• (727) 272 74 11
  • info@litart.kz

    Жаңалықтар

    Ағымдағы жылдың 16-28 маусымы аралығында Астана қаласының 20-жылдық мерейтойына орай Қазастан Республикасы Мәдениет және спорт министр­лігінің қолдауымен «Қазақ­кон­церт» мемлекеттік концерттік ұйы­мы және Қа­зақ­стан театрлары­ ассо­циациясы ұйымдастырған ІІ Дүниежүзілік «Астана» теа­тр фестивалі болып өтті. Фести­вальге әлемнің театр өнерімен алға озған 12 елінің: Италия, Германия, Польша, Литва, Жапония, Грузия, Қы­тай, Ұлыбритания, және көрші Ресей, Өз­­бек­стан және Қырғызстан елінің үздік театр ұжымдары қатысты.

    Бұл сахна өнерінің мерекесіне еліміздің 60-тан аса театрларының ішінен жетекші өнер ұжымдары өнерлерін көрсетіп көремендердің ықыласына бөленді. Олар: М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма теа­тры, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қа­зақ музыкалық драма театры және республикамыздағы ең жас өнер ордасы Astana Musical театрлары қатысты. Сонымен бірге фестивальдің бағдарламасынан тыс Солтүстік Қазақстандық С.Мұқанов атындағы музыкалы драма театрының М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясы негізінде қойылған саун-драма үлгісіндегі спектаклі фестивальдің есте қаларлықтай әсер сыйлаған беттері болды. Жас режиссері Фархат Молдағалиев бұл шығарманың бірнеше нұсқасының негізінде өзіндік қойылым жасап, классикалық драматургиямызды жаңаша оқуға тыңнан жол салды. Облыстық театрдың жастарын жаңа шығармашылық ізденістерге жұмылдыра алған жас режиссердің бұл жұмысы қазақ театрындағы жаңа белес.

    Ұлттық драматургияның классикаға айналған үлгілеріндегі авторлық идеяны шашау шығармай оқуда, тосын сахналық шешім мен нұсқаға мән берген. Бүгінгі жас көрермендерден алыстап бара жатқан М.Әуезов кейіпкерлерін, онда көтерілген қазақ үшін өзектілігін жоймаған мәселелерді музыка, пластика, сөзбен көркем беруге күш салады. Ғасырға жуық бұрын жазылған драматургтің шығармасынан суыртпақтап бүгінгі ұсынған режиссердің спектаклі көрерменге ой салады, толғандырады, қызу пікірталасқа жетелейді. Бастысы қазақ театры, оның бірнеше онжылдықтар бойы үзіліссіз шикізаты болған драматургиясы жаңа қырынан жарқырай көрініп, өзіндік үн, өзгеше бояумен көмкерілді.

    Фестивальдің құрметті қонақтары мен эксперттік кеңес мүшелері КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, белгілі актер Асан­әлі Әшімов, Париж қаласын­дағы ұлттық ғылыми-зерттеу орталығының директоры, теа­тртанушы, профессор Беа­трис Пикон-Валлен, Лит­ва орыс драма театрының бас режиссері, Литва және КСРО мемлекеттік сыйлы­ғының иегері, профессор Йонас Вайткус, ре­жис­­сер, театр сыншысы, IVT,­ theatre-contemporain, mode&custumes бұқаралық ақ­­па­рат құралдарының тәуел­­сіз журналисі, перфомер және мим өнері актері Да­вид Шавлис – Асатиани және Габ­риэль Гарсиа Маркес атындағы америкалық театр қорының көркемдік жетек­шісі, режиссер Давид Папава Гурджи және отандық театр сарапшылары белгілі мамандар: М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Театр және кино бөлімінің меңгерушісі, өнертану кандидаты Аманкелді Мұқан, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, театр сыншысы Анар Еркебай (Институтымыздың байырғы аға ғылыми қызметкері) және әдебиет сыншысы, мәдениеттанушы Әлия Бөпежановалар қатысты.

    Фестивальдің қонақтары мен көрер­мендері өткен және жаңа ғасырдың аты әлемге мәшһүр болған сахна шеберлері атанған: Джорджо Стрелер (Италия), Роберт Стуруа (Грузия), Эймунтас Някрошюс (Литва), Юрий Бутусов (Ресей) секілді танымал режиссерлердің әлем театры тарихында хрестоматияға айналған және күні кеше ірі театр фестивалдерінде «үздік спектакль, үздік режиссура» номинацияларын жеңіп алған жаңа қойылымдарын тама­шалады. Өнер мерекесінің шарықтау шегі осы фестиваль аясында Берлин, Венеция және Канн кинофестивалінің «Оскар» және «Алтын пальма бұтағы» сый­лы­ғының иегері, танымал театр және кино актриса Жюльет Биноштың шеберлік сыныбы мен «Жүректен шық­қан сыр­лы сөз» атты шығарма­шы­лық кеші фестиваль қатысушылары мен қонақтарына ұмытылмас сәттер сыйлады.

    Бас қаламыз – Астананың 20 жылдық тойы қарсаңында екінші рет өткізілген бұл сахна өнерінің фестивалі қазақ театры мен оның жанкешті қайраткерлеріне жаңа әсерлер, тосын идеялар алып келіп соны шығармашылық биіктерге жетелейді деп білеміз.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    «Астана» теа­тр фестивалі туралы сұхбат:  https://www.youtube.com/watch?v=CgBB2Fq4als

     

     

     

    М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы Уәлихан Қалижанұлы Қалижанов Қазақстанның және оның астанасының қалыптасуы мен дамуына айтарлықтай үлес қосқаны үшін «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен  марапатталды.

    «Астана 20 жыл» мерекелік медалі – 2018 жылғы 20 маусым күнгі № 706 бұйрыққа сәйкес Астананың 20 жылдығын атап өтуге Президент Н.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес тағайындалған мемлекеттік награда.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    ҚР БҒМ Ғылым комитеті М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер Институты 2018 жылдың 4 шілдесінде Қазақстан астанасы Астананың 20 жылдығына арналған «Елорда – ұлттың рухани жаңғыру астанасы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

    Жиынға әдебиеттанушы, өнертанушы мамандар қатысып, Қазақстан әдебиеті мен өнеріндегі Астана қаласының образы, астаналық туындыгерлердің шығармашылығы туралы ғылыми ой-тұжырымдарымен бөлісті. Конференция модераторы, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты директоры, ҚР ҰҒА академигі Уәлихан Қалижанов жиынды кіріспе баяндамасымен бастады. У.Қалижанов баяндамасында Астана қаласының жаһандық деңгейдегі геосаяси мәртебесіне тоқталып, рухани-эстетикалық жаңғырудың заманауи моделі ретіндегі мәдени-көркемдік рөлін айқындады. Жазушы, институттың бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Н.Ақыш, институттың Театр және кино бөлімінің меңгерушісі, өнертану кандидаты А.Мұқан және М.Тәшімова, А.Ахметова, А.Кенжеқұлова, Е.Қуатбекұлы, А.Мұратқызы, А.Еспенова сынды магистр, докторанттар әдебиет, бейнелеу, театр, кино, кескіндеме, музыка өнеріндегі Астана бейнесін суреттеген туындыларға шолу жасап, үздік шығармаларға ғылыми-теориялық талдаулар келтірді.

    Дүниежүзіне Қазақстан астанасы ретінде танылған жас қала – Астананың әсем келбеті рухани құндылықтардың қайнаркөзі ретіндегі көркем өнер туындыларының жарық көруіне негіз болуда.

     

     

     

    Айнұр АХМЕТОВА

     

     

    Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталған «Жетісу кітапханасы» кітап сериясына өңірлік басылымдар іріктеліп, Алматы облысы әкімі А.Ғ.Баталовтың қолдауымен алғашқы кітаптары жарыққа шығарылды.

    Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдары өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан ақын-жазушылардың кітаптарын қалың оқырмандарға насихаттау, кітапхана қорын өлкетану әдебиеттерімен толықтыру мақсатында «100 томдық Жетісу кітапханасы» жобасын жүзеге 2017-2020 жылдар аралығында асыруды бастаған болатын. Жергілікті жазушылар мен ақындардың шығармалары топтастырылған бұл «100 томдық Жетісу кітапханасы» – маңызды әдеби жоба болып табылады.

    «Жетісу кітапханасы» кітап сериясымен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы Уәлихан Қалижанұлы Қалижановтың екі кітабы жарық көрді.

    «Қазақ әдебиеті және рухани жаңғыру: Зерттеулер, мақалалар мен әдеби портреттер» жинағына қазақ және орыс тіліндегі ғылыми мақалалары, зерттеулері мен әдеби портреттері енгізілді. Бұл кітаптан оқырман отандық әдебиеттанудың күрделі мәселелері мен қазақ сөз өнерін қалыптастырушы әр дәуірдегі туындыгерлердің шығармашылығын ғылыми-теориялық тұрғыда талдап көрсеткен ауқымды тарауларды оқи алады. «Елдік пен ерлік мұраттары», «Замана үні», «Алаш интеллигенциясы және ұлттық идея», «Посткеңестік кеңістіктегі қазақ әдебиеті мен әдебиеттануының даму жағдайы: қайта қалыптасу мен өрлеу жолдары», «Түркі әлемінің ұлы тұлғалары», т.б. аталатын сериялар топтамасынан ғылыми жұртшылыққа маңызды саналатын түркі жұртына және бүгінгі қазақ еліне ортақ тұлғалардың шығармашылығына арналған мақалалар қалың оқырманның қызығушылығын туғызары анық.

    «Тағдырымдағы тұлғалар: Эсселер мен естеліктер, этюдтер» жинағына эссе, естеліктер мен этюдтер енгізілді. Бұл жинақтан көпшілік оқырман Қазақстаннын саяси, қоғамдық, журналистика салалары мен әдебиеттану ғылымында автормен бірге қызмет атқарған, өзі дәріс тыңдаған ұлағатты ұстаздары жайында рухани танымдық бағыттағы эссе-естеліктері, этюдтері мен теориялық талдауға негізделген ғылыми рецензияларын, мақалаларын оқи алады. Бүгінгі қазақ әдебиеттануының, журналистикасының басты өкілдері саналатын Б.Кенжебаев, З.Қабдолов, Т.Кәкішев, С.Бердіқұлов, С.Шаймерденов, С.Қирабаев, М.Жолдасбеков, З.Ахметов, Ө.Оралбаев сынды әдебиеттанушылар мен ардагер журналистердің эссеге, естелікке айналған өмірінің үзік сәтгері мен парасатты пайымдары жас ұрпақка үлгі болары сөзсіз.

    Кітаптар филология ғылымдарын зерттеушілер мен жоғары оқу орындарының гуманитария мамандарына, магистранттар мен PhD докторанттарға, жалпы оқырман қауымға арналған.

     

     

     

     

    «Ұлттық домбыра күні» мерекесіне орай, Жарма ауданының Қалбатау ауылындағы Достық көшесінің бойында «Домбыра» ескерткішінің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шара барысында Жарма ауданының әкімі Н.Сыдықов, республикалық ақындар айтысының бірнеше дүркін лауреаты, Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері», Семей қалалық ақындар орталығының жетекшісі Д.Омарбаева,  М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының Абайтану және әдебиет тарихы бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор С.Қорабай құттықтау сөз сөйлеп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық мұрамызды насихаттау мақсатында ашылған нысанның рухани өміріміздегі, ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына тоқталып, «Домбыра» ескерткішін салтанатты түрде ашып лентасын қиды.

    Аталған шарада ғалым, зерттеуші Серікқазы Қорабайға «Жарма ауданының Құрметті азаматы» атағы табысталды, сонымен қатар, «Жарма ауданына сіңірген ерекше еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

      

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

       


    Толығырақ: https://www.egemen.kz/article/171210-zharmada-qasietti-qara-dombyragha-enhseli-eskertkish-ornatyldy

     

              http://www.garma.vko.gov.kz/kz/news.htm?id=2301

     

    Издатель и член редакционной коллегии альманаха «Литературная Америка» Виктория Кинг передала в Институт литературы и искусства имени М.О.Ауэзова три выпуска альманаха-путешествия. Путешествия «по жанрам и странам, из тысячелетия минувшего в день нынешний».    

    Читатель альманаха открывает для себя имена новые, «словно находит вспышки новых звёзд в космическом мироздании». Перечитывает прозу известного российского журналиста, редактора, издателя Владимира Снегирёва, знакомится с творчеством поэта, прозаика, эссеиста, тележурналиста Геннадия Кацова и многих, многих других. С большим интересом знакомится с прозой Виктории Кинг, перу которой принадлежат романы «Виктуар», «Отшельницы», «Мачехи», ставшие объектом научного исследования в коллективной монографии Института «Казахско-американские литературные связи: современное состояние и перспективы».

    Содержание альманаха композиционно выстроено следующим образом: Пролог, Проза, Поэзия, Публицистика. Есть в содержании и обзоры, очерки, эссе, критика. На английском и русском языках в третьем выпуске нового литературного издания опубликована глава книги «Клубника из Чернобыля» академика, вице-президента Академии наук Евгения Велихова. Интересно и откровенно интервью Раисы Шиллимат с доктором филологических наук, историком литературы, автором монографий о творчестве Пушкина, Лермонтова, Эминеску, Достоевского, Блока, Булгакова, Цветаевой, вице-президентом Румынского общества и Фонда Достоевского Еленой Логиновской.

    Тематика всех изданных выпусков разнообразна и разноаспекта. Во время встречи с Викторией Кинг известной писательнице была подарена и книга Светланы Ананьевой и Алеся Карлюкевича «Беларусь в творчестве и судьбе: литературный диалог в пространстве и времени», во второй главе которой «Культурная сверхпамять как контекст казахско-белорусского и казахско-американского сотрудничества» авторы книги пишут о прозе американского прозаика, в чьем творчестве отражены казахстанские мотивы.

     

     

     

      

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    2018 жылдың 27 маусымында «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым Комитеті М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты аса көрнекті әдебиеттанушы-ғалым, әдебиет теоретигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Зәки Ахметовтің туғанына 90 жыл толуына арналған «Академик З.Ахметов және абайтану мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізді.

    М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ҚР ҰҒА академигі, конференцияның модераторы У.Қалижанов «Академик З.Ахметовтің абайтану әліппесі», Халықаралық Тұран академиясының академигі (Өзбекстан Республикасы) Қ.Сейданов «Кең тынысты, кемеңгер ғалым», М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, фил.ғ.д., профессор М.Мырзахметұлы «Зәки Ахметов туралы сөз», Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Б.Ө.Жақып ««Өнегелі өмір» сериясы бойынша шыққан «Зәки Ахметов» кітабы туралы», әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры, фил.ғ.д., профессор Ж.Дәдебаев «Академик Зәки Ахметов тағылымы», М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, фил.ғ.д., профессор А.С.Ісімақова «Академик З.Ахметовтің абайтанулық ұстанымы», Сыртқы әдеби байланыстар және аналитика бөлімінің меңгерушісі, фил.ғ.к., доцент С.В.Ананьева «Академик З.Ахметов еңбектеріндегі салыстырмалы әдебиеттану мәселелері» деген тақырыптарда ғылыми баяндама жасады.

    Конференция аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің «Қазақ университеті» баспасы «Өнегелі өмір» сериясы бойынша шығарған «Зәки Ахметов» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

     

     

     

     

    2017-2018 жылғы оқу жылы да аяқталып келеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының оқытушылар қауымы «Білім мен ғылым интеграциясы» бағдарламасы аясында дайындап жатқан 1-курс магистранттары іс-тәжірибеден өтіп, курстық жұмыстарын сәтті қорғады.

     

     

     

    Институт

    М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 1934 жылы ашылып, тарих, археология, тіл, әдебиет және фольклорды, бейнелеу, музыка, театр, хореография өнерін зерттеумен айналысқан Қазақтың Ұлттық мәдени ғылыми-зерттеу институтынан бастау алады. 1936 жылы КСРО Ғылым Академиясы Қазақ филиалының қазақ тілі мен әдебиеті және халық шығармашылығы секторы болып ашылды. 1941 жылдан бастап бұл сектор Тарих, тіл және әдебиет институты құрамына еніп, 1945 жылы Тіл және әдебиет институты болып қайта құрылды. 1961 жылы мамыр айында осы институт негізінде Қазақ ССР Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институты болып жеке бөлініп шықты. Сол жылдың тамыз айында институтқа М.О.Әуезов есімі берілді. 1963 жылы қарашада институт құрамында М.О.Әуезовтің әдеби-мемориалды музейі мен жазушының мұрасын зерттейтін ғылыми бөлім ашылды.

    М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты құрылған уақытынан бері қазақ әдебиеті мен фольклорын және өнерін зерттейтін бас ғылыми мекемеге айналды. Институт ғалымдары ұлттық әдебиет пен өнердің тарихы мен теориясын, аса көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлерінің шығармашылық мұрасын зерттеу ісіне үлкен үлес қосты.

    Тарих

    Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

    Нурдаулет Акыш,

    писатель, гл. научный сотрудник Института литературы и искусства имени М.О. Ауэзова:

    – Есть один важный вопрос, связанный с переходом на латиницу. Нужно сказать, казахскоязычная аудитория не переходит, а снова возвращается к этому алфавиту. Ведь в 1929-1940 годах казахи использовали этот алфавит. Но, несмотря на это, нужна огромная подготовка к переходу на новый алфавит. Самый главным вопросом является его внедрение в компьютеры, потому что звуки казахского языка выходят за мировой стандарт, состоящий из 26 знаков. Даже перешедшие на латинский алфавит еще в 1928 году турки не смогли обозначить некоторые звуки. Такие недостатки имеются и у других перешедших на латиницу народов.

    По предположению оппонентов при переходе на латиницу могут возникнуть такие проблемы: 1) научная литература на казахском языке до сегодняшнего времени писалась только на кириллице; 2) подготовка преподавателей на латинице; 3) продолжение работы частных предприятий на кириллице; 4) уменьшение в национальных СМИ спроса на печатные издания на латинице; 5) обучавшиеся на кириллице казахи после разделения алфавита могут не брать в руки написанное на латинице.

    В Парламенте были рассмотрены несколько новых вариантов латинского алфавита. В высшем эшелоне много поддерживающих эти предложения.

    Есть несколько вопросов, которые надо учесть после начала применения латинского алфавита. Один из них – обучение грамоте на этом алфавите. Об этом сегодня молчат и не обсуждают. Здесь надо обратить внимание на следующий вопрос – правильное внедрение приемов обучения новому алфавиту. Вопрос повышения грамотности – это долгосрочное дело. На это нельзя смотреть поверхностно. Подготовительную работу надо вести с учетом возраста людей. Поэтому надо уберечься от некоторых необдуманных половинчатых решений.

    С сегодняшнего дня мы должны уделять внимание тому, каким будет состояние государственного языка после полного перехода на латинский алфавит. Хотя казахский язык назван государственным, до сегодняшнего дня законодательно не обозначены его место в жизни общества и границы применения, а задачи и цели его все еще туманны.

    Скажем, к примеру, если казахский язык по Конституции утвержден государственным, то разве не должно быть четко обозначено его место в применении? Это значит его применение в деловых бумагах, бухгалтерских и финансовых документах, государственных документах. Ведь так полагается во всех государствах. Тогда почему такие меры не применяются у нас в отношении государственного языка? Язык банковской деятельности вовсе далек от казахского, и если в этой сфере хочешь получить ответ на какой-либо вопрос на родном языке, сталкиваешься с неприятием.

    Мало того, начиная с 2017 года некоторые комитеты Министерства образования и науки требуют отчеты на английском языке. Разве такое требование закреплено в Конституции и других законодательных актах? А если это не закреплено, то разве это требование не является нарушением закона?

    Если полностью перейдем к использованию латиницы, то и делопроизводство государственных учреждений. И так как на латинский алфавит будет переведен государственный язык, то значит, и государственные документы должны будут писаться на нем.

    В решении этого вопроса самой главной трудностью сегодня является технический вопрос – это размещение в 26 знаках компьютеров 42 звуков. Правда, этот вопрос вроде бы находит решение. В связи с этим нужно ли сохранять нехарактерные для казахского языка буквы «в», «ф», «ч»? Эти буквы используются только в заимствованных с других языков словах, да и то редко. Эти знаки нужно удалить с клавиатуры, а вместо них ввести знаки наиболее активных звуков чисто казахских слов.

    Частота применения в языке звуков бывает разной. Но такие буквы, как «ұ», «ү», «ғ», «қ», «і», «ә», «ө», употребляются наиболее часто. Нужно найти формы их обозначения. И если для них мы уберем знаки «в», «ф», «ч», то ничего не потеряем. Их можно обозначать дополнительными знаками.
    В одном из первых предложений о написании слова «сәбіз» появились разные шутливые высказвания. Например, соединить вместе буквы «ае». Тогда для написания одной буквы придется дважды нажимать на клавиши, мол, тогда придется делать лишнее движение и уменьшится производительность труда. Ведь в казахском языке буква «ә» наиболее часто употребляемая.
    По-моему, один из недостатков – написание некоторых исконных звуков казахского языка двойными точками сверху или апострофами. Понятно, что переход на латиницу ставит целью с переходом на единую графику сближение с родственными тюркскими народами. Правильная цель. Однако, как видим, начиная с самых многочисленных турков большинство пишущих на этом алфавите народов обозначают исконные звуки не апострофами, а двумя точками сверху. Возникает вопрос, почему мы не выберем это. Ведь при написании апострофами внутри слов появляется разрыв.

    В третьих, двойное нажатие клавиши для набора одной буквы снижает производительность труда, да и удлиняет текст. Поэтому горячие сторонники языка на всех обсуждениях говорят о принципе «каждому звуку – единый знак».

    Ссылка на газету: http://vecher.kz/allnews/tu-an-zher/prichiny-vozvrashcheniya

     

     

    Латын әрпін қолдана бастағаннан кейін ескеруді қажет ететін бірер мәселе бар. Соның бірі – мемлекеттік тілдің ахуалы қандай деңгейде болатындығы. Мемлекеттік тілімі болғанымен, бірақ оның шеті мен шегі, қоғамда алатын орнының деңгейі заңнамада толық нақтыланбаған, жалпы нысан ретіндегі болмысы әлі де бұлдырлау.

    Мысал үшін алатын болсақ, Конституция бойынша қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде белгіленсе, онда оның қоғамдағы орны да нақтыланып көрсетілуі тиіс емес пе? Қай мемлекеттің болсын іс қағаздары, бухгалтерлік, қаржылық (финанстық) есеп-қисаптары, мемлекет жұмыстарына қатысты толып жатқан қағаз толтырулар мемлекеттік тілде жүргізілуі керек қой. Мемлекеттік түсім комитеттеріне және басқа мемлекеттік органдарға жөнелтіліп жатқан есеп-қисаптар әзірше тек қана орысша. Банк тілі қазақшаға мүлде жолағысы келмейді, тіпті осы ұйымдардың бір нәрсеге жауап алғың келсе, қазақша сөйлегенің үшін өзіңді кінәлап, өзіңе ұрсатыны жөніндегі алаңдататын мысалдар баршылық.

    Осы арада айтайын дегенім – тек латын қарпін енгізіп қана қоймай, мемлекеттік мекемелердегі іс жүргізу жұмыстарын да латын қарпіне көшіру керек екендігі. Латын қарпі мемлекеттік тілімізде қолданылатын болса, онда бүкіл мемлкекеттік құжаттар да осы қаріппен жазылуы тиіс емес пе?

    Біз шет тіліндегі сөздерді алдымен орыс тілі арқылы қабылдайтын әдетімізден әлі айнығанымыз жоқ. Ал осындай жолмен енген жекелеген термин сөздердің, ономастикалық және топонимикалық атаулардың орыс тілі арқылы бұрмалауға түсіп келіп жатқандығы жайында жаппай ойланбаймыз.

    Тілі келмегендіктен, басқа ұлттардың көптеген сөздерін артикуляциялық ерекшеліктеріне байланысты орыстардың дәл сол қалпында қайталап айта алмайтынындығы табиғи. Мысалы, көршілес Қытай Халық Республикасының астанасын осы күнге дейін Пекин деп жазып жүрміз. Оның қытай тілінде Бейжің деп дыбысталынын білсек те, сол әуелгі жаңсақтық жалғасын табуда. Сондай-ақ, Шанхай деген қала аты да сондай халде. Қытайша білетіндердің айтуына қарағанда ол «Шаңқай» деп жазылуы керек екен. Кәдімгі қазақтың «Шаңқай түс» деген тіркесіндегі «шаңқай». Орыс тілінде «Қ» мен «Ң-ның» жоқ екендігі белгілі.

    АҚШ-тың астанасын әлі күнге дейін орысша транскрипциясы бойынша «Вашингтон» деп жазамыз. Кириллицаға салған жағдайда ол шамамен «Уошынтон» деп жазылуы тиіс еді. Ағылшын, француз неміс және т.б. тілдерден енген термин сөздердің бұрмаланбағаны некен-саяқ көрінеді. Қазақ тіліне тән «Ұ», «Ү», «Ғ», «Қ», «І», «Ә», «Ң», «Ө», «Һ» дыбыстарының орыс тілінде жоқ екендігі белгілі. Криллицада олардың әріптік таңбалары да жоқ. Мұндай жағдайда орыс байғұс бұрмаламай қайтеді. Тілімізде ондай дыбыстар бола тұрып, біз сол бұрмалаудың теріс ықпалымен кетіп барамыз.

    Бұрын бодан болған ұлттар тіл басқыншылығынан шешімталдықпен құтылып жатқан кезде ана тіліміз әлі де орысшаға тәуелді. Оны мойындауымыз керек.

    Орысшада жоқ қазақ дыбыстарының біразы ағылшын және басқа ұлттардың тілдерінде бар. Егер латыншаға көшсек, сол тілдердегі сөздерді түпнұсқаға жақындатып жазатынымыз, жазып қана қоймай, сөйтіп айтатынымыз анық. Сонымен бірге қазақ тілін үйренгісі келетін шетелдіктер оны орыс тілі арқылы емес, тікелей үйренсе тез меңгеретін болады, сөйтіп ұлтаралық интеграция да күшейе түспек.

    Бұл арадағы жалғыз-ақ қиындық – осы уақытқа шейін шет тілдері мен қазақ тілін арасында делдал болып келе жатқан орыс тілінің рөлінің төмендеп қалатындығы. Бір сөзбен айтқанда, латын әліпбиіне қайта оралу тілдік тәуелсіздікті нығайтуға жасалған келесі қадам болмақ.

    Нұрдәулет Ақыш

    Елбасының «Болашаққабағдар: руханижаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген тапсырмаларды орындау мақсатында және мақаланың идеялық мазмұнын жан-жақты түсіндіріп, насихаттау үшін Институт директоры У.Қалижановтың бұйрығымен арнайы жұмыс тобы құрылды. Филология ғылымдарының докторы Н.Б. Ақыш жетекшілік ететін жұмыс тобының құрамында А.Қ.Ахетов, Ә.Хамраев, Е.Баят сынды елге танымал азаматтар мен өнертанушы жас ғалым А.Еспенова бар. Жұмыс тобы маусым айынан бастап жоспарлы іс-шараларды өткізуге кірісті.

    Жуырда топ жетекшісі Н.Б.Ақыш Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында болып қайтты. Нұрдәулет Бәбиханұлы Барлыбай аңғарында орналасқан аудандық «Сеңгір тынығу лагерінде» және Маңырақ ауылдық округінде тұрғындармен кездесулер өткізіп, Елбасының бағдарламалық мақаласын жан-жақты талқылауға арналған жиындар өткізді. Тыңдаушы қауым тарапынан қойылған сұрақтар легі кездесулердің салмағын арттырып, мағынасын арттыра түсті. Округ тұрғындарымен болған кездесу халық батыры Дәулетбай батырға және ақын-композитор Әрімжан Жанұзақұлына арналған ескерткіштерді орнату аясында өтті. Екі кездесу де тыңдаушыларды өзінше әсерге бөлеп, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын тереңірек түсінуге ықпал жасағаны сөзсіз.

    Аталған іс-шараларға қатысып, салихалы әңгімелерді ықыласпен тыңдаған жұртшылық өкілдері, соның ішінде Маңырақ округінің әкімі Ә.Қожахметов, кәсіпкер Б.Мықиянов, «Сеңгір тынығу лагерінің» жетекшісі Б.Саябаев өз сөздерінде Елбасының бағдарламалық мақаласында айтылған мәселелерге қашанда қолдау білдіретіндіктерін жеткізіп, Алматыдан арнайы келген ғалым-жазушыға алғыстарын жеткізді.

    ШҚО Тарбағатай ауданындағы «Сеңгір тынығу лагерінде» өткен кездесуге 40 адам, Маңырақ ауылдық округіндегі бас қосуға 60 адам қатысты.

     

     

    Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талдау

    Нұрдәулет Ақыш

    Латын әліпбиіне көшу туралы пікірталастар

    Осы соңғы айларда қазақ қоғамын серпілткен елеулі оқиғалардың бірі Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы болды. Онда Елбасымыз: «Мен 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақастан-2050» Стратегиясында «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдемдім. Бұл – сол кезде барлық салаларда біз латын қарпіне көшуді бастаймыз деген сөз» деп атап айтқан болатын.

    Осыған орай қазақ оқырмандарының назарын аударып отырған шоқтықты пікірталастың бірі – қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру идеясына қатысты. Ұлтымыздың рухани әлемі үшін маңызды болып табылатын осынау өзекті мәселеге байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында түрлі ұсыныстар, ой-пікірлер тасқыны үздіксіз орын алуда.

    Күн тәртібінде тұрған осынау өзекті тақырыпты одан әрі дамытып, латын әліпбиіне көшудің тиімді жақтары мен зиянды тұстарын талдап көрсетіп жазылған мақалалар қатары күн сайын толыға түсуде. Олардың арасында назар аударуға татитындарының бірі - Амангелді Айталының «Қазақ тіліне сұраныс жоқ елде латын әліпбиіне сұраныс бола ма?» деп аталатын сараптамасында бірден басын ашып айтатын жағдай – автор мәселені қабырғасынан қоя отырып, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу мәселесіне күмәнмен қарайды. Оның алдымен үңілетіні – өзіне дейін латынға көшуді қолдап жарық көрген мақалалар мен айтылған ойлардың кемшін тұстары.

    Мысал үшін алғанда, латын әліпбиіне 1928 жылы көшкен түріктердің өздерінің дыбыстық қорындағы кейбір әріптерді әліпби жүйесінде таңбалай алмапты. Мұндай кемшін тұстар әліпбилерін ауыстырған басқа халықтарда да бар көрінеді.

    Автордың айтуынша, осы түріктер араб графикаларына негізделген рухани мұраларын осы күнге дейін пайдалана алмай отыр екен. Біз латын қарпіне көше қалған жағдайда туындайтын проблемалар қатары мынандай болуы мүмкін.

    1)Қазақ тіліндегі ғылыми әдебиеттің осы уақытқа шейін тұтастай дерлік тек кирилл графикасында жазылуы; 2)жаңа әліпби бойынша мұғалімдер дайындау; 3)жекеменшік мекемелердің бұрынғыша кирилл әріптерімен жұмыс істей беруі; 4) латын әліпбиімен шығатын ұлттық баспасөзге деген сұраныстың азайып кетуі; 5) сонымен бірге қазақтардың бұрыннан да кириллицамен оқитын тобы әліпби екіге бөлінгеннен кейін, латын шрифтісімен жазылғандарды мүлде қолға алмай кету ықтыималдылығы және т.б.

    Авторлардың тағы бір қауіптенетіні – орыс және қазақ тілді болып екіге бөлініп кеткен қазақ ұлты енді екі түрлі әліпбиді қолдана бастағанда, ара жіктері тіпті ашылып, бұдан әрі тереңдей түсуі мүмкін екендігі. Сөйтіп айналып келгенде, Амангелді Айталы латын әліпбиіне көшу реформасын асықтырмай, сақтыққа шақыру жағын қолдайды. Түйіндеп айтқанда, бұл кісінің сөзінде де қоғамның ересектер тобына тән болып отырған типтік сақтық себептері бой көрсеткен.

    Латынға қарсы топтағылардың тағы бір уәжі мынандай болып келеді: «...қазақ тілі Құдайдың әрпіне көшсе де, өркендей алмайды... Жалғыз қазақ тілін мемлекеттік тіл қылып, онда да бірнеше жылдан кейін қолдану аясын 100 пайызға жеткізіп барып латынға көшсе болады ғой деп ойлаймын. Ал осы қалпымызбен латынға өтсек, орыстілділерді айтпағанда, қазір қазақша жазып, сөйлеп жүргендердің өзі орысша сөйлеп, қызмет қағаздарын орысша толтырып жаза бастайды...» (Жас алаш, №20, 14-наурыз, 2013 ж.)

    Латын әліпбиіне көшуді табанды түрде қолдайтын мақаланың бірі –Қазыбек Исаның «Шынайы тәуелсіздік латынға өтумен келмек» деп аталатын сипаттағы мақаласы. Қазақ жазуындағы арғы-бергі кезеңдерге шолу жасай келіп, Қазыбек Иса латын жазуына көшуді қиындықтары мен артықшылықтарын өз эмоциясын қоса отырып, талдап өтеді. Оның «Шынайы тәуелсіздік латынмен келмек» ғылыми эссесі оқырмандарды оқыту мақсатында түрлі тақырыпшаларға бөлінген.

    Автордың өзі тақырып етіп алған мәселеге қатысты пікірлері, тұтастай алғанда, айқын, ұстанымдары тиянақты. Сонымен бірге ішінара обьективті тұрғыда алғанда, келісе қоймайтын пайымдаулардың да ұшырасып қалатынын жоққа шығаруға болмас.

    Осы қарбаласқа қатысты өз ойларын Әбдірашит Бәкірұлы тәрізді «Латынға көшу қазақ тілінің мәселесін шешпейді» деп, айқайлап тұрып ашық айтып жатқандардың да уәждерін ғылыми тұрғыдан тиянақты деп айту қиын. «Әйтеуір қарсы бола беру керек» деген пиғылмен айтылып жатқан сияқты. Автор Қ.Исаға қарсы кереғар пікір білдіреді.

    Бір біріне қарама-қарсы айтылған біраз ой-пікірлерді сараптап келгенде, латын қарпіне көшуді қолдаған топтың уәждері басымырақ түсіп жататынын атап айту керек. Оған жоғарыда келтірілген дәлелдер куә. Олардың қандай екендігін тағы да ежіктеп, қайталап жату шарт емес болар.

    Зерттеушілердің дәлелдеуіне қарағанда, бүкіл дүниежүзіндегі ғаламтор материалдарының 80 пайызы латын жазуымен жарияланып келе жатыр екен. Ендеше бұл шрифт – дүниежүзілік деңгейде байланыс құралына айналып отырған ғаламтордың арқа сүйейтін негізгі әліпбиі. Демек бұл әріпті пайдалану – дүниежүзілік қауымдастыққа жақындаса түсудің кезекті бір жолы болу әбден ықтимал екен. Пайдаланылатын әріптері бірдей болғандықтан, латын әрпімен сауат ашқан қазақ баласының кейін де сол әріппен жазылған ағылшын тіліндегі мәтіндерді көп қиналмастан оқып кете алатын түсінікті.

    Екіншіден, Қазақстан саяси тәуелсіздік алып, дербес ел атанса да, орыс империясының рухани басқыншылығынан әлі күнге құтыла алмай келе жатқанын жасырудың керегі не? Бұл ықпал әсіресе руханиятқа қызмет жасайтын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы нақты іске асып келеді. Сол құралдардың бір үлкен арнасы – мерзімдік баспасөз тасқыны. Латынға көшу арқылы осы тасқынға аз да болса бөгесін жасау мүмкіндігі бар.

    Ағылшын тілді басылымдардың да ұлттық менталитетімізге келмейтін теріс ықпалы болуын терістеу қиын шығар. Бірақ ол орыс тілі арқылы санамызға сіңіріліп жатқан рухани экстермизмнен қауіпті емес.

    Келесі бір мәселе – «Латын әрпіне бүкіл Қазақстан халқы көше ме жоқ әлде тек қазақ мектептерінде оқитындар ғана ма?» деген сауал. Бұл арада басы ашық жағдай – алдымен тек қазақ тілінде ғана оқитындарды көшіру керек екендігі. Бірақ түптеп келгенде бір елді екі әліпбиге бөлмей, тіліне қарамастан, барлық мектептердің бірыңғай әліпбимен оқуы еліміздің рухани тұтастығын сақтаудан туындайтын қажеттілік.

    Мысал үшін айтқанда, республикамыздағы өзбек, ұйғыр және басқа тілдерде білім беретін мектептерді де. Қазақстандағы өзбектер де этникалық өзбектердің оқитын әріптерін пайдаланса, іргелес екі елдің өзара байланыстары да жеңілдей түпей ме.

    Базбір ойшылдарымыздың қарсы айтатындары – «Егер латынға көшсек, Кеңес дәуірінде жасалған бүкіл әдебиетіміз, қазақ тілінде жазылған тамаша ғылыми еңбектеріміз ұмытылып қалып қояды. Кейінгі ұрпақ оқи алмайды» деген уәж. Қазіргі ғылым мен техника мейлінше дамыған жаңа технологиялар заманында одан күдіктену қаншалықты орынды? Бұл жөнінде жоғарыда аталған мақаласында Қазыбек Иса дәлелді уәж келтірген.

    Тәуір деп танылған дүниелердің барлығы латын қарпіне көшірілетіні даусыз. Сонымен бірге макулатураның жемі болуға дайын тұрған көптеген артық қағаздан тазарып қалатынымызды да ұмытпау керек. Айталық, көркемдігі төмен немесе таза кеңестік рухта өмірге келген жазындыларды оқырмандарың кейінгі буындарына тықпалаудың түк те қажеті болмас.

    Тағы бір көлденең тартылатын ой – «Екі түрлі қаріппен жазып, оқитын жағдайда бір ұлттың өкілдері екіге бөлініп қалады. Қазақ тілді және орыс тілді қазақтар әрқайсысы өздері таңдаған әріптердің тұтқынына айналады» деген қауіп. Осы арада «Кириллицаны пайдаланып келе жатқан орыс тілді қазақтар кириллицамен жазылған қазақ мәтіндерін оқушы ма еді?» деген қарсы сұрақ туындайды. Әрине, бұған дейін олардың қазақшаға мойын бұрып келе жатқандары некен-саяқ. Өйткені орыс тілді қазақтардың патриоттық сезімдері кемшін, қазақ тілінде сөйлеп, қазақ тілінде жазатындар олар үшін – бар болғаны артта қалған «мәмбеттер» ғана. Ана бір жылы қазақ тілін қорлай сөйлеп, «Мен суахили тілін білмеймін» деп жауап жазған «Қазпошта» АҚ-ның қызметкері сондайлардың біреуі ғана. Әйтпесе іштен тынып, қаптап жүргендері қаншама.

    Бірен-сарандары болмаса, орыстілді қазақтарда ұлттық проблема деген жоқ, олардың көпшілігі өз ұлтын сақтап қалу керек деген мәселеге бас ауырта қоймайды. Өз ұғымдарына салсақ, олар – ұлттың емес, жалпы адамзаттың перзенттері. Әсіреорыстанып, нигилизм жолын біржола түсіп кеткен қандастарымыз өздерін қазақпыз деп атауға да ауыздары да бармайды. Арланады. Өйткені олар – «ұлттық сезімнен жоғары тұрған бүгінгі өркениеттің төл өкілдері». Әрине, өздерінің түсініктері бойынша.

    Жасы үлкендер үшін латынға көшудің шынында да ауырлау соғуы мүмкін ғой, бірақ мектепте, оқу орындарында онсыз да ағылшын тілін немесе басқа бір шет тілін оқитын шәкірттер үшін бұл шаруаның түк те қиындығы жоқ.

    Енді осы арада ескермеуге болмайтын бір жағдай бар. Ол – латынға көшкеннен кейінгі мемлекеттік тілдің ахуалының қандай деңгейде болатындығы. Мемлекеттік тіл бар, бірақ оның шеті мен шегі, қоғамда алатын орнының деңгейі заңнамада толық нақтыланбаған, жалпы нысан ретіндегі болмысы әлі де бұлдырлау.

    Мысал үшін алатын болсақ, Конституция бойынша қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде белгіленсе, онда оның қоғамдағы орны да нақтыланып көрсетілуі тиіс емес пе? Қай мемлекеттің болсын іс қағаздары, бухгалтерлік, қаржылық (финанстық) есеп-қисаптары, мемлекет жұмыстарына қатысты толып жатқан қағаз толтырулар мемлекеттік тілде жүргізілуі керек қой. Салық комитеттеріне және басқа мемлекеттік органдарға жөнелтіліп жатқан есеп-қисаптар тек қана орысша, банк тілі қазақшаға мүлде жолағысы келмейді, тіпті осы ұйымдардың бір нәрсеге жауап алғың келсе, қазақша сөйлегенің үшін өзіңе ұрсады. Тіпті Павлодар қаласында қазақша сөйлегені үшін бір қазақ әйелін супермаркеттен қуып шығыпты.

    Осы арада айтайын дегенім – тек латын қарпін енгізіп қана қоймай, мемлекеттік мекемелердегі іс жүргізу жұмыстарын да латын қарпіне көшіру керек екендігі. Латын қарпін қолданатын тіл – қазақ тілі болса, мемлекеттік мәртебеге ие болып отырған ол тілдің де проблемасы шешіле бастар еді.

    Біз шет тіліндегі сөздерді алдымен орыс тілі арқылы қабылдаймыз. Ал осындай жолмен енген жекелеген термин сөздердің, ономастикалық және топонимикалық атаулардың орыс тілі арқылы бұрмалауға түсіп келіп жатқандығы жайында жаппай ойланбаймыз.

    Кириллицамен жазылатын орыс тілі мұндай сөз ауысу жағдайында өзінше бір сүзгі сынды немес сәулені шағылыстырып барып өткізетін шыны призма іспеттес. Тілі келмегендіктен, басқа ұлттардың көптеген сөздерін орыстардың дәл сол қалпында қайталап айта алмайтынын да ескере бермейміз. Мысалы, көршілес Қытай Халық Республикасының астанасын осы күнге дейін Пекин деп жазып жүрміз. Оның қытай тілінде Бейжің деп дыбысталынын білсек те, сол әуелгі жаңсақтық жалғасын табуда. Сондай-ақ, Шанхай деген қала аты да сондай халде. Қытайша білетіндердің айтуына қарағанда ол «Шаңқай» деп жазылуы керек екен. Кәдімгі қазақтың «Шаңқай түс» деген тіркесіндегі «шаңқай». Орыс тілінде «Қ» мен «Ң-ның» жоқ екендігі белгілі.

    АҚШ-тың астанасын орысшалап «Вашингтон» деп жазамыз. Кириллица транскрипциясына салып айтқанда, ол шамамен «Уошынтон» деп жазылуы тиіс еді. Ағылшын, француз неміс және т.б. тілдерден енген термин сөздердің бұрмаланбағаны некен-саяқ көрінеді. Қазақ тіліне тән «Ұ», «Ғ», «Қ». «І», «Ә» дыбыстарының орыс тілінде жоқ екендігі белгілі. Криллицада олардың әріптік таңбалары да жоқ. Мұндай жағдайда орыс байғұс бұрмаламай қайтеді. Тілімізде ондай дыбыстар бола тұрып, біз сол теріс ықпалмен кетіп барамыз.

    Тіпті оны қойып, өзіміз «Кәріс» деп атап жүрген ұлттың шын аты «Хокусарам» екенін де білеміз бе? Тіліміздің ұшына үйіріле кететін – орыс тіліндегі «Кореец» деген сөз. Сөйтіп «Кәріс» сөзі тілімізге орыс тілі арқылы келіпті. Мұндай мысалдарды ары қарай тізе беруге болар еді.

    Бұрын бодан болған ұлттар тіл басқыншылығынан шешімталдықпен құтылып жатқан кезде біздің бүйтіп ана тілімізді де орысшаға тәуелді етуден бас тарта алмай отырғанымыз қалай?

    Орысшада жоқ қазақ дыбыстарының біразы жоғарыда айтылған ұлттардың тілдерінде бар. Егер латыншаға көшсек, сол тілдердегі сөздерді түпнұсқаға жақындатып жазатынымыз, жазып қана қоймай, сөйтіп айтатынымыз анық. Сонымен бірге қазақ тілін үйренгісі келетін шетелдіктер оны орыс тілі арқылы емес, тікелей үйренсе, ұлтаралық интеграция күшейе түспей ме.

    Бұл арадағы жалғыз-ақ қиындық – осы уақытқа шейін шет тілдері мен қазақ тілін арасында делдал болып келе жатқан орыс тілінің рөлінің төмендеп қалатындығы. Ендеше латынға көшу тілдік тәуелсіздікті нығайтуға жасалған келесі қадам болмақ.

    Осы арада Ресей империясының өз мүддесі үшін қазақ сияқты аз халыққа жасайтын жан-жақты ықпалына көз жұма қарауға болмайды. Екі ғасырға жуық уақыт бойы қазақ жерін өз мемлекетінің заңды аумағы, отарлаушылыққа дейін де оны мекен етіп келе жатқан қазақтарды өзінің құлақкесті құлы ретінде санап келген империалистік психологияның инерциясы әлі де бәсеңдей қоймаған сыңайлы. Оған сол тараптан да, өз ішімізден де естіліп жататын әртүрлі тегеуірінді айбарлы үндер дәлел. Ресейдің осындай саясатын рақаттана қолдайтындар республика шегінде де баршылық және олардың қол қусырып қарап отырмағанын байқау қиын емес. Қазақтың отаршылдық пиғылдағы сыртқы және ішкі жауларының мақсаты жалғыз-ақ – қалай болған күнде де бұрын табандарының астында келе жатқан халықты одан әрі тұқырта беру, реті келсе, адам ретінде бас көтертпей, мүлде тұншықтырып тастау.

    Егер шынымен тәуелсіздікке ұмтылатын болсақ, қазақ деген ұлтты қалайда сақтап қалу керек болса, онда дербестікке сеп бола алатын ең кішкентай тетіктің өзін пайдалана беру керек. Әрине, ондай экстремизм мен сепаратизмнен аулақ, тек қана өркениет жолымен жүзеге асырылып отыратын тетік болса. Ал латын шрифтерін қолданысқа енгізу сондай тиімді тетіктердің бірі бола алар еді.

    Мәселені шешудің техникалық қиындығы – компьютердің 26 таңбасына қазақ тіліндегі 42 әріпті сыйғызамыз деген әңгіме. Ұсыныстар көп. Даудың біраз бөлігі – компьютерді тілге бағындырамыз ба, тілді компьютерге бағындырамыз ба дегенге саяды? Орынды дау.

    Меніңше, компьютерге бағыну керек. Орыс тіліне ғана тән «Э», «Ю», «Я», «Ц», «Ч», «Щ», «Ф» сияқты әріптерді жазу халықаралық деңгейде қалыптасқан. Ал қазақтың жоғарыдағы төл дыбыстарына сәйкес әріптерді қосарлап жазу арқылы таңбалауға болады. Бастапқыда бұл үрдіс ептеп қиындық туғызуы мүмкін, бірақ уақыт өте келе, көз де, қол да үйренеді. Европалық кей ұлттар бір дыбысты үш таңбамен де беріп жүр ғой. Мәселен, немістің бір дыбысты «scһ» деп үш әріпті қосарлап беруі.

    Компьютерге жаңа таңбалар енгізудің бір қолайсыздығы – латын шрифтілеріне көзі үйренген адамның оларды дұрыс оқи алмауы болса, екіншісі – халықаралық электрондық байланысқа шыққанда, компьютерде жоқ таңбаның ашылмай қалатындығы.

    Латын қарпіне көшуге қарсылардың болатындығын сезіне отырып және ол қарсылардың басында Ресей державасы сияқты бізге бұрын үстемдік жүргізген алып елдің тұрғанын ескере отырып, латын әріптерін пайдалануды қолға алу керек. Мұндай ауқымды іс мәресіне жақындаған сайын, қарсыластардың неше түрлі құйтұрқылыққа баратынын, арандатулар да болатынын алдын ала ескеріп, не нәрсеге де дайын тұрған жөн-ау. Осы науқан барысында орыс тілділер халқымызды, бас көтерер азаматтарымызды әлі талай жамандап, ағаш атқа неше мінгізіп, неше түсіретіні сөзсіз.

    Бір мәселенің басы ашық. Қазақ өз жерінде жүріп, өз тілінің сақталып қалуы үшін күрескенде, басқа ұлт диаспораларына зиян тигізуді көздемейді, басқа елге барып өз тілінің өктем болуын қаламайды. Кез келген ұлттың өз жерінде өмір сүріп, халық ретінде сақталып қалуын ойлауы атам заманнан келе жатқан табиғи құбылыс. Мысалы, өз жері Ресейде орысша сөйлеп, барлық шаруасын орысша жүргізгені үшін орысты, бүкіл тірлігін өзбек тілінде құрағаны үшін өзбекті, монғолша сөйлеп, бүкіл іс қағаздары монғол тілінде болғаны үшін монғолды және т.б. ешкім де ұлтшыл деп айыптамайды.

    Кавказды мекен еткен халықтардың барлығы да тек өз тілдерінде ғана сөйлейді, жазады, қарым-қатынас жұмыстарын жүргізеді. Солай болуы табиғи құбылыс. Ал қазаққа келгенде... ол байғұс та басқа халықтар секілді өзінің ана тілінде жұмыс істегісі келсе... «Жоқ, болмайды» деп өре түрегелеміз. Алдымен Қазақстандағы орыстарға қысым жасалуда деп байбалам салып шыға келетін – орыс шовинистері, оған ілесе орыс тілді, өздерінің ұлты жоқ қазақтар. Сонда бұл не?

    Демек, өзі теңдес басқа ұлттардан қазақтың айырмашылығы – ұлт ретінде өз жерінде жүріп, құқығының шектелуі. Бұның өзі Қазақстан Конституциясын айтпағанда, бүкіл дүниежүзінің озық ойлы зиялылары ортақ мәмілеге келіп, қабылдаған «Адам құқықтарының жалпыға бердей Декларациясының» ұстанымына да қайшы.

     

     

             М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қызметкерлері: филол.ғ.д., жазушы Ақыш Н., филол.ғ.к., профессор Қорабай С., ғылыми қызметкер Оралбек А. Үмбетәлі Кәрібаев мұражайына барып, ондағы қызметкерлермен кездесіп, елбасының биылғы «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» атты халыққа жолдауын еркін пікір алмастыру негізінде талқылады. Жолдаудың еліміздің жарқын болашағындағы атқаратын маңызды рөлі мен алар орынын нақты дәлелдермен көрсетіп берді. Бұрынғы өткен дуалы ауыз даналардың дара жолдарынан мысалдар келтіре отырып, дәстүріміздің озығы мен тозығын таразылай келе, халықымызға қажетті сара жолды сараптай білуге шақырды. Жиналысқа Жамбыл аудандық мәдениет және тілдер бөлімінің басшысы Алтынбекова Светлана Амантайқызы, Жамбыл мұражайының директоры Қожашев Мәулен, Сүйінбай мұражайының қызметкері Муширова Қарлығаш Есжанқызы, Үмбетәлі Кәрібаев мұражайының директоры Ысқақов Әуелбек Мұсаханұлы, Шолаққарғалы селолық округінің бас маманы Шошикбаева Кәмшат, Үмбетәлі ауылдық кітапханасының меңгерушісі Әбжәлелова Зағиша, сондай-ақ жиынға Үмбетәлі, Қасымбек, Шолаққарғалы мектептерінің мұғалімдері мен ауыл тұрғындары, басқа да музей қызметкерлері қатысып, жолдаудан алған әсерлерін, көкейтесті сұрақтарын ортаға салып, өзара ой бөлісті.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    2017 жылдың 26 маусымында Алматы қаласындағы Ә.Қастеев мұражай-үйінде М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» атты бағдарламалық мақаласын талқылауға арналған кезекті бас қосу өтті.

    Дөңгелек стол барысында Елбасымыздың «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» - деген сөзін назарға ала отырып, ұлттық мәдениетті қалыптастыру мен кеңінен насихаттауға байланысты институттың ғылыми қызметкерлері Н.Ақыш, Н.Елесбай, А.Еспенова, мұражай директоры Е.Нұразхан, мұражай ғылыми қызметкері Б.Әди баяндама жасап, осы тақырыптағы өз ойларын ортаға салады.

    Ұлттық руханиятымызды сақтап, дамыту мен оны өскелең ұрпаққа жеткізуде ұлттық мұражайлардың да алатын орны ерекше. Осыған орай Елбасының ұлттық кемелдену, рухани түлеу идеяларын көтерген маңызды мақаласын Ә.Қастеев мұражай-үйінде талқылаудың қоғамдық, мәдени мәні зор болды. Дөңгелек стол барысында ұлттық кодымызды қалыптастырудағы маңызды орын алатын дәстүрлі өнерімізге, тілімізге, мәдениетімізге айрықша назар аударылды. Ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын қолөнер тарихының терең тамырларын дөңгелек столға қатысушылар өз пікірлерінде айтып өтті. Дөңгелек стол қорытындылары бойынша М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Н.Елесбайдың «Туған жер бағдарламасы» атты мақаласы мерзімді баспасөз бетінде жарық көретін болады.

     

     

     

     

     

     

     

    2017 жылдың 9 маусымында М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Алматы мемлекеттік электромеханикалық колледжімен бірлесе отырып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талқылауға арналған кездесу өткізді. Іс-шараға колледждің 100-ге жуық студент жастары мен ұстаздар қауымы белсенді қатысты. Әдебиет және өнер институтының қызметкерлері – жазушы, филология ғылымының докторы Нұрдәулет Ақыш, филология ғалымдарының докторы Алымжан Хамраев, филология ғалымдарының кандидаты Жолдасбек Мәмбетов бағдарламалық мақаланың тарихи маңызына тоқталып, көтерілген мәселелерді жан-жақты талқылады. Осы тақырыпта қойылған сауалдарға толымды жауаптар берілді, Колледж директоры Бозымбаев Болатжан Дәулетұлы іс-шараның қоғамдық, саяси, мәдени маңызына назар аудара отырып, рухани кемелдену үдерісінің заман талабы екендігін айтып өтті. Жиын қорытындысында қоғамдық сананы жаңғырту аясында колледж бен ғылыми-зерттеу институты арасындағы мәдени байланысты дамыту қажеттігі айтылды.

     

     

    https://egemen.kz/article/bolashaqqa-bastaytyn-tarikhi-quzhat

     

    Болашаққа бастайтын тарихи құжат

     

     

     Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бола­шақ­­қа бағдар: руха­ни жаңғыру» атты ма­­қаласы шыққалы бері қоғам өмірінің әр саласында қызу талқылау жүріп жатыр. Бұл мақалада заман мен уақыттың төтесінен қоятын талап­тары мен қиын сұ­рақ­тарына, бүгінгі күн мен келешегімізге ха­лық­тың тағдыры жайлы терең ой жүгірткен, негізгі бағдарымызды айқындау мәселесіндегі басым бағыттар көрсе­тілген. Осы мақа­ланың өзімізді толғандырған тұстарына ойымызды білдіруді жөн көрдік.

     

    Елбасы мақаласында «Мақса­тымыз айқын, бағытымыз белгілі, оләлемдегі ең дамыған 30 ел­дің қа­тарына қосылу», дейді. Лайым, осы бағытымыздан ауыт­­қы­майық. Әлемдік алдыңғы қа­тар­лы қауымдастық жеткен биік ме­желерден көріну үшін тек бай мемлекет болу немесе жер қойнауындағы табиғат ана­­ның сыйы – байлықтарды қазып алып сатып баю арқылы қа­тар­дан көріну аздық етеді. Бұл бір сәттік, бүгінгі күнмен өмір сүру, ұрпақтың келешегіне назар аудармау. Ұрпақ алдындағы парыз, талай сын сағат­тар кү­тіп тұрған еліміздің бола­шағы үшін қоғамды, оның әрбір азаматының санасына сілкініс жасау болашаққа салынатын үлкен капи­тал болмақ. Ол мақсатқа же­ту жо­лындағы басты қозғаушы күш – сананың сергектігі керек. Ұйық­тап жатқан сананы ояту қажет. Осы жолда Елбасы сананың жа­­сай­тын іс-әрекеттен, алдағы бола­тын түбегейлі өзгерістерден ылғи озып жүруі назарда болуы тиістігін баса айтады. Мақалада көтерілген маңызды мәселелер әр кез Елбасының тұрақты назарында болып келсе де, рухани әлемді жаңғыртуға арналған маңызды құжат. Бұған дейін саяси және экономикалық жаңғырулардың тасасында болып келген адам мен қоғамның рухани әлемінің хал-жайы мен болашағы мақалада кеңінен сөз болады. Бұл қазақ қоғамының барлық саласында тоқтаусыз жүріп жатқан жанданыстарды толықтырып қана қоймай, олардың терең өзегі мен алтын арқауына айналды. Иә, кезінде рухани өміріміздің деңгейін көтеруге арналған жақсы жобалар жасалынды. Мә­дениетті қолдау жылы болып белгіленген 2000 жылы өтпелі кезеңнің дауылына шыдас берген, бірақ дең­гейі босап кеткен ұлттық мәдениет саласындағы нысандарды қалпына келтіруге, ұлттың өнері мен мәде­ние­тінің рухани келбетінің ашыла түсуіне сәтті қадамдар жасалды. Ал 2004 жылы бастау ал­ған «Мәдени мұра» бағ­дар­ла­масы аясында Қазақстан аума­­ғындағы тарихи-мәдени ескерт­­­кіштер мен нысандар жаң­ғырып, жаңа заманауи мәдени нысандар дүниеге келді. Ерекше бір белес болған 2013 жылы «Ха­­лық − тарих толқынында» бағдарламасы арқасында алыс-жақын шет елдер мұрағаттары мен мұражайларында сақталған қазақ халқының тарихына ті­келей қатысы бар құжат­тарды жинап, зерттеуге қол жеткіз­дік. Қаншама баға жетпес құнды­лықтарымыз қолымызға тиіп, ғылыми ай­налымға енді. Бұл бұған дейін зерттеуші ғалымдар наза­рынан тасада қалған сан-алуан құн­дылықтармен қауы­шуымызға мүм­кіндік берді. Ел­басының осындай алдын ала дайындықтардан кейін «Енді осы­ның бәрінен де ауқым­ды және іргелі жұ­мыстарды бас­­та­ғалы отырмыз. Мен еліміз мықты, әрі жау­ап­кершілігі жо­­ға­ры Біртұтас Ұлт болу үшін бола­шаққа қалай қа­дам басатынымыз жә­не бұқаралық сананы қалай өзгер­тетініміз туралы көзқа­рас­та­рымды ортаға салуды жөн көр­дім», деген сөзінен бұл мақаланың салмағын және сол тәуелсіздікпен басталған үде­рістің тоқтаусыз, тұрақты даму үстінде болғандығын көреміз. Мақалада Елбасы ширек ға­сырлық дамуымыздың нәти­жесінде жеткен белестерімізді қо­рыта отырып, әрі қарай дамудың, ру­хани дүниеден бастауынан бұл мәселеге түбегейлі көзқараспен келгендікті көреміз. Болашаққа деп құрылатын ұлттық бағыт-бағ­дарымызды жан-жақты, те­рең­нен қарастырады. Арнайы тоқ­талып кеткен сананы жаң­ғыртудың бағыттары біздің бұған дейінгі көзқарастарымызға, жұмыс стилімізге, орындау тетік­теріне елеулі түзетулер мен қосым­ша­лар енгізеді деп білемін. Се­бебі, бәсекеге қабілеттілік, праг­матизм, ұлттық бірегей­лікті сақтау, білім­нің салтанат құруы, Қазақ­станның ре­волюциялық емес, эволю­ция­лық дамуы, Сана­ның ашық­тығы секілді бағыттардан елі мен жерінің көркеюіне белсенді атса­лысатын азаматтар үшін мол мүм­кіндіктер бар. Бәрімізді ауқым­ды жұмыстар күтіп тұр. Тек көзін тауып тың­ғылықты да тия­нақтылықпен қойылған мін­деттерді жүзеге асыру қажет. Ол үшін мемле­кеттік деңгейде жүйелі де сауат­ты ойластырылған жұмыс жос­пары, сол жоспарды жүзеге асырудағы бақылап отыратын ар­найы мекеменің тұрақты жұ­мыс істеуі қажет деп білеміз. Ұлттық рухани құндылықты жасайтын жазушылар, клас­си­ка­лық музыка майталмандары, суретшілер және кино сала­сы­ның қайраткерлері, жалпы өнер саласының шеберлері үшін мақалада назар аударатын тұс­тарын баса көрсетеміз. «Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақ­стандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз. Әлем бізді қара алтынмен немесе сырт­қы саясаттағы ірі бастамалары­мызбен ғана емес, мәдени жетіс­тіктерімізбен де тануы керек», деген Елбасының ойы мен бел­гіленген тапсырмаларының ұлт­тық мәдениетті дамытудағы орны, оны ұлттық бренд ретінде әлемге насихаттау ісіне жаңа серпін алары анық. Мақаладағы нақты тапсыр­маның бірі – ұлттық өнер мен мәдениет саласындағы үздіктерді әлемге таныту. Ол үшін, алдымен төл туындыларды қазақ тілінен жетекші әлем тілдеріне сапалы аудару керек. Өте жақсы бастама. М.Әуезов атын­дағы Әдебиет және өнер инс­титутында осыдан екі жыл бұрын грузин елінен келген әріп­тесіміздің еліндегі аударма орта­лығының жетістіктері мен іс-тәжірибесінің тиімділігін біліп, бізге де арнайы аударма орталығы қажеттігін айтып жүре­тінбіз. Бұл бастамаларды жүзеге асыру үшін арнайы жұмыс топтары құрылып, жұ­мыстар басталып кет­ті деп естідік. Төрт не­гізгі сала бойынша, яғни әде­биет, клас­си­калық музыка, сурет және кино туындылары ішінен үздіктерін таңдап, шет тілдеріне аударылатын болады деп күтілуде. Тек, бұл науқандық жұмыс болып қалмай, тұрақты жұмыс комиссиясының ұзақ жыл­­дарға баратын жүйелі түрде іс­­керлікпен түзілген жұ­мысы болуы керек. Шет тіліне аударылатын көр­­кем туындылар еліміздің да­му кезеңдерін, ұлттық болмы­сымызды ашатын сүйекті туын­дылар болуы заңдылық. Ши­­­рек ғасыр – тәуелсіздік ке­зеңі дүниеге алып келген шы­ғар­малар ішінен үздіктері таң­далынуы керек. Ал қай автор, қандай шығармалар деген мә­селеде бірінші кезекте шынайы көркемдік деңгейі мен сапасына мән беріледі. Бұған дейінгі қазақ драматургиясының шет тіліне ауда­рылу сапасы мен тәжірибесіне назар салсақ, бізде аударма жасау тәжірибесі «қалып­таспаған, жоқ» деген пікір қалыптастыратын өте өзек­ті мәселеге кезігеміз. Ол тіпті орыс тіліне аударуда да драматур­гия тілін, сахнаға қажетті тілдің тамырын дөп басып таба алмай жатуымыз. Өзге тілден қа­зақшаға жақсы аударамыз. Оны кезінде М.Әуезовтің, тағы басқа қаламгерлеріміздің Шекспир, Островский, Чехов секілді әлем, орыс драматургтерінің пьесаларын қазақша сөйлетуінің тамаша үлгілерінен білеміз. Ал өзіміздікін шет тіліне аударуда күні бүгінге дейін орны толмас олқы­лық, «әттеген-айлар» болатын. Кәсіби аудармашы мамандарымыз бар, бірақ жанр ерекшелігін шеберлікпен ашатындай жоғары деңгейде емес. Поэзияның, прозаның өзіне тән көркем тілі, ырғағы болатыны секілді, күрделі жанр драматур­гияны орысша, ағылшынша жа­тық, заманауи үлгіде аударыпты деген жаңалықты армандаумен келе­міз. Саланың сапалы аударма­шыларын дайындау арқылы, көркемдік деңгейі жоғары қазақ автор­ларының шығармалары шет ­ел оқырмандары мен көрермендеріне жете алады. Ауда­рылған шығармалар өзінің түп­нұсқадағы әдеби көркемдік құн­дылығы мен құнарлы тілдік ерек­шелігін, ұлттық болмыс-біті­мін жоғалтпауы керек. Жұмыс тобы мен сарапшылар іріктеп алған үздік шығармалар осы жыл­дың екінші жартысында бүкілхалық­тық талқылауға ұсынылады деп күтілуде. Қазақ оқырмандары әлем­­­дік мәдениеттің мұхитына қосы­­луға лайық деген қазақ авторларының шығармаларына дауыс беру арқылы іріктеп, оны әрі қарай ұлттың болмысын ашатын көркем туынды етіп қалып­тастыруда өзде­рінің белсенділігін танытады деп білемін. Елбасы мақаласында еліміздің жаңа технологияларға, жаңа әлем­дік саяси-экономикалық ахуал­ға негізделген мүлдем жаңа та­­­ри­хи кезеңге аяқ басқанын ай­­­­­та келе, Біртұтас Ұлт болу үшін қандай қасиеттерге ие болып, қандай міндеттерді еңсеру қа­­жеттігі жөнінде кеңінен ой толғаған. Заман талабына сай ке­шегі мен бүгінгіні орнымен бай­­ланыстырып, ұлттың рухани кодына арқа сүйеу керектігі көр­сетіледі. Белгілі жазушы, қоғам қайраткері Алдан Смайыл ағамыздың жа­қын­да «Егемен Қазақстан» газе­тінде жарияланған «Ұлттық дәс­түр − тарих жазған Ата Заң» атты мақаласында «Ұлт­тық код деге­німіз не?» деген сұрақ қоя отырып, «ол – ең алдымен, ана тілі, содан кейін өнер мен мәдениет, салт-дәстүр, ата-баба ұстанған дін. Бұлар жинақтала келіп ұлт­тық мінез бен ұлттық қасиетті қалып­тастырады», дей­­ді. Рухани құндылықтарды қа­лыптастыруда баршамыз үшін қас­терлі салт-дәстүріміз, тіліміз, мәдениетіміз, дінімізді құрметтеп, заманға сай дамыту арқылы қазақтың қазақ екендігін әлемге танытуға болатынын Елбасы мақаласы орнымен, тиянақты етіп көрсетіп берген. Ұлттық құндылықтарымызды сақтау арқылы ана тілімізге құр­мет, ұлттың жаңғыруы, жас­тарымызды дұрыс тәрбиелеу, дінімізді қадірлей білу тәрізді мәселелермен қатар, қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің өзекті тұстарының бәрінде бүгінгі күннің маңызды проблемаларын сөз етеді. Бұл орайда мамандар көршілес елдердің тәжірибесін зерттеудің қажеттілігін алға тарта отырып жұмыс істеу орнымен болмақ. Түрік, әзербайжан, түрікмен, өзбек ағайындардың салған жолындағы жетістіктері мен кемшін тұстарын ескере отырып шешу көп түйінді мәселені жеңілдетпек. Сонымен қатар, жаңа әліпбиге көшпес бұрын қазақ тілінің заңдылықтарын ес­керу, нақты істерді қолға алу, тиімді әдістемелерге мән беру, түркі әлемімен тұтас болудың алғаш­қы қадамын жасау жайына назар аударды. Біртұтас Ұлт болу мәселесі де бізді көптен толғандырып келеді. Ұлттық бірлік пен бірегейлікті сақтауда қазақтың мүддесін бірінші шепке шығаруды тұрақты назарда ұстап, өзгелерге осы идеяны түсіндіріп беруде кемшін тұстарымыз бар. Қазақ халқы негізгі мемлекет құратын халық бола тұрып, әліге дейін ұлт, диаспора, этнос деген әлемдік қауымдастық заң жүзінде мойындаған халық­аралық терминологияны орны­мен қолдана алмай келеміз. Осындай халықаралық кеңістікте қалып­тасқан құқықтық терминдер, заңдар, нормативті құжаттарды халықтың назарын аудара отырып, біз өзімізге тиесілі заңды атау­ларды сауатты түрде дәлелдей оты­­рып, өзгеге жалтақтамай ер­кін қолданысқа енгізуіміз керек. Біртұтас Ұлт болу мәселесі рес­публикада әркім өз орнын, мәртебесін анықтағаннан кейін толыққанды түрде жүзеге аспақ. Заман ұсынған озық ой-идеялармен, алдыңғы қатардағы технологиялармен қарулана отырып, ұлттық тамырдан бойға біт­кен өзіндік келбетімізді ұстап қалуымыз қажет. Бәрін тез қа­был­дауға қабілетті қазақ үшін ұлттық болмысты сақтау жолында адам санасын улайтын, теріс көзқарастағы кейбір ағымдар мен идеологияның таралымын шектеу мәселесі өткір тұр. Осыған орай тарихшы ғалымның қазақ ұлтының хал-жайын вирусқа қарсы қояр қалқаны жоқ интернетке қосылған компьютермен теңегені маған бейнелі әрі нақтылы мысал болып көрінді. Бірақ, бізде бәрі жақ­сы, көршілерімізге қарағанда барлық салада анағұрлым алдамыз деп тоқмейілсу, қазіргі, ертеңгі күнгі қоғам өміріне төне­тін қауіпті сезінбеу, келер ұрпақ алдындағы жауапсыздық та жоқ емес. Оны біз қоғамға қауіп төн­діріп, тіпті ушығып кеткен діни ағымдардың белсенді әре­кетінен, әртүрлі жастағы қоғам мүшелерінің өз-өзіне қол салуынан, өзге елдің ұстанымдарының қазақстандықтардың санасында тұрақты пікір қалыптастыруынан, т.б. мысалдардан көреміз. Бұл келтірілген мысалдар жаһандану дәуірінің барлық қоғамға таңатын көрінісі десек те, Елбасы айтқан рухани құндылықтарымызды жаңғырту арқылы болашаққа бағдарды анықтап, сенімді нық қадам жасауға болады. Басталған екен ұлы көш, жүрісіне сәттілік тілеп, жүзеге асуына бәріміз бір кісідей атсалысайық. Ойымызды қорыта келгенде, Елбасы кез келген жаңғыру­дың ең алдымен, ұлттық болмыс­қа, дәстүрдің замана сынынан сү­рінбей өткен озығына не­гіз­делуін қадап айтты. Бұл өзгерістерге үрке қарап, тек қана өткенді жырлай беруден, жаңаның бәрін қисық деп тауып, кертартпалықтан ада болуды талап етеді. Әлемнің алдың­ғы қатарлы дамыған 30 елінің тобында көрінуге бағыт ұстаған тәуелсіз Қазақ елінің алдына қойған мақсаты айқын. Олай болса, кеңестік дәуірдегі тоқырау кезеңінің үлгісімен сөз қуып, есеп беруге құмар науқаншылдықты емес, нақтылы істермен, қажымас қайрат-күш жігермен бастаған жұмысымыздың нәтижесі үшін жұмыс жасайық. Бәріне уақыт – сыншы, келешек көрсетер десек те, ұлттың рухани жаңғыруы жаңа серпілістің, биік белестерді бағындырудың, асқаралы шың­дарға көтерілудің іргетасы Елбасы Н.Назарбаевтың осы мақаласында көтерген ойларымен, қадап айтқан тапсырмаларымен берік қаланғаны анық. Бұл – Ұлы Дала төсінде сан түрлі қиындықтарды басынан өткізген тәуелсіз Қазақ елі мен халқының санасын оятатын болашаққа бағытталған көш. Бүгінгі заман талап еткен биіктен көріне отырып, болашаққа бастайтын тарихи құжат.

     

    Аманкелді МҰҚАН, өнертанукандидаты, театртанушы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты театр және кино бөлімінің меңгерушісі

    22.05.2017.


    Егемен Қазақстан газетіне сілтеме: https://egemen.kz/article/bolashaqqa-bastaytyn-tarikhi-quzhat

    М.О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ИНСТИТУТЫ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-МЕН БІРЛЕСЕ ОТЫРЫП ҒЫЛЫМИ КАДРЛАР ДАЙЫНДАЙДЫ.

    Біз Сіздерге ҚАЛЫПТАСҚАН ҒЫЛЫМИ ДӘСТҮРЛЕР МЕН ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТТАРЫН ҚАМТИТЫН АКАДЕМИЯЛЫҚ ДӘРЕЖЕНІ алудың бірегей мүмкіндігін ұсынамыз.

    Магистратура мен PhD докторантура мамандықтары:

    6М021400 – Әдебиеттану

    6D021400 – Әдебиеттану,

    төмендегі мамандану түрлері:

    6М021401 – Қазіргі Қазақстан әдебиеті

    6М021402 – Текстология

    6М021403 – Фольклортану

    6D021401 – Теория және әдеби сын

    6D021402 – Қазақ фольклоры мен ежелгі әдебиет

    Талапкерлердің құжаттарын қабылдау 20 маусым мен 29 шілде аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қабылдау комиссиясында (Мекен-жай: әл-Фараби даңғылы, 71) жүргізіледі.

    Біздің жұмысымыз жөнінде және біздегі мамандықтар туралы толық мәлімет алу үшін Сіздерді «Ғылым ордасындағы» ғылыми-зерттеу институттарына шақырамыз!

    Біздің мекен-жайымыз:

    050010, Алматы қаласы,

    Құрманғазы көшесі, 29, 2-қабат.

    «Ғылым ордасы» Сіздерге өз есігін айқара ашады!