгілі әдебиет пен өнер өкілдері қатысқан мазмұнды баяндамаларға берілді. Конференция жұмысында Өзбекстаннан келген ғалым, аудармашы Қозақбай Юлдашев Әкім Таразидің «Мұстафа Шоқай» романы туралы өте қызықты баяндама жасады. Одан өзге Түркиялық жас ғалым, Анкара қаласындағы Қажы Байрам Уәли университетінің профессоры, аудармашы, қазақ жазушыларының, соның ішінде Әкім ағамыздың шығармаларын зерттеп жүрген Жемиле Қынажы, белгілі өзбек жазушысы, аудармашы Мехмон Исламқұлов, әзербайжандық белгілі әдебиеттанушы Первана Мамедли, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры Алпысбай Мұсаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры м.а., әдебиеттанушы Ләйла Мұсалы, әдебиет, өнер туралы өндіріп жазып жүрген жас сыншы, әдебиеттанушы Әлібек Байболов, Астана қаласындағы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Қарлығаш Байтанасова, Еуразия гуманитарлық институтының доценті Лаура Дәуренбековалардың, т.б. жазушы шығармаларының астарына үңілген қызықты, мағыналы баяндамаларын конференцияға жиналған жұрт қызыға тыңдады. Өз тарапымыздан Әкім Тарази драматургиясының ерекшеліктеріне, ондағы көтерілген тақырыптар мен образдар галереясына, драматургтің жазу стиліндегі өзіндік қайталанбас тұстарын ашуға тырыстық. Пьесаларының күрделі һәм өзектілігі, театрлар мен режиссерлер көп бара бермейтін, сахнаға қоюға алған күннің өзінде де оңай шағыла қоятын дүние емес екендігіне назар аудардық. Автордың шығармасының келбетін ашатын кілтін табу өте маңызды, жартылай жеңіс екендігін баса көрсеттік. Баяндамалардың барлығы енген ғылыми жинақ жарық көрген, конференция соңында қатысушыларға арнайы дайындалған сертификаттар табыс етілді. 

    Келесі күні Қазақ ұлттық өнер университетінің Ш. Айманов атындағы кинозалында Әкім Таразидің сценарийі бойынша түсірілген фильмдер көрсетілімі болды. Көрсетілім арасында сценарий авторы «Қараш-Қараш оқиғасы» фильмінің қалай түсірілгенін айтып берді. Режиссер Сатыбалды Нарымбетов «Мұстафа Шоқай» мен «Қызжылаған» фильмдерінің түсірілу тарихына байланысты көрермен сұрақтарына жауап берді. «Тарази тағылымы» халықаралық ғылыми-пратикалық конференциясы мен оның аясында өткен мәдени іс-шаралардың жұмысы аяқталып келген қонақтар мен оған қатысқан студенттер өздеріне қажет көптеген тағдымды сабақ алды.

    Әкім Тарази ағамыздың қоғам мен әлеуметтік өмірді тамыршыдай дөп басып зерделеген туындылары өзінің құндылығын жоғалтпақ емес. Сөз өнерін қадір тұтқан шығармашылықтың жолында шаршамай-талмай, шалдықпай, әлі де жемісті еңбек етеді дей отырып, Әкім ағамызға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұжымы атынан мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!

     

    Театртанушы А.МҰҚАН

     

     

      Вице-президенту фонда «Иссык-кульский форум имени Чингиза Айтматова» Ассоль Молдокматовой, принимавшей участие в I Международном форуме писателей «Роль современной литературы в изменяющемся мире», проходившем в Алматы 10-12 сентября 2018 года, презентована коллективная монография Института литературы и искусства имени М.О. Ауэзова КН МОН РК «Мировой литературный процесс ХХI века» (отв. редактор – С.В. Ананьева).

    Авторы разделов научного издания – литературоведы и критики Беларуси, Грузии, Литвы, Татарстана, России исследуют современный литературный процесс, в котором представлен постмодернистский дискурс, постреализм, неомифиологизм, экзистенциально осмысленная несвобода бытия и т.д. Раздел о современной литературе Кыргызстана написал заведующий кафедрой истории и теории литературы Кыргызско-Российского славянского университета, доктор филологических наук, профессор, член Союза писателей Кыргызстана Бахтияр Койчуев.

    Чингиз Айтматов, подчеркивает Б. Койчуев, «смог воплотить историю кыргызского народа ХХ-го века и, по праву памяти, остается в ней, пока неизбывно художественное слово… К проблемам планетарного масштаба писатель выходил через национальное миросозерцание, “проклятые” вопросы человеческой жизни на пути постижения ее смысла посредством извечного слова. И в этом – непреходящее значение его творчества».

    В своем выступлении на I Международном форуме писателей «Роль современной литературы в изменяющемся мире» заведующая отделом аналитики и внешних литературных связей Института литературы и искусства имени М.О. Ауэзова, член Правления Союза писателей Казахстана Светлана Ананьева говорила о том, что изучение творчества великого писателя ХХ века Чингиза Айтматова, по-прежнему, актуально и востребовано: «В Минске на белорусском языке великолепно полиграфически издан роман выдающегося писателя ХХ века Чингиза Айтматова “И дольше века длится день…”. На обложке книги два названия романа: “Буранный полустанок”, “И дольше века длится день…”. Уверена, что прозу и публицистику Ч. Айтматова нам предстоит перечитывать и изучать, продолжая открывать для себя мир его художественных образов, неповторимый стиль и поэтику».

    В Усть-Каменогорске в 2017 году издана монография кандидата филологических наук Ларисы Демченко «Поэтика прозы Чингиза Айтматова» (рецензенты С. Ананьева и Л. Васильченко). Книга рекомендована к изданию Ученым советом ВКГУ имени С. Аманжолова и увидела свет в издательстве «Берел». Л.Н. Демченко изучает творчество писателя, начиная с ранних произведений, предлагая собственное прочтение авторского текста. Неудержимое желание изменить мир придаёт прозе  Ч. Айтматова стойкое жизнеутверждение, автор соединяет в своих произведениях фантастику и миф, легенды и реальность. Прочтение айтматовских текстов создаёт панорамную, великую по масштабу картину жизни.

    «Фольклорно-мифологическая основа Айтматовских произведений позволяет писателю выйти к общечеловеческим проблемам, что делает его повествование открытым для большой аудитории читателей, с одной стороны, и с другой, как считает Н. Рубцов, "является художественно-философским цементом, скрепляющим сюжет произведения и придающим ему притчеобразность"». Л.Н. Демченко  уверена, что «писателя всегда интересовал именно человек и его отношение к миру, он рассматривал происходящее через призму исторического, легендарно-мифологического, условного времени, через глубоко национальные мотивы, национальную культуру и историю народа». Национальное своеобразие прозы кыргызского писателя выявлено в контексте сопоставления с деревенской прозой Иона Друце. Хронотоп степи в его текстах, пейзаж отражение национального образа мира, в котором большую роль играют символика круга, поэтика цвета и цвето-образы.

    Монографию Л.Н. Демченко «Поэтика прозы Чингиза Айтматова» завершает список диссертаций, защищённых по творчеству Ч. Айтматова в России (Москва, Майкоп, Томск, Волгоград), Башкирии, Дагестане, Казахстане и Кыргызстане и список публикаций Л.Н. Демченко по творчеству Ч. Айтматова.  

     

                                                                                      Светлана Ананьева

     

     

    Об институте

    Институт литературы и искусства имени М. О. Ауэзова Министерства образования и науки Республики Казахстан был организован в 1934 году как Казахский научно-исследовательский институт национальной культуры. В 1936 году он вошел в состав сектора казахского языка, литературы и народного творчества Казахского филиала Академии наук СССР. С 1941 года этот сектор находился в составе Института истории, языка и литературы. В 1945 году был преобразован в Институт языка и литературы. В мае 1961 года на его базе был организован Институт литературы и искусства Академии наук КазССР, которому в августе того же года было присвоено имя М. О. Ауэзова.

    За время своего существования Институт литературы и искусства им. М.О.Ауэзова стал по праву главным научным центром казахского литературоведения, фольклористики и искусствознания. Ученые Института вносят немалый вклад в исследование истории и теории отечественной литературы, культуры и творческого наследия выдающихся представителей искусства.

    Подробнее

    Курс на будущее: духовное возрождение.

    Нурдаулет Акыш,

    писатель, гл. научный сотрудник Института литературы и искусства имени М.О. Ауэзова:

    – Есть один важный вопрос, связанный с переходом на латиницу. Нужно сказать, казахскоязычная аудитория не переходит, а снова возвращается к этому алфавиту. Ведь в 1929-1940 годах казахи использовали этот алфавит. Но, несмотря на это, нужна огромная подготовка к переходу на новый алфавит. Самый главным вопросом является его внедрение в компьютеры, потому что звуки казахского языка выходят за мировой стандарт, состоящий из 26 знаков. Даже перешедшие на латинский алфавит еще в 1928 году турки не смогли обозначить некоторые звуки. Такие недостатки имеются и у других перешедших на латиницу народов.

    По предположению оппонентов при переходе на латиницу могут возникнуть такие проблемы: 1) научная литература на казахском языке до сегодняшнего времени писалась только на кириллице; 2) подготовка преподавателей на латинице; 3) продолжение работы частных предприятий на кириллице; 4) уменьшение в национальных СМИ спроса на печатные издания на латинице; 5) обучавшиеся на кириллице казахи после разделения алфавита могут не брать в руки написанное на латинице.

    В Парламенте были рассмотрены несколько новых вариантов латинского алфавита. В высшем эшелоне много поддерживающих эти предложения.

    Есть несколько вопросов, которые надо учесть после начала применения латинского алфавита. Один из них – обучение грамоте на этом алфавите. Об этом сегодня молчат и не обсуждают. Здесь надо обратить внимание на следующий вопрос – правильное внедрение приемов обучения новому алфавиту. Вопрос повышения грамотности – это долгосрочное дело. На это нельзя смотреть поверхностно. Подготовительную работу надо вести с учетом возраста людей. Поэтому надо уберечься от некоторых необдуманных половинчатых решений.

    С сегодняшнего дня мы должны уделять внимание тому, каким будет состояние государственного языка после полного перехода на латинский алфавит. Хотя казахский язык назван государственным, до сегодняшнего дня законодательно не обозначены его место в жизни общества и границы применения, а задачи и цели его все еще туманны.

    Скажем, к примеру, если казахский язык по Конституции утвержден государственным, то разве не должно быть четко обозначено его место в применении? Это значит его применение в деловых бумагах, бухгалтерских и финансовых документах, государственных документах. Ведь так полагается во всех государствах. Тогда почему такие меры не применяются у нас в отношении государственного языка? Язык банковской деятельности вовсе далек от казахского, и если в этой сфере хочешь получить ответ на какой-либо вопрос на родном языке, сталкиваешься с неприятием.

    Мало того, начиная с 2017 года некоторые комитеты Министерства образования и науки требуют отчеты на английском языке. Разве такое требование закреплено в Конституции и других законодательных актах? А если это не закреплено, то разве это требование не является нарушением закона?

    Если полностью перейдем к использованию латиницы, то и делопроизводство государственных учреждений. И так как на латинский алфавит будет переведен государственный язык, то значит, и государственные документы должны будут писаться на нем.

    В решении этого вопроса самой главной трудностью сегодня является технический вопрос – это размещение в 26 знаках компьютеров 42 звуков. Правда, этот вопрос вроде бы находит решение. В связи с этим нужно ли сохранять нехарактерные для казахского языка буквы «в», «ф», «ч»? Эти буквы используются только в заимствованных с других языков словах, да и то редко. Эти знаки нужно удалить с клавиатуры, а вместо них ввести знаки наиболее активных звуков чисто казахских слов.

    Частота применения в языке звуков бывает разной. Но такие буквы, как «ұ», «ү», «ғ», «қ», «і», «ә», «ө», употребляются наиболее часто. Нужно найти формы их обозначения. И если для них мы уберем знаки «в», «ф», «ч», то ничего не потеряем. Их можно обозначать дополнительными знаками.
    В одном из первых предложений о написании слова «сәбіз» появились разные шутливые высказвания. Например, соединить вместе буквы «ае». Тогда для написания одной буквы придется дважды нажимать на клавиши, мол, тогда придется делать лишнее движение и уменьшится производительность труда. Ведь в казахском языке буква «ә» наиболее часто употребляемая.
    По-моему, один из недостатков – написание некоторых исконных звуков казахского языка двойными точками сверху или апострофами. Понятно, что переход на латиницу ставит целью с переходом на единую графику сближение с родственными тюркскими народами. Правильная цель. Однако, как видим, начиная с самых многочисленных турков большинство пишущих на этом алфавите народов обозначают исконные звуки не апострофами, а двумя точками сверху. Возникает вопрос, почему мы не выберем это. Ведь при написании апострофами внутри слов появляется разрыв.

    В третьих, двойное нажатие клавиши для набора одной буквы снижает производительность труда, да и удлиняет текст. Поэтому горячие сторонники языка на всех обсуждениях говорят о принципе «каждому звуку – единый знак».

    Ссылка на газету: http://vecher.kz/allnews/tu-an-zher/prichiny-vozvrashcheniya

     

     

    Латын әрпін қолдана бастағаннан кейін ескеруді қажет ететін бірер мәселе бар. Соның бірі – мемлекеттік тілдің ахуалы қандай деңгейде болатындығы. Мемлекеттік тілімі болғанымен, бірақ оның шеті мен шегі, қоғамда алатын орнының деңгейі заңнамада толық нақтыланбаған, жалпы нысан ретіндегі болмысы әлі де бұлдырлау.

    Мысал үшін алатын болсақ, Конституция бойынша қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде белгіленсе, онда оның қоғамдағы орны да нақтыланып көрсетілуі тиіс емес пе? Қай мемлекеттің болсын іс қағаздары, бухгалтерлік, қаржылық (финанстық) есеп-қисаптары, мемлекет жұмыстарына қатысты толып жатқан қағаз толтырулар мемлекеттік тілде жүргізілуі керек қой. Мемлекеттік түсім комитеттеріне және басқа мемлекеттік органдарға жөнелтіліп жатқан есеп-қисаптар әзірше тек қана орысша. Банк тілі қазақшаға мүлде жолағысы келмейді, тіпті осы ұйымдардың бір нәрсеге жауап алғың келсе, қазақша сөйлегенің үшін өзіңді кінәлап, өзіңе ұрсатыны жөніндегі алаңдататын мысалдар баршылық.

    Осы арада айтайын дегенім – тек латын қарпін енгізіп қана қоймай, мемлекеттік мекемелердегі іс жүргізу жұмыстарын да латын қарпіне көшіру керек екендігі. Латын қарпі мемлекеттік тілімізде қолданылатын болса, онда бүкіл мемлкекеттік құжаттар да осы қаріппен жазылуы тиіс емес пе?

    Біз шет тіліндегі сөздерді алдымен орыс тілі арқылы қабылдайтын әдетімізден әлі айнығанымыз жоқ. Ал осындай жолмен енген жекелеген термин сөздердің, ономастикалық және топонимикалық атаулардың орыс тілі арқылы бұрмалауға түсіп келіп жатқандығы жайында жаппай ойланбаймыз.

    Тілі келмегендіктен, басқа ұлттардың көптеген сөздерін артикуляциялық ерекшеліктеріне байланысты орыстардың дәл сол қалпында қайталап айта алмайтынындығы табиғи. Мысалы, көршілес Қытай Халық Республикасының астанасын осы күнге дейін Пекин деп жазып жүрміз. Оның қытай тілінде Бейжің деп дыбысталынын білсек те, сол әуелгі жаңсақтық жалғасын табуда. Сондай-ақ, Шанхай деген қала аты да сондай халде. Қытайша білетіндердің айтуына қарағанда ол «Шаңқай» деп жазылуы керек екен. Кәдімгі қазақтың «Шаңқай түс» деген тіркесіндегі «шаңқай». Орыс тілінде «Қ» мен «Ң-ның» жоқ екендігі белгілі.

    АҚШ-тың астанасын әлі күнге дейін орысша транскрипциясы бойынша «Вашингтон» деп жазамыз. Кириллицаға салған жағдайда ол шамамен «Уошынтон» деп жазылуы тиіс еді. Ағылшын, француз неміс және т.б. тілдерден енген термин сөздердің бұрмаланбағаны некен-саяқ көрінеді. Қазақ тіліне тән «Ұ», «Ү», «Ғ», «Қ», «І», «Ә», «Ң», «Ө», «Һ» дыбыстарының орыс тілінде жоқ екендігі белгілі. Криллицада олардың әріптік таңбалары да жоқ. Мұндай жағдайда орыс байғұс бұрмаламай қайтеді. Тілімізде ондай дыбыстар бола тұрып, біз сол бұрмалаудың теріс ықпалымен кетіп барамыз.

    Бұрын бодан болған ұлттар тіл басқыншылығынан шешімталдықпен құтылып жатқан кезде ана тіліміз әлі де орысшаға тәуелді. Оны мойындауымыз керек.

    Орысшада жоқ қазақ дыбыстарының біразы ағылшын және басқа ұлттардың тілдерінде бар. Егер латыншаға көшсек, сол тілдердегі сөздерді түпнұсқаға жақындатып жазатынымыз, жазып қана қоймай, сөйтіп айтатынымыз анық. Сонымен бірге қазақ тілін үйренгісі келетін шетелдіктер оны орыс тілі арқылы емес, тікелей үйренсе тез меңгеретін болады, сөйтіп ұлтаралық интеграция да күшейе түспек.

    Бұл арадағы жалғыз-ақ қиындық – осы уақытқа шейін шет тілдері мен қазақ тілін арасында делдал болып келе жатқан орыс тілінің рөлінің төмендеп қалатындығы. Бір сөзбен айтқанда, латын әліпбиіне қайта оралу тілдік тәуелсіздікті нығайтуға жасалған келесі қадам болмақ.

    Нұрдәулет Ақыш

    Елбасының «Болашаққабағдар: руханижаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген тапсырмаларды орындау мақсатында және мақаланың идеялық мазмұнын жан-жақты түсіндіріп, насихаттау үшін Институт директоры У.Қалижановтың бұйрығымен арнайы жұмыс тобы құрылды. Филология ғылымдарының докторы Н.Б. Ақыш жетекшілік ететін жұмыс тобының құрамында А.Қ.Ахетов, Ә.Хамраев, Е.Баят сынды елге танымал азаматтар мен өнертанушы жас ғалым А.Еспенова бар. Жұмыс тобы маусым айынан бастап жоспарлы іс-шараларды өткізуге кірісті.

    Жуырда топ жетекшісі Н.Б.Ақыш Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында болып қайтты. Нұрдәулет Бәбиханұлы Барлыбай аңғарында орналасқан аудандық «Сеңгір тынығу лагерінде» және Маңырақ ауылдық округінде тұрғындармен кездесулер өткізіп, Елбасының бағдарламалық мақаласын жан-жақты талқылауға арналған жиындар өткізді. Тыңдаушы қауым тарапынан қойылған сұрақтар легі кездесулердің салмағын арттырып, мағынасын арттыра түсті. Округ тұрғындарымен болған кездесу халық батыры Дәулетбай батырға және ақын-композитор Әрімжан Жанұзақұлына арналған ескерткіштерді орнату аясында өтті. Екі кездесу де тыңдаушыларды өзінше әсерге бөлеп, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын тереңірек түсінуге ықпал жасағаны сөзсіз.

    Аталған іс-шараларға қатысып, салихалы әңгімелерді ықыласпен тыңдаған жұртшылық өкілдері, соның ішінде Маңырақ округінің әкімі Ә.Қожахметов, кәсіпкер Б.Мықиянов, «Сеңгір тынығу лагерінің» жетекшісі Б.Саябаев өз сөздерінде Елбасының бағдарламалық мақаласында айтылған мәселелерге қашанда қолдау білдіретіндіктерін жеткізіп, Алматыдан арнайы келген ғалым-жазушыға алғыстарын жеткізді.

    ШҚО Тарбағатай ауданындағы «Сеңгір тынығу лагерінде» өткен кездесуге 40 адам, Маңырақ ауылдық округіндегі бас қосуға 60 адам қатысты.

     

     

    Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талдау

    Нұрдәулет Ақыш

    Латын әліпбиіне көшу туралы пікірталастар

    Осы соңғы айларда қазақ қоғамын серпілткен елеулі оқиғалардың бірі Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы болды. Онда Елбасымыз: «Мен 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақастан-2050» Стратегиясында «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдемдім. Бұл – сол кезде барлық салаларда біз латын қарпіне көшуді бастаймыз деген сөз» деп атап айтқан болатын.

    Осыған орай қазақ оқырмандарының назарын аударып отырған шоқтықты пікірталастың бірі – қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру идеясына қатысты. Ұлтымыздың рухани әлемі үшін маңызды болып табылатын осынау өзекті мәселеге байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында түрлі ұсыныстар, ой-пікірлер тасқыны үздіксіз орын алуда.

    Күн тәртібінде тұрған осынау өзекті тақырыпты одан әрі дамытып, латын әліпбиіне көшудің тиімді жақтары мен зиянды тұстарын талдап көрсетіп жазылған мақалалар қатары күн сайын толыға түсуде. Олардың арасында назар аударуға татитындарының бірі - Амангелді Айталының «Қазақ тіліне сұраныс жоқ елде латын әліпбиіне сұраныс бола ма?» деп аталатын сараптамасында бірден басын ашып айтатын жағдай – автор мәселені қабырғасынан қоя отырып, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу мәселесіне күмәнмен қарайды. Оның алдымен үңілетіні – өзіне дейін латынға көшуді қолдап жарық көрген мақалалар мен айтылған ойлардың кемшін тұстары.

    Мысал үшін алғанда, латын әліпбиіне 1928 жылы көшкен түріктердің өздерінің дыбыстық қорындағы кейбір әріптерді әліпби жүйесінде таңбалай алмапты. Мұндай кемшін тұстар әліпбилерін ауыстырған басқа халықтарда да бар көрінеді.

    Автордың айтуынша, осы түріктер араб графикаларына негізделген рухани мұраларын осы күнге дейін пайдалана алмай отыр екен. Біз латын қарпіне көше қалған жағдайда туындайтын проблемалар қатары мынандай болуы мүмкін.

    1)Қазақ тіліндегі ғылыми әдебиеттің осы уақытқа шейін тұтастай дерлік тек кирилл графикасында жазылуы; 2)жаңа әліпби бойынша мұғалімдер дайындау; 3)жекеменшік мекемелердің бұрынғыша кирилл әріптерімен жұмыс істей беруі; 4) латын әліпбиімен шығатын ұлттық баспасөзге деген сұраныстың азайып кетуі; 5) сонымен бірге қазақтардың бұрыннан да кириллицамен оқитын тобы әліпби екіге бөлінгеннен кейін, латын шрифтісімен жазылғандарды мүлде қолға алмай кету ықтыималдылығы және т.б.

    Авторлардың тағы бір қауіптенетіні – орыс және қазақ тілді болып екіге бөлініп кеткен қазақ ұлты енді екі түрлі әліпбиді қолдана бастағанда, ара жіктері тіпті ашылып, бұдан әрі тереңдей түсуі мүмкін екендігі. Сөйтіп айналып келгенде, Амангелді Айталы латын әліпбиіне көшу реформасын асықтырмай, сақтыққа шақыру жағын қолдайды. Түйіндеп айтқанда, бұл кісінің сөзінде де қоғамның ересектер тобына тән болып отырған типтік сақтық себептері бой көрсеткен.

    Латынға қарсы топтағылардың тағы бір уәжі мынандай болып келеді: «...қазақ тілі Құдайдың әрпіне көшсе де, өркендей алмайды... Жалғыз қазақ тілін мемлекеттік тіл қылып, онда да бірнеше жылдан кейін қолдану аясын 100 пайызға жеткізіп барып латынға көшсе болады ғой деп ойлаймын. Ал осы қалпымызбен латынға өтсек, орыстілділерді айтпағанда, қазір қазақша жазып, сөйлеп жүргендердің өзі орысша сөйлеп, қызмет қағаздарын орысша толтырып жаза бастайды...» (Жас алаш, №20, 14-наурыз, 2013 ж.)

    Латын әліпбиіне көшуді табанды түрде қолдайтын мақаланың бірі –Қазыбек Исаның «Шынайы тәуелсіздік латынға өтумен келмек» деп аталатын сипаттағы мақаласы. Қазақ жазуындағы арғы-бергі кезеңдерге шолу жасай келіп, Қазыбек Иса латын жазуына көшуді қиындықтары мен артықшылықтарын өз эмоциясын қоса отырып, талдап өтеді. Оның «Шынайы тәуелсіздік латынмен келмек» ғылыми эссесі оқырмандарды оқыту мақсатында түрлі тақырыпшаларға бөлінген.

    Автордың өзі тақырып етіп алған мәселеге қатысты пікірлері, тұтастай алғанда, айқын, ұстанымдары тиянақты. Сонымен бірге ішінара обьективті тұрғыда алғанда, келісе қоймайтын пайымдаулардың да ұшырасып қалатынын жоққа шығаруға болмас.

    Осы қарбаласқа қатысты өз ойларын Әбдірашит Бәкірұлы тәрізді «Латынға көшу қазақ тілінің мәселесін шешпейді» деп, айқайлап тұрып ашық айтып жатқандардың да уәждерін ғылыми тұрғыдан тиянақты деп айту қиын. «Әйтеуір қарсы бола беру керек» деген пиғылмен айтылып жатқан сияқты. Автор Қ.Исаға қарсы кереғар пікір білдіреді.

    Бір біріне қарама-қарсы айтылған біраз ой-пікірлерді сараптап келгенде, латын қарпіне көшуді қолдаған топтың уәждері басымырақ түсіп жататынын атап айту керек. Оған жоғарыда келтірілген дәлелдер куә. Олардың қандай екендігін тағы да ежіктеп, қайталап жату шарт емес болар.

    Зерттеушілердің дәлелдеуіне қарағанда, бүкіл дүниежүзіндегі ғаламтор материалдарының 80 пайызы латын жазуымен жарияланып келе жатыр екен. Ендеше бұл шрифт – дүниежүзілік деңгейде байланыс құралына айналып отырған ғаламтордың арқа сүйейтін негізгі әліпбиі. Демек бұл әріпті пайдалану – дүниежүзілік қауымдастыққа жақындаса түсудің кезекті бір жолы болу әбден ықтимал екен. Пайдаланылатын әріптері бірдей болғандықтан, латын әрпімен сауат ашқан қазақ баласының кейін де сол әріппен жазылған ағылшын тіліндегі мәтіндерді көп қиналмастан оқып кете алатын түсінікті.

    Екіншіден, Қазақстан саяси тәуелсіздік алып, дербес ел атанса да, орыс империясының рухани басқыншылығынан әлі күнге құтыла алмай келе жатқанын жасырудың керегі не? Бұл ықпал әсіресе руханиятқа қызмет жасайтын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы нақты іске асып келеді. Сол құралдардың бір үлкен арнасы – мерзімдік баспасөз тасқыны. Латынға көшу арқылы осы тасқынға аз да болса бөгесін жасау мүмкіндігі бар.

    Ағылшын тілді басылымдардың да ұлттық менталитетімізге келмейтін теріс ықпалы болуын терістеу қиын шығар. Бірақ ол орыс тілі арқылы санамызға сіңіріліп жатқан рухани экстермизмнен қауіпті емес.

    Келесі бір мәселе – «Латын әрпіне бүкіл Қазақстан халқы көше ме жоқ әлде тек қазақ мектептерінде оқитындар ғана ма?» деген сауал. Бұл арада басы ашық жағдай – алдымен тек қазақ тілінде ғана оқитындарды көшіру керек екендігі. Бірақ түптеп келгенде бір елді екі әліпбиге бөлмей, тіліне қарамастан, барлық мектептердің бірыңғай әліпбимен оқуы еліміздің рухани тұтастығын сақтаудан туындайтын қажеттілік.

    Мысал үшін айтқанда, республикамыздағы өзбек, ұйғыр және басқа тілдерде білім беретін мектептерді де. Қазақстандағы өзбектер де этникалық өзбектердің оқитын әріптерін пайдаланса, іргелес екі елдің өзара байланыстары да жеңілдей түпей ме.

    Базбір ойшылдарымыздың қарсы айтатындары – «Егер латынға көшсек, Кеңес дәуірінде жасалған бүкіл әдебиетіміз, қазақ тілінде жазылған тамаша ғылыми еңбектеріміз ұмытылып қалып қояды. Кейінгі ұрпақ оқи алмайды» деген уәж. Қазіргі ғылым мен техника мейлінше дамыған жаңа технологиялар заманында одан күдіктену қаншалықты орынды? Бұл жөнінде жоғарыда аталған мақаласында Қазыбек Иса дәлелді уәж келтірген.

    Тәуір деп танылған дүниелердің барлығы латын қарпіне көшірілетіні даусыз. Сонымен бірге макулатураның жемі болуға дайын тұрған көптеген артық қағаздан тазарып қалатынымызды да ұмытпау керек. Айталық, көркемдігі төмен немесе таза кеңестік рухта өмірге келген жазындыларды оқырмандарың кейінгі буындарына тықпалаудың түк те қажеті болмас.

    Тағы бір көлденең тартылатын ой – «Екі түрлі қаріппен жазып, оқитын жағдайда бір ұлттың өкілдері екіге бөлініп қалады. Қазақ тілді және орыс тілді қазақтар әрқайсысы өздері таңдаған әріптердің тұтқынына айналады» деген қауіп. Осы арада «Кириллицаны пайдаланып келе жатқан орыс тілді қазақтар кириллицамен жазылған қазақ мәтіндерін оқушы ма еді?» деген қарсы сұрақ туындайды. Әрине, бұған дейін олардың қазақшаға мойын бұрып келе жатқандары некен-саяқ. Өйткені орыс тілді қазақтардың патриоттық сезімдері кемшін, қазақ тілінде сөйлеп, қазақ тілінде жазатындар олар үшін – бар болғаны артта қалған «мәмбеттер» ғана. Ана бір жылы қазақ тілін қорлай сөйлеп, «Мен суахили тілін білмеймін» деп жауап жазған «Қазпошта» АҚ-ның қызметкері сондайлардың біреуі ғана. Әйтпесе іштен тынып, қаптап жүргендері қаншама.

    Бірен-сарандары болмаса, орыстілді қазақтарда ұлттық проблема деген жоқ, олардың көпшілігі өз ұлтын сақтап қалу керек деген мәселеге бас ауырта қоймайды. Өз ұғымдарына салсақ, олар – ұлттың емес, жалпы адамзаттың перзенттері. Әсіреорыстанып, нигилизм жолын біржола түсіп кеткен қандастарымыз өздерін қазақпыз деп атауға да ауыздары да бармайды. Арланады. Өйткені олар – «ұлттық сезімнен жоғары тұрған бүгінгі өркениеттің төл өкілдері». Әрине, өздерінің түсініктері бойынша.

    Жасы үлкендер үшін латынға көшудің шынында да ауырлау соғуы мүмкін ғой, бірақ мектепте, оқу орындарында онсыз да ағылшын тілін немесе басқа бір шет тілін оқитын шәкірттер үшін бұл шаруаның түк те қиындығы жоқ.

    Енді осы арада ескермеуге болмайтын бір жағдай бар. Ол – латынға көшкеннен кейінгі мемлекеттік тілдің ахуалының қандай деңгейде болатындығы. Мемлекеттік тіл бар, бірақ оның шеті мен шегі, қоғамда алатын орнының деңгейі заңнамада толық нақтыланбаған, жалпы нысан ретіндегі болмысы әлі де бұлдырлау.

    Мысал үшін алатын болсақ, Конституция бойынша қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде белгіленсе, онда оның қоғамдағы орны да нақтыланып көрсетілуі тиіс емес пе? Қай мемлекеттің болсын іс қағаздары, бухгалтерлік, қаржылық (финанстық) есеп-қисаптары, мемлекет жұмыстарына қатысты толып жатқан қағаз толтырулар мемлекеттік тілде жүргізілуі керек қой. Салық комитеттеріне және басқа мемлекеттік органдарға жөнелтіліп жатқан есеп-қисаптар тек қана орысша, банк тілі қазақшаға мүлде жолағысы келмейді, тіпті осы ұйымдардың бір нәрсеге жауап алғың келсе, қазақша сөйлегенің үшін өзіңе ұрсады. Тіпті Павлодар қаласында қазақша сөйлегені үшін бір қазақ әйелін супермаркеттен қуып шығыпты.

    Осы арада айтайын дегенім – тек латын қарпін енгізіп қана қоймай, мемлекеттік мекемелердегі іс жүргізу жұмыстарын да латын қарпіне көшіру керек екендігі. Латын қарпін қолданатын тіл – қазақ тілі болса, мемлекеттік мәртебеге ие болып отырған ол тілдің де проблемасы шешіле бастар еді.

    Біз шет тіліндегі сөздерді алдымен орыс тілі арқылы қабылдаймыз. Ал осындай жолмен енген жекелеген термин сөздердің, ономастикалық және топонимикалық атаулардың орыс тілі арқылы бұрмалауға түсіп келіп жатқандығы жайында жаппай ойланбаймыз.

    Кириллицамен жазылатын орыс тілі мұндай сөз ауысу жағдайында өзінше бір сүзгі сынды немес сәулені шағылыстырып барып өткізетін шыны призма іспеттес. Тілі келмегендіктен, басқа ұлттардың көптеген сөздерін орыстардың дәл сол қалпында қайталап айта алмайтынын да ескере бермейміз. Мысалы, көршілес Қытай Халық Республикасының астанасын осы күнге дейін Пекин деп жазып жүрміз. Оның қытай тілінде Бейжің деп дыбысталынын білсек те, сол әуелгі жаңсақтық жалғасын табуда. Сондай-ақ, Шанхай деген қала аты да сондай халде. Қытайша білетіндердің айтуына қарағанда ол «Шаңқай» деп жазылуы керек екен. Кәдімгі қазақтың «Шаңқай түс» деген тіркесіндегі «шаңқай». Орыс тілінде «Қ» мен «Ң-ның» жоқ екендігі белгілі.

    АҚШ-тың астанасын орысшалап «Вашингтон» деп жазамыз. Кириллица транскрипциясына салып айтқанда, ол шамамен «Уошынтон» деп жазылуы тиіс еді. Ағылшын, француз неміс және т.б. тілдерден енген термин сөздердің бұрмаланбағаны некен-саяқ көрінеді. Қазақ тіліне тән «Ұ», «Ғ», «Қ». «І», «Ә» дыбыстарының орыс тілінде жоқ екендігі белгілі. Криллицада олардың әріптік таңбалары да жоқ. Мұндай жағдайда орыс байғұс бұрмаламай қайтеді. Тілімізде ондай дыбыстар бола тұрып, біз сол теріс ықпалмен кетіп барамыз.

    Тіпті оны қойып, өзіміз «Кәріс» деп атап жүрген ұлттың шын аты «Хокусарам» екенін де білеміз бе? Тіліміздің ұшына үйіріле кететін – орыс тіліндегі «Кореец» деген сөз. Сөйтіп «Кәріс» сөзі тілімізге орыс тілі арқылы келіпті. Мұндай мысалдарды ары қарай тізе беруге болар еді.

    Бұрын бодан болған ұлттар тіл басқыншылығынан шешімталдықпен құтылып жатқан кезде біздің бүйтіп ана тілімізді де орысшаға тәуелді етуден бас тарта алмай отырғанымыз қалай?

    Орысшада жоқ қазақ дыбыстарының біразы жоғарыда айтылған ұлттардың тілдерінде бар. Егер латыншаға көшсек, сол тілдердегі сөздерді түпнұсқаға жақындатып жазатынымыз, жазып қана қоймай, сөйтіп айтатынымыз анық. Сонымен бірге қазақ тілін үйренгісі келетін шетелдіктер оны орыс тілі арқылы емес, тікелей үйренсе, ұлтаралық интеграция күшейе түспей ме.

    Бұл арадағы жалғыз-ақ қиындық – осы уақытқа шейін шет тілдері мен қазақ тілін арасында делдал болып келе жатқан орыс тілінің рөлінің төмендеп қалатындығы. Ендеше латынға көшу тілдік тәуелсіздікті нығайтуға жасалған келесі қадам болмақ.

    Осы арада Ресей империясының өз мүддесі үшін қазақ сияқты аз халыққа жасайтын жан-жақты ықпалына көз жұма қарауға болмайды. Екі ғасырға жуық уақыт бойы қазақ жерін өз мемлекетінің заңды аумағы, отарлаушылыққа дейін де оны мекен етіп келе жатқан қазақтарды өзінің құлақкесті құлы ретінде санап келген империалистік психологияның инерциясы әлі де бәсеңдей қоймаған сыңайлы. Оған сол тараптан да, өз ішімізден де естіліп жататын әртүрлі тегеуірінді айбарлы үндер дәлел. Ресейдің осындай саясатын рақаттана қолдайтындар республика шегінде де баршылық және олардың қол қусырып қарап отырмағанын байқау қиын емес. Қазақтың отаршылдық пиғылдағы сыртқы және ішкі жауларының мақсаты жалғыз-ақ – қалай болған күнде де бұрын табандарының астында келе жатқан халықты одан әрі тұқырта беру, реті келсе, адам ретінде бас көтертпей, мүлде тұншықтырып тастау.

    Егер шынымен тәуелсіздікке ұмтылатын болсақ, қазақ деген ұлтты қалайда сақтап қалу керек болса, онда дербестікке сеп бола алатын ең кішкентай тетіктің өзін пайдалана беру керек. Әрине, ондай экстремизм мен сепаратизмнен аулақ, тек қана өркениет жолымен жүзеге асырылып отыратын тетік болса. Ал латын шрифтерін қолданысқа енгізу сондай тиімді тетіктердің бірі бола алар еді.

    Мәселені шешудің техникалық қиындығы – компьютердің 26 таңбасына қазақ тіліндегі 42 әріпті сыйғызамыз деген әңгіме. Ұсыныстар көп. Даудың біраз бөлігі – компьютерді тілге бағындырамыз ба, тілді компьютерге бағындырамыз ба дегенге саяды? Орынды дау.

    Меніңше, компьютерге бағыну керек. Орыс тіліне ғана тән «Э», «Ю», «Я», «Ц», «Ч», «Щ», «Ф» сияқты әріптерді жазу халықаралық деңгейде қалыптасқан. Ал қазақтың жоғарыдағы төл дыбыстарына сәйкес әріптерді қосарлап жазу арқылы таңбалауға болады. Бастапқыда бұл үрдіс ептеп қиындық туғызуы мүмкін, бірақ уақыт өте келе, көз де, қол да үйренеді. Европалық кей ұлттар бір дыбысты үш таңбамен де беріп жүр ғой. Мәселен, немістің бір дыбысты «scһ» деп үш әріпті қосарлап беруі.

    Компьютерге жаңа таңбалар енгізудің бір қолайсыздығы – латын шрифтілеріне көзі үйренген адамның оларды дұрыс оқи алмауы болса, екіншісі – халықаралық электрондық байланысқа шыққанда, компьютерде жоқ таңбаның ашылмай қалатындығы.

    Латын қарпіне көшуге қарсылардың болатындығын сезіне отырып және ол қарсылардың басында Ресей державасы сияқты бізге бұрын үстемдік жүргізген алып елдің тұрғанын ескере отырып, латын әріптерін пайдалануды қолға алу керек. Мұндай ауқымды іс мәресіне жақындаған сайын, қарсыластардың неше түрлі құйтұрқылыққа баратынын, арандатулар да болатынын алдын ала ескеріп, не нәрсеге де дайын тұрған жөн-ау. Осы науқан барысында орыс тілділер халқымызды, бас көтерер азаматтарымызды әлі талай жамандап, ағаш атқа неше мінгізіп, неше түсіретіні сөзсіз.

    Бір мәселенің басы ашық. Қазақ өз жерінде жүріп, өз тілінің сақталып қалуы үшін күрескенде, басқа ұлт диаспораларына зиян тигізуді көздемейді, басқа елге барып өз тілінің өктем болуын қаламайды. Кез келген ұлттың өз жерінде өмір сүріп, халық ретінде сақталып қалуын ойлауы атам заманнан келе жатқан табиғи құбылыс. Мысалы, өз жері Ресейде орысша сөйлеп, барлық шаруасын орысша жүргізгені үшін орысты, бүкіл тірлігін өзбек тілінде құрағаны үшін өзбекті, монғолша сөйлеп, бүкіл іс қағаздары монғол тілінде болғаны үшін монғолды және т.б. ешкім де ұлтшыл деп айыптамайды.

    Кавказды мекен еткен халықтардың барлығы да тек өз тілдерінде ғана сөйлейді, жазады, қарым-қатынас жұмыстарын жүргізеді. Солай болуы табиғи құбылыс. Ал қазаққа келгенде... ол байғұс та басқа халықтар секілді өзінің ана тілінде жұмыс істегісі келсе... «Жоқ, болмайды» деп өре түрегелеміз. Алдымен Қазақстандағы орыстарға қысым жасалуда деп байбалам салып шыға келетін – орыс шовинистері, оған ілесе орыс тілді, өздерінің ұлты жоқ қазақтар. Сонда бұл не?

    Демек, өзі теңдес басқа ұлттардан қазақтың айырмашылығы – ұлт ретінде өз жерінде жүріп, құқығының шектелуі. Бұның өзі Қазақстан Конституциясын айтпағанда, бүкіл дүниежүзінің озық ойлы зиялылары ортақ мәмілеге келіп, қабылдаған «Адам құқықтарының жалпыға бердей Декларациясының» ұстанымына да қайшы.

     

     

             М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қызметкерлері: филол.ғ.д., жазушы Ақыш Н., филол.ғ.к., профессор Қорабай С., ғылыми қызметкер Оралбек А. Үмбетәлі Кәрібаев мұражайына барып, ондағы қызметкерлермен кездесіп, елбасының биылғы «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» атты халыққа жолдауын еркін пікір алмастыру негізінде талқылады. Жолдаудың еліміздің жарқын болашағындағы атқаратын маңызды рөлі мен алар орынын нақты дәлелдермен көрсетіп берді. Бұрынғы өткен дуалы ауыз даналардың дара жолдарынан мысалдар келтіре отырып, дәстүріміздің озығы мен тозығын таразылай келе, халықымызға қажетті сара жолды сараптай білуге шақырды. Жиналысқа Жамбыл аудандық мәдениет және тілдер бөлімінің басшысы Алтынбекова Светлана Амантайқызы, Жамбыл мұражайының директоры Қожашев Мәулен, Сүйінбай мұражайының қызметкері Муширова Қарлығаш Есжанқызы, Үмбетәлі Кәрібаев мұражайының директоры Ысқақов Әуелбек Мұсаханұлы, Шолаққарғалы селолық округінің бас маманы Шошикбаева Кәмшат, Үмбетәлі ауылдық кітапханасының меңгерушісі Әбжәлелова Зағиша, сондай-ақ жиынға Үмбетәлі, Қасымбек, Шолаққарғалы мектептерінің мұғалімдері мен ауыл тұрғындары, басқа да музей қызметкерлері қатысып, жолдаудан алған әсерлерін, көкейтесті сұрақтарын ортаға салып, өзара ой бөлісті.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    2017 жылдың 26 маусымында Алматы қаласындағы Ә.Қастеев мұражай-үйінде М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» атты бағдарламалық мақаласын талқылауға арналған кезекті бас қосу өтті.

    Дөңгелек стол барысында Елбасымыздың «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» - деген сөзін назарға ала отырып, ұлттық мәдениетті қалыптастыру мен кеңінен насихаттауға байланысты институттың ғылыми қызметкерлері Н.Ақыш, Н.Елесбай, А.Еспенова, мұражай директоры Е.Нұразхан, мұражай ғылыми қызметкері Б.Әди баяндама жасап, осы тақырыптағы өз ойларын ортаға салады.

    Ұлттық руханиятымызды сақтап, дамыту мен оны өскелең ұрпаққа жеткізуде ұлттық мұражайлардың да алатын орны ерекше. Осыған орай Елбасының ұлттық кемелдену, рухани түлеу идеяларын көтерген маңызды мақаласын Ә.Қастеев мұражай-үйінде талқылаудың қоғамдық, мәдени мәні зор болды. Дөңгелек стол барысында ұлттық кодымызды қалыптастырудағы маңызды орын алатын дәстүрлі өнерімізге, тілімізге, мәдениетімізге айрықша назар аударылды. Ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын қолөнер тарихының терең тамырларын дөңгелек столға қатысушылар өз пікірлерінде айтып өтті. Дөңгелек стол қорытындылары бойынша М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Н.Елесбайдың «Туған жер бағдарламасы» атты мақаласы мерзімді баспасөз бетінде жарық көретін болады.

     

     

     

     

     

     

     

    2017 жылдың 9 маусымында М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Алматы мемлекеттік электромеханикалық колледжімен бірлесе отырып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талқылауға арналған кездесу өткізді. Іс-шараға колледждің 100-ге жуық студент жастары мен ұстаздар қауымы белсенді қатысты. Әдебиет және өнер институтының қызметкерлері – жазушы, филология ғылымының докторы Нұрдәулет Ақыш, филология ғалымдарының докторы Алымжан Хамраев, филология ғалымдарының кандидаты Жолдасбек Мәмбетов бағдарламалық мақаланың тарихи маңызына тоқталып, көтерілген мәселелерді жан-жақты талқылады. Осы тақырыпта қойылған сауалдарға толымды жауаптар берілді, Колледж директоры Бозымбаев Болатжан Дәулетұлы іс-шараның қоғамдық, саяси, мәдени маңызына назар аудара отырып, рухани кемелдену үдерісінің заман талабы екендігін айтып өтті. Жиын қорытындысында қоғамдық сананы жаңғырту аясында колледж бен ғылыми-зерттеу институты арасындағы мәдени байланысты дамыту қажеттігі айтылды.

     

     

    https://egemen.kz/article/bolashaqqa-bastaytyn-tarikhi-quzhat

     

    Болашаққа бастайтын тарихи құжат

     

     

     Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бола­шақ­­қа бағдар: руха­ни жаңғыру» атты ма­­қаласы шыққалы бері қоғам өмірінің әр саласында қызу талқылау жүріп жатыр. Бұл мақалада заман мен уақыттың төтесінен қоятын талап­тары мен қиын сұ­рақ­тарына, бүгінгі күн мен келешегімізге ха­лық­тың тағдыры жайлы терең ой жүгірткен, негізгі бағдарымызды айқындау мәселесіндегі басым бағыттар көрсе­тілген. Осы мақа­ланың өзімізді толғандырған тұстарына ойымызды білдіруді жөн көрдік.

     

    Елбасы мақаласында «Мақса­тымыз айқын, бағытымыз белгілі, оләлемдегі ең дамыған 30 ел­дің қа­тарына қосылу», дейді. Лайым, осы бағытымыздан ауыт­­қы­майық. Әлемдік алдыңғы қа­тар­лы қауымдастық жеткен биік ме­желерден көріну үшін тек бай мемлекет болу немесе жер қойнауындағы табиғат ана­­ның сыйы – байлықтарды қазып алып сатып баю арқылы қа­тар­дан көріну аздық етеді. Бұл бір сәттік, бүгінгі күнмен өмір сүру, ұрпақтың келешегіне назар аудармау. Ұрпақ алдындағы парыз, талай сын сағат­тар кү­тіп тұрған еліміздің бола­шағы үшін қоғамды, оның әрбір азаматының санасына сілкініс жасау болашаққа салынатын үлкен капи­тал болмақ. Ол мақсатқа же­ту жо­лындағы басты қозғаушы күш – сананың сергектігі керек. Ұйық­тап жатқан сананы ояту қажет. Осы жолда Елбасы сананың жа­­сай­тын іс-әрекеттен, алдағы бола­тын түбегейлі өзгерістерден ылғи озып жүруі назарда болуы тиістігін баса айтады. Мақалада көтерілген маңызды мәселелер әр кез Елбасының тұрақты назарында болып келсе де, рухани әлемді жаңғыртуға арналған маңызды құжат. Бұған дейін саяси және экономикалық жаңғырулардың тасасында болып келген адам мен қоғамның рухани әлемінің хал-жайы мен болашағы мақалада кеңінен сөз болады. Бұл қазақ қоғамының барлық саласында тоқтаусыз жүріп жатқан жанданыстарды толықтырып қана қоймай, олардың терең өзегі мен алтын арқауына айналды. Иә, кезінде рухани өміріміздің деңгейін көтеруге арналған жақсы жобалар жасалынды. Мә­дениетті қолдау жылы болып белгіленген 2000 жылы өтпелі кезеңнің дауылына шыдас берген, бірақ дең­гейі босап кеткен ұлттық мәдениет саласындағы нысандарды қалпына келтіруге, ұлттың өнері мен мәде­ние­тінің рухани келбетінің ашыла түсуіне сәтті қадамдар жасалды. Ал 2004 жылы бастау ал­ған «Мәдени мұра» бағ­дар­ла­масы аясында Қазақстан аума­­ғындағы тарихи-мәдени ескерт­­­кіштер мен нысандар жаң­ғырып, жаңа заманауи мәдени нысандар дүниеге келді. Ерекше бір белес болған 2013 жылы «Ха­­лық − тарих толқынында» бағдарламасы арқасында алыс-жақын шет елдер мұрағаттары мен мұражайларында сақталған қазақ халқының тарихына ті­келей қатысы бар құжат­тарды жинап, зерттеуге қол жеткіз­дік. Қаншама баға жетпес құнды­лықтарымыз қолымызға тиіп, ғылыми ай­налымға енді. Бұл бұған дейін зерттеуші ғалымдар наза­рынан тасада қалған сан-алуан құн­дылықтармен қауы­шуымызға мүм­кіндік берді. Ел­басының осындай алдын ала дайындықтардан кейін «Енді осы­ның бәрінен де ауқым­ды және іргелі жұ­мыстарды бас­­та­ғалы отырмыз. Мен еліміз мықты, әрі жау­ап­кершілігі жо­­ға­ры Біртұтас Ұлт болу үшін бола­шаққа қалай қа­дам басатынымыз жә­не бұқаралық сананы қалай өзгер­тетініміз туралы көзқа­рас­та­рымды ортаға салуды жөн көр­дім», деген сөзінен бұл мақаланың салмағын және сол тәуелсіздікпен басталған үде­рістің тоқтаусыз, тұрақты даму үстінде болғандығын көреміз. Мақалада Елбасы ширек ға­сырлық дамуымыздың нәти­жесінде жеткен белестерімізді қо­рыта отырып, әрі қарай дамудың, ру­хани дүниеден бастауынан бұл мәселеге түбегейлі көзқараспен келгендікті көреміз. Болашаққа деп құрылатын ұлттық бағыт-бағ­дарымызды жан-жақты, те­рең­нен қарастырады. Арнайы тоқ­талып кеткен сананы жаң­ғыртудың бағыттары біздің бұған дейінгі көзқарастарымызға, жұмыс стилімізге, орындау тетік­теріне елеулі түзетулер мен қосым­ша­лар енгізеді деп білемін. Се­бебі, бәсекеге қабілеттілік, праг­матизм, ұлттық бірегей­лікті сақтау, білім­нің салтанат құруы, Қазақ­станның ре­волюциялық емес, эволю­ция­лық дамуы, Сана­ның ашық­тығы секілді бағыттардан елі мен жерінің көркеюіне белсенді атса­лысатын азаматтар үшін мол мүм­кіндіктер бар. Бәрімізді ауқым­ды жұмыстар күтіп тұр. Тек көзін тауып тың­ғылықты да тия­нақтылықпен қойылған мін­деттерді жүзеге асыру қажет. Ол үшін мемле­кеттік деңгейде жүйелі де сауат­ты ойластырылған жұмыс жос­пары, сол жоспарды жүзеге асырудағы бақылап отыратын ар­найы мекеменің тұрақты жұ­мыс істеуі қажет деп білеміз. Ұлттық рухани құндылықты жасайтын жазушылар, клас­си­ка­лық музыка майталмандары, суретшілер және кино сала­сы­ның қайраткерлері, жалпы өнер саласының шеберлері үшін мақалада назар аударатын тұс­тарын баса көрсетеміз. «Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақ­стандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз. Әлем бізді қара алтынмен немесе сырт­қы саясаттағы ірі бастамалары­мызбен ғана емес, мәдени жетіс­тіктерімізбен де тануы керек», деген Елбасының ойы мен бел­гіленген тапсырмаларының ұлт­тық мәдениетті дамытудағы орны, оны ұлттық бренд ретінде әлемге насихаттау ісіне жаңа серпін алары анық. Мақаладағы нақты тапсыр­маның бірі – ұлттық өнер мен мәдениет саласындағы үздіктерді әлемге таныту. Ол үшін, алдымен төл туындыларды қазақ тілінен жетекші әлем тілдеріне сапалы аудару керек. Өте жақсы бастама. М.Әуезов атын­дағы Әдебиет және өнер инс­титутында осыдан екі жыл бұрын грузин елінен келген әріп­тесіміздің еліндегі аударма орта­лығының жетістіктері мен іс-тәжірибесінің тиімділігін біліп, бізге де арнайы аударма орталығы қажеттігін айтып жүре­тінбіз. Бұл бастамаларды жүзеге асыру үшін арнайы жұмыс топтары құрылып, жұ­мыстар басталып кет­ті деп естідік. Төрт не­гізгі сала бойынша, яғни әде­биет, клас­си­калық музыка, сурет және кино туындылары ішінен үздіктерін таңдап, шет тілдеріне аударылатын болады деп күтілуде. Тек, бұл науқандық жұмыс болып қалмай, тұрақты жұмыс комиссиясының ұзақ жыл­­дарға баратын жүйелі түрде іс­­керлікпен түзілген жұ­мысы болуы керек. Шет тіліне аударылатын көр­­кем туындылар еліміздің да­му кезеңдерін, ұлттық болмы­сымызды ашатын сүйекті туын­дылар болуы заңдылық. Ши­­­рек ғасыр – тәуелсіздік ке­зеңі дүниеге алып келген шы­ғар­малар ішінен үздіктері таң­далынуы керек. Ал қай автор, қандай шығармалар деген мә­селеде бірінші кезекте шынайы көркемдік деңгейі мен сапасына мән беріледі. Бұған дейінгі қазақ драматургиясының шет тіліне ауда­рылу сапасы мен тәжірибесіне назар салсақ, бізде аударма жасау тәжірибесі «қалып­таспаған, жоқ» деген пікір қалыптастыратын өте өзек­ті мәселеге кезігеміз. Ол тіпті орыс тіліне аударуда да драматур­гия тілін, сахнаға қажетті тілдің тамырын дөп басып таба алмай жатуымыз. Өзге тілден қа­зақшаға жақсы аударамыз. Оны кезінде М.Әуезовтің, тағы басқа қаламгерлеріміздің Шекспир, Островский, Чехов секілді әлем, орыс драматургтерінің пьесаларын қазақша сөйлетуінің тамаша үлгілерінен білеміз. Ал өзіміздікін шет тіліне аударуда күні бүгінге дейін орны толмас олқы­лық, «әттеген-айлар» болатын. Кәсіби аудармашы мамандарымыз бар, бірақ жанр ерекшелігін шеберлікпен ашатындай жоғары деңгейде емес. Поэзияның, прозаның өзіне тән көркем тілі, ырғағы болатыны секілді, күрделі жанр драматур­гияны орысша, ағылшынша жа­тық, заманауи үлгіде аударыпты деген жаңалықты армандаумен келе­міз. Саланың сапалы аударма­шыларын дайындау арқылы, көркемдік деңгейі жоғары қазақ автор­ларының шығармалары шет ­ел оқырмандары мен көрермендеріне жете алады. Ауда­рылған шығармалар өзінің түп­нұсқадағы әдеби көркемдік құн­дылығы мен құнарлы тілдік ерек­шелігін, ұлттық болмыс-біті­мін жоғалтпауы керек. Жұмыс тобы мен сарапшылар іріктеп алған үздік шығармалар осы жыл­дың екінші жартысында бүкілхалық­тық талқылауға ұсынылады деп күтілуде. Қазақ оқырмандары әлем­­­дік мәдениеттің мұхитына қосы­­луға лайық деген қазақ авторларының шығармаларына дауыс беру арқылы іріктеп, оны әрі қарай ұлттың болмысын ашатын көркем туынды етіп қалып­тастыруда өзде­рінің белсенділігін танытады деп білемін. Елбасы мақаласында еліміздің жаңа технологияларға, жаңа әлем­дік саяси-экономикалық ахуал­ға негізделген мүлдем жаңа та­­­ри­хи кезеңге аяқ басқанын ай­­­­­та келе, Біртұтас Ұлт болу үшін қандай қасиеттерге ие болып, қандай міндеттерді еңсеру қа­­жеттігі жөнінде кеңінен ой толғаған. Заман талабына сай ке­шегі мен бүгінгіні орнымен бай­­ланыстырып, ұлттың рухани кодына арқа сүйеу керектігі көр­сетіледі. Белгілі жазушы, қоғам қайраткері Алдан Смайыл ағамыздың жа­қын­да «Егемен Қазақстан» газе­тінде жарияланған «Ұлттық дәс­түр − тарих жазған Ата Заң» атты мақаласында «Ұлт­тық код деге­німіз не?» деген сұрақ қоя отырып, «ол – ең алдымен, ана тілі, содан кейін өнер мен мәдениет, салт-дәстүр, ата-баба ұстанған дін. Бұлар жинақтала келіп ұлт­тық мінез бен ұлттық қасиетті қалып­тастырады», дей­­ді. Рухани құндылықтарды қа­лыптастыруда баршамыз үшін қас­терлі салт-дәстүріміз, тіліміз, мәдениетіміз, дінімізді құрметтеп, заманға сай дамыту арқылы қазақтың қазақ екендігін әлемге танытуға болатынын Елбасы мақаласы орнымен, тиянақты етіп көрсетіп берген. Ұлттық құндылықтарымызды сақтау арқылы ана тілімізге құр­мет, ұлттың жаңғыруы, жас­тарымызды дұрыс тәрбиелеу, дінімізді қадірлей білу тәрізді мәселелермен қатар, қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің өзекті тұстарының бәрінде бүгінгі күннің маңызды проблемаларын сөз етеді. Бұл орайда мамандар көршілес елдердің тәжірибесін зерттеудің қажеттілігін алға тарта отырып жұмыс істеу орнымен болмақ. Түрік, әзербайжан, түрікмен, өзбек ағайындардың салған жолындағы жетістіктері мен кемшін тұстарын ескере отырып шешу көп түйінді мәселені жеңілдетпек. Сонымен қатар, жаңа әліпбиге көшпес бұрын қазақ тілінің заңдылықтарын ес­керу, нақты істерді қолға алу, тиімді әдістемелерге мән беру, түркі әлемімен тұтас болудың алғаш­қы қадамын жасау жайына назар аударды. Біртұтас Ұлт болу мәселесі де бізді көптен толғандырып келеді. Ұлттық бірлік пен бірегейлікті сақтауда қазақтың мүддесін бірінші шепке шығаруды тұрақты назарда ұстап, өзгелерге осы идеяны түсіндіріп беруде кемшін тұстарымыз бар. Қазақ халқы негізгі мемлекет құратын халық бола тұрып, әліге дейін ұлт, диаспора, этнос деген әлемдік қауымдастық заң жүзінде мойындаған халық­аралық терминологияны орны­мен қолдана алмай келеміз. Осындай халықаралық кеңістікте қалып­тасқан құқықтық терминдер, заңдар, нормативті құжаттарды халықтың назарын аудара отырып, біз өзімізге тиесілі заңды атау­ларды сауатты түрде дәлелдей оты­­рып, өзгеге жалтақтамай ер­кін қолданысқа енгізуіміз керек. Біртұтас Ұлт болу мәселесі рес­публикада әркім өз орнын, мәртебесін анықтағаннан кейін толыққанды түрде жүзеге аспақ. Заман ұсынған озық ой-идеялармен, алдыңғы қатардағы технологиялармен қарулана отырып, ұлттық тамырдан бойға біт­кен өзіндік келбетімізді ұстап қалуымыз қажет. Бәрін тез қа­был­дауға қабілетті қазақ үшін ұлттық болмысты сақтау жолында адам санасын улайтын, теріс көзқарастағы кейбір ағымдар мен идеологияның таралымын шектеу мәселесі өткір тұр. Осыған орай тарихшы ғалымның қазақ ұлтының хал-жайын вирусқа қарсы қояр қалқаны жоқ интернетке қосылған компьютермен теңегені маған бейнелі әрі нақтылы мысал болып көрінді. Бірақ, бізде бәрі жақ­сы, көршілерімізге қарағанда барлық салада анағұрлым алдамыз деп тоқмейілсу, қазіргі, ертеңгі күнгі қоғам өміріне төне­тін қауіпті сезінбеу, келер ұрпақ алдындағы жауапсыздық та жоқ емес. Оны біз қоғамға қауіп төн­діріп, тіпті ушығып кеткен діни ағымдардың белсенді әре­кетінен, әртүрлі жастағы қоғам мүшелерінің өз-өзіне қол салуынан, өзге елдің ұстанымдарының қазақстандықтардың санасында тұрақты пікір қалыптастыруынан, т.б. мысалдардан көреміз. Бұл келтірілген мысалдар жаһандану дәуірінің барлық қоғамға таңатын көрінісі десек те, Елбасы айтқан рухани құндылықтарымызды жаңғырту арқылы болашаққа бағдарды анықтап, сенімді нық қадам жасауға болады. Басталған екен ұлы көш, жүрісіне сәттілік тілеп, жүзеге асуына бәріміз бір кісідей атсалысайық. Ойымызды қорыта келгенде, Елбасы кез келген жаңғыру­дың ең алдымен, ұлттық болмыс­қа, дәстүрдің замана сынынан сү­рінбей өткен озығына не­гіз­делуін қадап айтты. Бұл өзгерістерге үрке қарап, тек қана өткенді жырлай беруден, жаңаның бәрін қисық деп тауып, кертартпалықтан ада болуды талап етеді. Әлемнің алдың­ғы қатарлы дамыған 30 елінің тобында көрінуге бағыт ұстаған тәуелсіз Қазақ елінің алдына қойған мақсаты айқын. Олай болса, кеңестік дәуірдегі тоқырау кезеңінің үлгісімен сөз қуып, есеп беруге құмар науқаншылдықты емес, нақтылы істермен, қажымас қайрат-күш жігермен бастаған жұмысымыздың нәтижесі үшін жұмыс жасайық. Бәріне уақыт – сыншы, келешек көрсетер десек те, ұлттың рухани жаңғыруы жаңа серпілістің, биік белестерді бағындырудың, асқаралы шың­дарға көтерілудің іргетасы Елбасы Н.Назарбаевтың осы мақаласында көтерген ойларымен, қадап айтқан тапсырмаларымен берік қаланғаны анық. Бұл – Ұлы Дала төсінде сан түрлі қиындықтарды басынан өткізген тәуелсіз Қазақ елі мен халқының санасын оятатын болашаққа бағытталған көш. Бүгінгі заман талап еткен биіктен көріне отырып, болашаққа бастайтын тарихи құжат.

     

    Аманкелді МҰҚАН, өнертанукандидаты, театртанушы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты театр және кино бөлімінің меңгерушісі

    22.05.2017.


    Егемен Қазақстан газетіне сілтеме: https://egemen.kz/article/bolashaqqa-bastaytyn-tarikhi-quzhat

    Объявления

     

     

     

     

     

     

     

               

     

     

     

     

     

    «АЛАШ ҮМІТІ » ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ФЕСТИВАЛІ БАҒДАРЛАМАСЫ

    І. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: «ҮРКЕР» шығармашылық дамыту орталығы

    ІІ.ӨТЕТІН ЖЕРІ: Түркістан облысы. Түркістан қаласы. Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің   «Мәдениет орталығы».

    ІІІ.ҚОЛДАУШЫЛАР: ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер Институты және Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты.Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті. Ақпараттық қолдаушы-«Qazaqstan» ТРК.

    IV.ӨТЕТІН МЕРЗІМІ: 23-26 қараша, 2018 жыл.

    V.БАЙҚАУ БАҒДАРЛАМАСЫ:

    23 қараша- фестиваль қатысушыларын қарсы алу.Тіркеу және жарналармен музыкалық бағдарламаларды қабылдау.

    24-25 қараша

    v09.00-10.00 - ашылу салтанаты.

    v10.00- 13.00 - байқау шарасы.

    v13.00- 14.30 - түскі үзіліс

    v14.30-17.00 - байқау шарасы

    v17.00- 18.30- жеңімпаздармен қатысушыларды марапаттау

    26 қараша- фестиваль қатысушыларын Түркістан қаласының тарихи-рухани жерлерімен таныстыру экскурсиясы.

    VI.МАҚСАТЫ:

    üЕлбасымыздың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру идеясын қолдау және жасөспірімдер мен жастар арасында кең насихаттау.

    üТалабы мен таланты, бағы мен бабы қатар жүретін дарынды балалардың әдеби және мәдени кеңістігін қалыптастыруға әсер етіп , рухани байытып, көркем шығармашылық қабілетін дамыту арқылы эстетикалық тәрбиелеу.

    üАлаш зиялыларының еңбектерін тану және зерттеу арқылы ұлттық-патриоттық рухын оятуға ықпал ету.

    üЕл тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарап, рухани байлыққа ұмтылу қасиеттерін насихаттау.

    üӨнерлері мен білімдерін сынау арқылы үлкен сахналарға шығуына жол ашу.

    VII.ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:

        7-9 жас аралығы- Құлыншақ тобы (кіші топ)

        10-13 жас аралығы – Құлагер тобы (орта топ)

        14-17 жас аралығы- Арғымақ тобы (жоғарғы топ)

        18-21 жас аралығы- Тұлпар тобы (студенттер)

    VIII.БАЙҚАУ БӨЛІМДЕРІ:

    Өнер бөлімі:

    • Эстрадалық- вокал жанры бойынша ән орындаушылары
    • Дәстүрлі ән орындаушылары
    • Ұлттық және заманауи би орындаушылары (жеке және топтық)
    • Аспапта орындаушылары: домбыра, қобыз, фортепиано, аккардион, т.б (жеке және топтық)
    • Көркем сөз шеберлері
    • Қолөнер және бейнелеу өнері
    • Жас сахна

    Білім бөлімі:

    • Жас ғалым- алаш зиялыларының еңбектерін талдау бойынша ғылыми-көпшілік жұмыстары
    • Жас қалам- рухани жаңғыру тақырыбы аясындағы эссе-шығарма, мақала жұмыстары.

    ТАЛАПТАРЫ:

    1. «Эстрадалық вокал» бөлімі бойынша қатысушылар ЕРКІН тақырыпта алдын-ала әрленген музыкамен (минус) ЖАНДЫ дауыста, хронометражы 4 минуттан аспайтын КОНКУРСТЫҚ 1 ән орындауы тиіс. Сонымен қатар, сахнада өзін-өзі ұстауы, киімі, орындау шеберлігі, дауысы, музыкаға ілесуі мен үндестігі БАСТЫ НАЗАРДА.
    2. «Дәстүрлі ән» бөлімі бойынша қатысушылар туған ел, отан, жер, туған өлке, жеңіс, ерлік пен елдіктің шежірелі беттері, батыр бабалар және т.с.с рухани-патриоттық тақырып аясындағы тақырыпта ұлттық аспапта хронометражы 3 минуттан аспайтын 1 халық әнін немесе терме орындауы тиіс. Сонымен қатар, сахнада өзін-өзі ұстауы, киімі, орындау шеберлігі, дауысы ескеріледі.
    3. «Ұлттық және заманауи би орындаушылары» бөлімі бойынша қатысушы және топтық ұжым ЕРКІН тақырыпта 1 би орындауы тиіс. Топтың мүшелер саны шектелмеген. Орындау шеберлігі, сахналық киімі, сахнада өзін-өзі ұстауы, ескеріледі.
    4. «Аспапта орындаушылар» бөлімі бойынша қатысушылар

    хронометражы 3 минуттан ЕРКІН тақырыпта аспайтын ұлттық немесе өзге де аспапта

    1 шығарма/күй орындауы тиіс. Орындау шеберлігі, сахналық киімі, сахнада өзін-өзі ұстауы ескеріледі.

    1. «Көркем сөз» бөлімі бойынша қатысушылар Алаш зиялыларының өлеңдерін, монолог,поэмаларынан үзінді немесе өзінің арнауларын ұсына алады.Бұрын соңды сахналарды жиі орындалмаған тың туындыларды орындау- артықшылық болып есептелінеді. Хронометражы 3 минут.

    1 шығарма орындауы тиіс. Сонымен қатар, өлеңнің дұрыс таңдалуы, орындау және актерлік шеберлігі, сахнада өзін-ұстауы, дауыс ырғағы БАСТЫ НАЗАРДА. Әрленген фондық музыканы қолдануға рұқсат

    1. «Жас ғалым» номинациясы бойынша қатысушылар қазақ елінің қалыптасуына ерекше үлес қосқан алаш зиялыарының еңбектерімен қоғамдық қызметтерін зерттеген т.с.с рухани-патриоттық тақырып аясындағы   тақырыпта жаратылыстану және гуманитарлық пәндері бойынша ғылыми –сараптамалық зерттеу жұмысын, робототехника, мультипликациялық жобаларын ұсынады. Жұмыс 2 данада түптелген (переплет) күйінде байқау күні қазылар алқасына өткізілуі тиіс.

    Ғылыми-сараптамалық зерттеу жұмыста келесідей бөлімдерді қамтуы міндеттілінеді: 1) өзектілігі (актаульность); 2) ғылыми жаңалығы; 3)ғылыми ұсыныстары. Сонымен қатар, өзін-өзі ұстауы, тақырыпты меңгергендігі, жұмысты қорғау шеберлігі, сұрақтарға жауап беруі ескеріледі. Бұрын соңды зерттелмеген тың тақырыптарды ұсыну –артықшылық болып есептелінеді.Әр қатысушыға 3 минут уақыт беріледі.

    1. «Қолөнер және бейнелеу өнері» номинациясы бойынша қатысушылар «Рухани жаңғыру», «Алашордаға 100жыл», «Алаш зиялылары» отан, елбасы, ел, жер, туған өлке, жеңіс, ерлік пен елдіктің шежірелі беттері, батыр бабалар, тәуелсіздік және т.с.с рухани-патриоттық тақырып аясындағы   өз қолдарынан шыққан туындыларын көрме негізінде ұсынуы тиіс.Кемінде 3 туынды.
    2. «Жас сахна» номинациясы бойынша қатысушылар «Рухани жаңғыру», «Алаш ардақтылары», «Алашордаға 100 жыл» тақырыбын ашатын 10 минуттан аспайтын тарихи оқиғалар немесе қазіргі таңдағы жағдайларға байланысты оқиғалар желісімен сахналық қойылым қоюлары тиіс. Орындау шеберлігі, сахналық киімдері, тақырыпты аша білуі ескеріледі.
    1. 9.«Жас қалам» номинациясы бойынша қатысушылар «Ұлт болашағы-рухани жаңғыру» , «Алаштың ардақтылары», «Алаш және Қазақ елі» «Менің елім-мәңгілік ел», «Мәңгілік ел-мұратым», , «Ризамын, елім саған», «Батыр баба» (белгілі тарихи тұлғаға қатысты), «Елін сүйген Елбасы», «ЕХРО-2017 Болашақ энергиясы », «Модернизация общественного сознания», «Алашорда и Казахстан», «Мой президент», «Ассамблея-очаг единства», «Защитник родины», «Родной край», «Astana in the heart of Eurasia» , «The future energy is…» т.с.с рухани-патриоттық тақырып аясындағы шығармалары 20 қараша күніне дейін ұйымдастыру алқасына өткізуі тиіс. Шығарма А4 форматында, TIMES NEW ROMAN қарпінде 14 мөлшердегі әріппен 2 беттен кем болмауы тиіс. Дайын шығармаларды электрон күйінде поштасына 1 мамыр күніне дейін қатысушының және жетекшісінің аты жөнін толық, сыныбын, жасын, мектебі туралы ақпараттарын жазып жіберуі тиіс. Алдын-ала тексерілген шығармалардың қорытындысы   25 қараша күні шығып, жеіңмпаздар мен жүлдегерлер марапатталады.

    ЕСКЕРТУ! Әр қатысушы өзінің өнер көрсетуіне қажетті музыкасын СD дискіде немесе Flash картада сақтап байқау күні алдын ала ұйымдастырушыларға өткізуі тиіс.

    XI.МАРАПАТТАУ

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлер номинациялары мен жас ерекшеліктеріне сәйкес Бас жүлде, І,ІІ,ІІІ лауреаттары және І,ІІ,ІІІ дипломанттары грамоталармен, арнайы номинациялық марапат қағазымен және «ҮРКЕР» шығармашылық дамыту орталығының арнайы сыйлықтарымен марапaтталады. (барлық қатысушы сыйлық және номинациялық марапат қағазына ие болады)

    ЖЕТЕКШІ ұстаздар «ҮРКЕР» шығармашылық дамыту орталығының арнайы алғыс хатымен марапатталады. Ерекше үлес қосқан жетекшілерге «ҮРКЕР» шығармашылық дамыту орталығының және қолдаушылардың арнайы сыйлықтары табысталады. Республикалық телеарналар мен басылымдарда жарыққа шығарылады.

    XII.ҚАРЖЫЛЫҚ ШЫҒЫН ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК

    Фестиваль қатысушыларының жол шығындары және қатысушы жарнасы жіберуші тарап есебінен болады. Фестиваль уақытында кәмелетке толмаған қатысушыларға ата-аналары немесе жетекшілері жауапты болады.

    Байқауға қатысушылар келесідей сомада қатысушы жарнасын өткізуі тиіс:

    • жеке қатысушы-10 000 теңге;
    • дует-20 000 теңге;
    • трио- 25 000 теңге;
    • ансамбльдер (10адамға дейін)- 35 000 теңге (10 адамнан асқан жағдайда әр қатысушыға 3500 теңгеден)
    • «Жас қалам » бөлімі (шығарма) қатысушысы- 10 000 теңге

    Қатысу жарнасы барлық байқау бөлімдері бойынша 23 ҚАРАША күні тіркеу барысында жетекшілер немесе ата-аналармен немесе 16 жасқа толған оқушылармен өткізіледі.

    ХІІІ.БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АЛДЫН-АЛА ТІРКЕУ

    Байқауға қатысушыларды алдын-ала тіркеу ALASH.FESTIVAL@MAIL.RUпоштасы арқылы жүреді. Ақпарат алу және жауапты тұлғалар:

    1. Байқау бағдарламасы/ұйымдастыру сұрақтары:

                                                                 Жансая          +7  778 993 33 45

    1. Қарсы алу,орналастыру:               Нұрсұлтан   +7  708 403 87 94  
    2. Сұраныс/шақыртулар жіберу:      Лесгүл +7  707 765 62 65
    3. 4.Музыка және репертуар таңдау:  Гүлнар          +7  778 100 00 82

    Алдын-ала тіркелу 2018 жылдың 23 қараша күні аяқталады.

     

    ӨТІНІШ-САУАЛНАМА ҮЛГІСІ

    Қатысушы/ топ атауы Жасы Байқау бөлімі Келген жері Жетекші және байланыс
    1          
    2          
    3          
    4          
    5          
    6          
    7          

    ЛИТЕРАТУРНЫЙ КОНКУРС

    Кафедра казахской литературы и теории литературы факультета филологии и мировых языков совместно с философско-литературным журналом «Тамыр» объявляет Республиканский литературный конкурс.

    Сроки проведения: Конкурс проводится с 12 февраля по 01 мая 2018 года.

    Подведение итогов и объявление главных итогов Конкурса – 01 июня 2018 года.

    Цель Конкурса:

    1. Выявление талантливых поэтов, прозаиков, драматургов среди молодежи Казахстана, представление их произведений широкой публике, литературоведам и издателям.

    2. Поддержка в публикации лучших работ молодых талантов, содействие их творческому росту и известности.

    Номинации конкурса:

    1. Лучшее поэтическое произведение.

    2. Лучшее прозаическое произведение.

    3. Лучшее драматическое произведение.

    Награды:

    1. Произведения победителей конкурса будут опубликованы в журнале «Тамыр».

    2. Участникам конкурса, занявшим первые 20 мест, будет предоставлена возможность бесплатно посетить мастер-классы ведущих ученых-литературоведов, современных прозаиков и поэтов по писательскому мастерству, ораторскому искусству, получить консультации.

    3. Помимо дипломов 1, 2, 3 степени, будут присужден специальный приз читательских симпатий (по итогам обсуждения произведений на Интернет сайтах организаторов конкурса).

    Условия конкурса:

    1. В конкурсе могут принять участие лица в возрасте от 14 лет до 35 лет.

    2. Принимаются художественные произведения на казахском и русском языках, ранее не публиковавшиеся в других изданиях.

    Требования к конкурсным работам:

    1. На конкурс принимаются работы общим объемом не более 20 печатных страниц, набранные Times New Roman через один интервал 14 кеглем. Поля по 2,5 см со всех сторон.

    2. К конкурсным работам необходимо приложить:

    а) заявку об участии, содержащую следующие данные:

    ФИО автора(-ов)

    Возраст

    Место учебы, работы

    Контактные данные, телефон, e-mail, WhatsApp

    Номинация

    Согласие на публикацию присланных работ на сайтах организаторов конкурса и в журнале;

    б) краткую творческую биографию (не более 1 печатной страницы).

    Оргмоменты конкурса:

    1. Участник конкурса присылает по электронной почте на имя организаторов свои произведения, заявку, краткую творческую биографию, тем самым выражая свое согласие с безвозмездной публикацией своих произведений на сайтах организаторов конкурса и в журнале «Тамыр».

    2. Организаторы конкурса на свое усмотрение формируют жюри литературного конкурса из числа писателей, ведущих ученых-литературоведов, критиков, сотрудников журнала.

    3. Организаторы конкурса имеют право:

    - проводить предварительный отбор стихов для конкурса;

    - публиковать на сайте организаторов отобранные произведения каждого автора,

    берёт на себя право редактировать присланные на Конкурс стихи.

    4. Организаторы конкурса не редактируют присланные работы и не несут ответственности за их содержание. Все присланные на конкурс работы будут публиковаться в авторской редакции.

    Контактные данные организаторов конкурса:

    Официальные сайты организаторов литературного конкурса: www.kaznu.kz, http://tamyr.org

    Электронные адреса для подачи заявок и отправки работ: literaturakz2018@gmail.com

    Телефоны: +7 (727)3773339 (внутр. 1328, 1330)

    Информацию о литературном конкурсе можно посмотреть на сайте: http://www.kaznu.kz/ru/16810/adverts/5575

     

     

    Конгресс ауқымды энерготехнологиялар саласында, маңызды жетістіктерімен және заманауи энергетикадағы қалыптасқан тенденцияларымен қамтамасыз ететін және тәжірибе алмасатын пікір – талас алаңына айналады. Конгресс Орталық Азиядағы, алыс және жақын шетелдердегі ғалымдардың ғылыми-инженерлік жаңалықтарына тереңдеуде, энергия тиімділігін жоғарылатуда консолидацияның күшейуіне және өндірістегі алғы технологияның дамуына және энергияны сақтауда өзіндік серпіліс береді. Конгресс қатысушыларға өзі атынан қатысып отырған мекеменің әлемдік масштабта, жаңа дипломатиялық және ғылыми-зерттеу тұрғысынан жаңа серіктестер табуға мүмкіндік береді. Толығырақ ақпаратты wsec.kz интернет сілтемесі арқылы алуға болады.

     

    ИНСТИТУТ ЛИТЕРАТУРЫ И ИСКУССТВА ИМЕНИ М.О. АУЭЗОВА ОСУЩЕСТВЛЯЕТ ПОДГОТОВКУ НАУЧНЫХ КАДРОВ СОВМЕСТНО С КАЗНУ ИМ. АЛЬ-ФАРАБИ

    Мы предлагаем Вам уникальную возможность получить АКАДЕМИЧЕСКУЮ СТЕПЕНЬ, СОЧЕТАЮЩУЮ В СЕБЕ НАУЧНЫЕ ТРАДИЦИИ И СОВРЕМЕННЫЕ СТАНДАРТЫ ОБРАЗОВАНИЯ, по специальностям Магистратуры и Докторантуры PhD:

    6М021400 – Литературоведение

    6D021400 – Литературоведение,

    включая следующие специализации:

    6М021401 – Современная литература Казахстана

    6М021402 – Текстология

    6М021403 – Фольклористика

    6D021401 – Теория и литературная критика

    6D021402 – Казахский фольклор и древняя литература

    Документы для поступления принимаются Приемной комиссией КазНУ имени аль-Фараби по адресу: проспект аль-Фараби, 71, в период с 20 июня по 29 июля.

    Приглашаем Вас посетить научно-исследовательские институты «Ғылым ордасы», где Вы можете все узнать о нашей работе и о наших специальностях.

    Наш адрес:

    050010, г. Алматы,

    ул. Курмангазы, 29, 2 этаж.

    «Ғылым ордасы» открывает перед Вами свои двери!

    Search